Сингапур Республикасымен сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жұмысты ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Еуразиялық Экономикалық Кеңес комиссиясының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 26 Өкімі

      1.Сингапур Республикасымен еркін сауда туралы келісім жасаудың орындылығы туралы мәселені зерделеу жөніндегі бірлескен зерттеу тобының (бұдан әрі – бірлескен зерттеу тобы) жұмысы аяқталғаннан кейін Сингапур Республикасымен еркін сауда туралы келісім жасау туралы келіссөздерді бастау орынды деп саналсын.

      2.Қажет болған кезде бірлескен зерттеу тобының жұмысы кезеңінде еркін сауда туралы келісім жасауға байланысты жекелеген мәселелер бойынша Сингапур Республикасымен консультациялар жүргізілсін.

      3.Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес Сингапур Республикасымен еркін сауда туралы келісім жасау жөнінде келссөздерді бастау туралы шешім қабылдағаннан кейін жалпы келіссөз процесін Еуразиялық экономикалық комиссия тарапынан жалпы үйлестіру кезінде келссөздер жүргізуді:

      тауарлар саудасы бөлігінде – Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің келіссөз делегациясы;

      қызметтер көрсету саудасы және инвестициялар бөлігінде көлбеу уағдаластықтар бойынша – келіссөздердің ұйымдастыру мәселелерін Ресей Федерациясы үйлестіріп, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер жүзеге асырады деп айқындалсын.

      Қызметтер көрсету саудасы және инвестициялар бөлігінде ерекше міндеттемелер бойынша келіссөздерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер жүргізеді.

      4.Келіссөз процесі тауарлар, қызметтер көрсету және инвестициялар бойынша теңгерімделген уағдаластықтарға қол жеткізілген кезде аяқталады деп айқындалсын.

      5.Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерінен Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп, қажет болған кезде бұл мәселені сингапурлық тараппен пысықтап, болашақ келісімнің форматын айқындау жөнінде консультациялар өткізу сұралсын.

      6.Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан
В. Габриелян

Беларусь Республикасынан
В. Матюшевский

Қазақстан Республикасынан
А. Мамин

Қырғыз Республикасынан
О. Панкратов

Ресей Федерациясынан
И. Шувалов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады