Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестер тізбесіне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 11 шілдедегі № 86 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 9-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестер тізбесі мынадай мазмұндағы ХІХ бөліммен толықтырылсын:

      "XІХ. Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші тараптармен халықаралық шарттарына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдер арасындағы ақпарат алмасумен байланысты процестерді ақпараттық қамтамасыз ету

76. Тауарлардың шығарылған жерін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдер арасындағы электрондық ақпарат алмасуды іске асыруды қамтамасыз ету

2017 ж.
IV тоқсан.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады