Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "бірыңғай терезе" механизмін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру кезінде пайдаланылатын терминдердің глоссарийі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 30 тамыздағы № 14 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 19 шешімімен бекітілген Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "бірыңғай терезе" механизмін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының ХІІ бөлімінің 5.1-тармағын орындау және "бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерін іске асыру кезінде терминологиялық аппаратты бірыңғай түсіндіруді қалыптастыру мақсатында

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жарияланған күннен бастап Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында http://www.eurasiancommission.org/ru/ act/tam_sotr/edinoe_okno/Pages/glossary.аspx.адресі бойынша орналастырылған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 68 шешімімен бекітілген Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "бірыңғай терезе" механизмін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру кезінде пайдаланылатын терминдердің глоссарийін басшылыққа алуды ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады