Тауарларға декларация толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 20 маусымдағы № 68 шешімі

      Кеден одағы Кеден кодексінің 180-бабы 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға декларация толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Өзгерістердің 3-тармағында көзделген ережелер (осы Шешімге қосымша) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 20 маусымдағы
№ 68 шешіміне
ҚОСЫМША

Тауарларға декларация толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 15-тармақтың 45-тармақшасында:

      а) төртінші абзацта (кестеден кейін) "Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген валюта курсы бойынша қайта есептелген ұлттық валютада," деген сөздер алып тасталсын;

      б) бесінші абзацта (кестеден кейін) "*EURO" сөзі алып тасталсын;

      в) тоғызыншы абзац (кестеден кейін) алып тасталсын;

      г) жиырма жетінші абзацта (кестеден кейін) "және Қазақстан Республикасында" деген сөздер алып тасталсын;

      д) жиырма сегізінші абзац (кестеден кейін) "Беларусь Республикасында," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасында," деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Жиырма төртінші абзацтың 18-тармағының 2-тармақшасының мәтіні бойына (кестеден кейін) тиісті септіктегі "алушы" деген сөз тиісті септіктегі "жөнелтуші" деген сөзбен ауыстырылсын.

      3. 25-тармақтың 4-тармақшасында:

      а) он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Графа толтырылмайды:";

      б) он үшінші абзацта "дайындалған" деген сөз "Армения Республикасында, Беларусь Республикасында және Ресей Федерациясында дайындалған тауарларды декларациялау кезінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) он төртінші абзацта "дайындалған" деген сөз "Ресей Федерациясында дайындалған тауарларды декларациялау кезінде" деген сөздермен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады