Тауарларға декларация толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 18 шілдедегі № 91 шешімі

      Кеден одағының Кеден кодексінің 180-бабы 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға декларация толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 15-тармақтың 29-тармақшасының қырық сегізінші абзацында (кестеден кейін) "соңғы нөмірі" деген сөздер "соңғы нөмірлері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) 18-тармақтың 14-тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Ресей Федерациясында 10 нөмірі бақылау белгілерімен таңбалауға жататын және экспорт, уақытша әкелу және реэкспорт кедендік рәсімдеріне орналастырылған тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлар үшін, егер мұндай тауарларға бақылау (сәйкестендіру) белгілері салынған болса – салынған бақылау (сәйкестендіру) белгілерінің саны және қос нүктеден кейін бос жолсыз "," айырғыш белгісі арқылы – олардың сәйкестендіру нөмірлері (сәйкестендіргіштер) көрсетіледі.

      Салынған бақылау (сәйкестендіру) белгілерінің ретімен берілген сәйкестендіру нөмірлері (сәйкестендіргіштер) сәйкес диапазонның бірінші және соңғы нөмірлерін "-" айырғыш белгісін қою арқылы көрсетіледі;".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады