2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес актілерді және халықаралық шарттарды әзірлеудің жұмыс жоспарының және 2015 жылғы 1 қаңтардағы Беларусь Республикасының Президенті А.Г.Лукашенконың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларына үндеуінде жазылған Беларусь төрағалығының басымдықтарын іске асыру жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссияның іс-қимылдар жоспарының орындалу барысы туралы ақпараты назарға алына отырып:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия:
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес актілерді және халықаралық шарттарды әзірлеудің жұмыс жоспарының және 2015 жылғы 1 қаңтардағы Беларусь Республикасының Президенті А.Г.Лукашенконың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларына үндеуінде жазылған Беларусь төрағалығының басымдықтарын іске асыру жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссияның іс-қимылдар жоспары шеңберінде құжаттар әзірлеу жұмысын жалғастырсын;
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысында көрсетілген жұмыс жоспары мен іс-қимылдар жоспарының орындалу барысы туралы баяндасын.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |