Тауарларды үшінші елдердің нарықтарына жылжыту мақсатында жеңіл өнеркәсіп өнімін өндірушілерді қолдау жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 26 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 3 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жеңіл өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2015 – 2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 11-тармағын, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 9 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында Өнеркәсіптік ынтымақтастық туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 27 қосымша) 2-тармағы 2-тармақшасының екінші абзацына, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 29 мамырдағы "Экспортты дамытуға бағытталған шаралар туралы" № 2 шешіміне сәйкес

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өндіретін, cоның ішінде бірлескен өнім өндірудің технологиялық кооперациялық тізбектері шеңберінде өндіретін жеңіл өнеркәсіп өнімінің (бұдан әрі – жеңіл өнеркәсіп өнімі) экспортын дамыту, сондай-ақ жоғары технологиялы экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту үшін жағдайлар жасау қажеттігін назарға ала отырып,

      мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жарияланған күннен бастап:

      1. Тауарларды үшінші елдердің нарықтарына жылжыту мақсатында жеңіл өнеркәсіп өнімін өндірушілерді қолдау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және іске асыру кезінде қосымшаға сәйкес ұсынымдық жоспарды назарға алуды,

      2. Еуразиялық экономикалық комиссияға:

      а) 2017 жылғы 1 шілдеге дейін:

      Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жариялау үшін экспорттаушыларға ақпараттық-консультациялық жәрдемдесудің мүше мемлекеттерде бар интернет-сервистері туралы, мүше мемлекеттерде өткізілетін көрме-жәрмеңке іс-шаралары, бизнес-миссиялар мен жеңіл өнеркәсіп өнімінің мамандандырылған көрмелері туралы ақпарат;

      Еуразиялық экономикалық одақ органдарының жеңіл өнеркәсіп тауарларын үшінші елдердің нарықтарына жылжыту жөніндегі бірлескен шараларды мүше мемлекеттердің, қажет болған кезде Еуразиялық экономикалық комиссияның қатысуымен әзірлеуі және іске асыруы жөніндегі актілерін қабылдау бойынша ұсыныс;

      б) Еуразиялық экономикалық комиссияның қалыптастыруы және оны кейіннен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қарауына ұсыну үшін 2017 жылғы 1 қазанға дейін – 2018 жылға арналған көрме-жәрмеңке іс-шараларының, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілердің бизнес-миссияларының бірлескен бағдарламасы туралы ұсыныс жіберуді ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 26 ұсынымына
ҚОСЫМША

Тауарларды үшінші елдердің нарықтарына жылжыту мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жеңіл өнеркәсіп өнімін өндірушілерін қолдау жөніндегі іс-шаралардың 2017 – 2020 жылдарға арналған ҰСЫНЫМДЫҚ ЖОСПАРЫ

Іс-шара Іске асыру нысаны

1. Дүниежүзілік сауда ұйымының нормалары мен қағидаларына және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ережелеріне сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) ұлттық кредиттік агенттіктерімен, қаржылық даму институттарымен және халықаралық даму банктерімен бірлесіп, жеңіл өнеркәсіп өнімін өндірушілерді қаржылай қолдау механизмдерін, олар үшін қаржылық қызметтер көрсетудің, сондай-ақ өзге де қызметтер көрсету мен технологиялардың қолжетімділігін кеңейту жөнінде шаралар қабылдау мүмкіндіктерін, мыналарды:

мүше мемлекеттердің актілері

әлемдік сапа стандарттарына сәйкес келетін жеңіл өнеркәсіп өнімін өндіретін шағын және орта кәсіпкерліктің шаруашылық субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін қолдау үшін инфрақұрылымды дамытуды экспортқа беру үшін шетелдік тапсырыс берушілердің қатысуымен халықаралық брендтердің тігін және аяқкиім өнімінің келісімшарттық өндірісін дамытуды ынталандыруды мыналармен:
мүше мемлекеттердің сауда таңбаларын (қызметтер көрсетуді, технологияларды) үшінші елдердің нарықтарына жылжытумен, халықаралық көрме-жәрмеңке және экспозиция қызметімен (көрме жабдығын жалға алу мен жәдігерлерді жеткізуді қоса алғанда) жыл сайынғы ұлттық көтерме жәрмеңкелердегі тоқыма және жеңіл өнеркәсіпке арналған тауарлар мен жабдықтарды қатыстырумен жеңіл өнеркәсіптің жаңа өнімін әзірлеумен, оның сапасын көтерумен және жаңа технологияларды енгізумен, үшінші елдердің маркетингтік зерттеулерін жүргізумен үшінші елдердегі жеңіл өнеркәсіп өнімінің сәйкестігін растаумен байланысты жеңіл өнеркәсіп өнімін өндірушілердің шығындарына өтемақыны кредиттік-сақтандыру және кепілдік қолдаудың, экспорттық қаржыландырудың ерекше шарттарын, сондай-ақ факторингтің қызметтер көрсетуін, үшінші елдерде мүше мемлекеттердің бірлескен сауда желілерін құру жөніндегі қызметке, соның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарымен инвестициялық кредит беруді де көздейтін мамандандырылған қаржылық бағдарламаларды жасау мен дамытуды қоса алғанда, айқындау


2. Мүше мемлекеттердің жеңіл өнеркәсіп өнімін өндірушілерінің, әсіресе шағын және орта кәсіпкерліктің шаруашылық субъектілерін ақпараттық-консультациялық және ұйымдық қолдау мүмкіндіктерін, соның ішінде:
электрондық сауда алаңдарына, соның ішінде цифрлық технологияларды және халықаралық пошта сервистерін пайдалана отырып, электрондық сауда алаңдарына шығу мәселелері бойынша тәжірибе алмасу және жеңіл өнеркәсіптегі өнеркәсіп дизайны технологияларын қолданудың үздік халықаралық практикалары, компьютерлік технологияларды пайдалануды қоса алғанда, тігін саласындағы инновациялар мен тенденциялар туралы ақпарат ұсыну мәселелері бойынша мүше мемлекеттердің жеңіл өнеркәсіп өнімінің үшінші елдердің нарықтарына қолжетімділігі үшін кедергілерге қатысты мәселелер бойынша ақпараттық-консультациялық және ұйымдық қолдау мүмкіндіктерін айқындау

мүше мемлекеттердің актілері


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады