Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт жобасын дайындау мерзімдері туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2016 жылғы 20 мамырдағы № 11 Өкімі

            2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 16-бабына сәйкес:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия:

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерімен бірлесіп, 2016 жылғы 28 қазанға дейін қол қою қажеттілігіне байланысты Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт жобасын дайындауды аяқтауды қамтамасыз етсін;

      Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт жобасын дайындау барысы туралы баяндасын.

      2. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады