Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органдарының өзара іс-қимыл жасауының тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды қолдану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 наурыздағы № 2 ұсынымы

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында келісілген саясат жүргізу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 13 қосымша) 6-тармағын іске асыру және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласында келісілген саясат жүргізуі мақсатында

      қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жарияланған күннен бастап Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органдарының өзара іс-қимыл жасауының тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органдарының өзара іс-қимыл жасауының тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды қолдануды ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 22 наурыздағы
№ 2 ұсынымына
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органдарының өзара іс-қимыл жасауының тиімділігін арттырудың НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органдарының (бұдан әрі тиісінше – уәкілетті органдар, мүше мемлекеттер, Одақ) өзара іс-қимыл жасауының негізгі мақсаты мүше мемлекеттер тұтынушыларының құқықтарын қорғау деңгейін арттыру болып табылады, соның нәтижесінде:

      а) тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғау;

      б) сапасыз, контрафактілі, жалған және тұтынушылардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және қоршаған ортаға қауіпті тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізу тәуекелдерін барынша азайту;

      в) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудің) сапасына тұтынушылардың сенімін арттыру арқылы адал бәсекелестікті дамыту;

      г) қауіпсіз, сапалы, энергия тиімді тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өндіру және өткізу үшін жағдай жасау мақсатында мүше мемлекеттердің аумағында өндірілетін өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бақылауға қойылатын талаптарды оңтайландыру;

      д) дауларды сотқа дейінгі (претензиялық) қарау жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру;

      е) тұтынушылардың құқықтарын қоғамдық қорғау механизмін жетілдіру;

      ж) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында білікті кадрлар даярлау;

      з) тұтынушылық және кәсіпкерлік қоғамдастықтардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру қамтамасыз етіледі.

      2. Уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл жасауының негізгі бағыттары:

      а) мүше мемлекеттердің тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасын жетілдіру, соның ішінде халықаралық тәжірибені ескере отырып жетілдіру;

      б) қауіпсіз, сапалы, энергия тиімді тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өндіру және өткізу үшін дайындаушылар мен сатушыларды ынталандыру жүйесін құру;

      в) сапасыз, контрафактілі, жалған және тұтынушылардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және қоршаған ортаға қауіпті тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізудің анықталған фактілері туралы, осындай тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуді болғызбау және жолын кесу бойынша қолданылатын шаралар туралы және мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің тұтынушылардың құқықтарын бұзуы туралы ақпарат алмасу;

      г) сапасыз, контрафактілі, жалған және тұтынушылардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және қоршаған ортаға қауіпті тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізудің анықталған фактілері туралы, осындай тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуді болғызбау және жолын кесу бойынша қолданылатын шаралар туралы және мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің тұтынушылардың құқықтарын бұзуы туралы жедел ақпарат алмасу механизмін құру;

      д) Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен Одақ шеңберіндегі процестерді іске асыру кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл жасау жүйесін құру;

      е) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша, соның ішінде тауарлармен (жұмыстармен, қызметтер көрсетумен) электрондық сауда практикасын кеңейтуді ескере отырып, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету;

      ж) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында сараптамалық жұмысты жүзеге асыратын мүше мемлекеттер ұйымдарының бірыңғай базасын құру және жаңа, сараптамалық ұйымдар игермеген зерттеулер түрін жүзеге асыру мүмкіндігі туралы ақпарат беру;

      з) тұтынушылардың құқықтарын қоғамдық қорғау механизмін дамыту үшін жағдай жасау болып табылады.

      3. Осы Негізгі бағыттарды іске асыру шеңберінде уәкілетті органдардың мүше мемлекеттерде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін мониторингтеуді жүргізуі орынды болады, оның барысында:

      а) мүше мемлекеттердің тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      б) тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы халықаралық заңнаманы талдау;

      в) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мүше мемлекеттердің құқық қолдану практикасын талдау;

      г) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мүше мемлекеттердің сот практикасын талдау;

      д) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халыққа ақпарат беру жөніндегі ұлттық жүйелердің жұмысын талдау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      е) мүше мемлекеттердің тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында белгіленген міндетті талаптардың бұзылуын анықтауға және жоюға бағытталған шаралардың қолданылуын талдау;

      ж) кемшіліктері бар тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) және қауіпті тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) сатып алуға және пайдалануға не тұтынушыларға тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) туралы ақпаратты уақытылы, толық ұсынбауға, анық емес немесе жаңылыстыратын ақпарат беруге байланысты тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға және тұтынушылардың мүлкіне зиян келтіру жағдайларын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы статистикалық бақылау нәтижелерін талдау;

      е) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері мен уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл жасауының тиімділігін талдау жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады