Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 434-бабының 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған:
Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы өтініштің нысаны;
Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы өтініш нысанын толтыру тәртібі;
Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
2. Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы өтініш электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде беріледі деп белгіленсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы 2017 жылғы 11 сәуірдегі шарт күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 128 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы өтініш
НЫСАНЫ
Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы
ӨТІНІШ
_____________________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық және қысқартылған (бар болған жағдайда) атауы)
_________________________________________________________________________________________
(СТЕН (Армения Республикасы үшін), СТЕН (Беларусь Республикасы үшін), БСН (Қазақстан Республикасы үшін),
СТСН (Қырғыз Республикасы үшін), СТСН/ЕҚСК (Ресей Федерациясы үшін))
куәлік (куәліктер) беріп, оны уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) енгізуді сұрайды
бірінші | екінші | бірінші және екінші | үшінші |
типті (типтер) және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 433-бабында белгіленген талаптардың орындалуын растайтын мәліметтерді мәлімдейді.
I. Жалпы мәліметтер
№ р/с | Тізілімге енгізу талабы | Мәні немесе талаптардың сақталуы туралы белгі | Ең төменгі мән | ||
1 | 2 | 3 | 4 | ||
1 | Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру, жыл | 3 | |||
Кеден ісі саласындағы қызметті мыналар ретінде жүзеге асыру: | |||||
кеден өкілі, жыл | 3 | ||||
уақытша сақтау қоймасының иесі, жыл | |||||
кеден қоймасының иесі, жыл | |||||
кедендік таcымалдаушы, жыл | 2 | ||||
соның ішінде: | |||||
1.1 | тауарларды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті қоспағанда, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде, әрбір жыл үшін тауар декларациялары тапсырылған, дана | 10* | |||
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілген тауарлардың соммалық құны әрбір жыл үшін еуромен сомаға эквивалентті шаманы құрайды** | 500 000* | ||||
1.2 | тауарларды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету бойынша сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде әрбір жыл үшін транзиттік декларациялар тапсырылды, дана | 250 | |||
1.3 | кеден ісі саласындағы қызметті кеден өкілі ретінде жүзеге асыру кезінде әрбір жыл үшін кедендік декларациялар тапсырылды, дана | 200* | |||
тапсырылған кедендік декларацияларға мәлімделген тауарлардың соммалық құны әрбір жыл үшін еуромен сомаға эквивалентті шаманы құрайды** | 500 000* | ||||
1.4 | кеден ісі саласындағы қызметті уақытша сақтау қоймаларының, кедендік қоймалардың иесі ретінде жүзеге асыру кезінде соммалық құны әрбір жыл үшін евромен сомаға эквивалентті шаманы құрайтын тауарларды сақтау жүзеге асырылды** | 500 000* | |||
1.5 | кеден ісі саласындағы қызметті кедендік тасымалдаушы ретінде жүзеге асыру кезінде әрбір жыл үшін транзиттік декларациялар тапсырылды, дана | 250 | |||
2 | Уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін атқаруды мынадай тәсілдермен қамтамасыз ету жоспарланады (егер қамтамасыз етуді ұсыну туралы талап тізілімге енгізу үшін міндетті болып табылатын болса толтырылады)*** | ||||
2.1 | еуромен сомаға эквивалентті сомада ақшалай қаражатты (ақша) салу | Кодекстің 436-бабында белгіленген мән | |||
2.2 | еуромен сомаға эквивалентті сомаға банк кепілдігі | ||||
2.3 | еуромен сомаға эквивалентті сомаға кепілгерлік | ||||
2.4 | еуромен сомаға эквивалентті сомаға мүлік кепілі | ||||
2.5 | 2.5.1 |
міндеттерді атқаруды өзге де тәсілмен қамтамасыз ету (көрсету):____________ | |||
2.5.2 |
міндеттерді атқаруды өзге де тәсілмен қамтамасыз ету (көрсету):____________ | ||||
3 | Барлық Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімақыларды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндет жоқ | – | |||
4 | Өтініш беруші тіркелген мүше мемлекеттің салықтар және алымдар туралы заңнамасына (салық заңнамасына) сәйкес қарыз (берешек) жоқ | – | |||
5 | Барлық мүше мемлекеттерде өтініш берушіні 1 жыл ішінде әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту, мүше мемлекеттердің заңнамасымен тізілімге енгізуден бас тарту үшін негіз ретінде белгіленген бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тарту фактілері жоқ | – | |||
6 | Барлық мүше мемлекеттерде өтініш беруші акцияларының 10 және одан көп пайызын иеленетін акционерлері, оның құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын мүше мемлекеттердің жеке тұлғаларын олар бойынша өндіріс кеден және өзге де мемлекеттік органдардың жүргізуіне жатқызылған қылмыстар немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту, оларды жасағаны үшін жауапкершілікке тарту мүше мемлекеттердің заңнамасымен тізілімге енгізуден бас тарту үшін негіз ретінде белгіленген фактілер жоқ | – | |||
7 | Өтініш берушінің тауарларын есепке алу жүйесі мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасымен белгіленген талаптарға жауап береді, кедендік операцияларды жүргізу кезінде кеден органдары ұсынған мәліметтерді шаруашылық операцияларды жүргізу туралы мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік береді және кеден органдарының осындай мәліметтерге қолжетімділігін (соның ішінде қашықтықтан) қамтамасыз етеді | – | |||
8 | Кодекстің 433-бабының 7-тармағында көзделген тізілімге енгізуге үміткер заңды тұлғаның қаржылық орнықтылығын және қаржылық орнықтылықты сипаттайтын және осы тізілімге енгізу үшін қажетті мәндерді анықтау тәртібіне сәйкес есептелген өтініш берушінің қаржылық орнықтылығының жиынтық көрсеткіші, балл | 50 | |||
9 | Тауарларды уақытша сақтауға арналған құрылыстар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар (ашық алаңдардың бөліктері) өтініш берушінің: | ||||
9.1 | меншігінде | – | |||
9.2 | шаруашылық жүргізуінде | – | |||
9.3 | жедел басқаруында | – | |||
9.4 | шарт бойынша кемінде 1 жыл мерзімге жалға алынған | – | |||
10 | Аумағында тауарларды уақытша сақтау, кедендік транзиттің кеден рәсімдерін аяқтау жүзеге асырылатын және (немесе) кедендік бақылау жүргізілетін құрылыстарға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарға (ашық алаңдардың бөліктеріне) қойылатын, өтініш берушінің көлік құралдарына және жұмысшыларына қойылатын Кодекстің 433-бабы 3-тармағының 4-тармақшасында көзделген талаптар сақталады | – | |||
11 | Өтініш беруші тізілімге енгізілді (өтініш берілген сәтте енгізу кезеңі): | ||||
11.1 | бірінші типтің куәлігін беріп, жыл | 2 | |||
11.2 | екінші типтің куәлігін беріп, жыл | ||||
11.3 | Кеден одағының Кеден кодексіне сәйкес куәлікті беріп, жыл | ||||
11.4 | екінші немесе үшінші типтің куәлігін беріп | – | |||
12 | Өтірін берілген күнге дейін 1 жыл ішінде тізілімнен шығару фактісі жоқ | – |
__________________________
* Кеден органына өтініш берілетін мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасымен Кодекстің 433-бабына сәйкес өзге де ең төмен мән белгіленуі мүмкін.
** Мүше мемлекеттің орталық (ұлттық) банкі бекіткен өтініш берілген күні қолданыстағы валюта курсы бойынша есептеледі.
*** Егер мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасымен уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін атқару Кодекстің 436-бабының 6-тармағына сәйкес белгіленген тәсілмен (тәсілдермен) қамтамасыз етілетін болса, қамтамасыз ету тәсілін таңдау осы мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген тәсілдерден ғана жүзеге асырылады.
II. Мүше мемлекеттердің өтініш берушінің акцияларының 10 және одан көп пайызын иеленетін акционерлері, оның құрылтайшылары
(қатысушылары), басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғалары туралы мәліметтер
№ р/с | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (жеке басты куәландыратын құжатқа сәйкес) |
Туған күні және жері |
Өтініш берушіге қатысы | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | ||||
2 |
III. Қаржылық орнықтылық көрсеткіштерінің және қаржылық орнықтылықтың жиынтық көрсеткішінің мәндері туралы мәліметтер
№ р/с | Көрсеткіштің атауы |
Көрсеткіш-тің 3 жылға орташа мәні |
Көрсеткіш-тің | Көрсеткіш-тің мәні баллдық жүйеде |
Көрсеткіш-тің нақты маңызы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Таза активтердің көлемі | 30 | |||
2 | Жарғылық капиталдық көлемі | 10 | |||
3 | Негізгі құралдардың қалдық құны | 10 | |||
4 | Автономия коэффициенті | 0,30 | 10 | ||
5 | Жалпы (ағымдағы) өтімділігінің коэффициенті | 1,00 | 10 | ||
6 | Меншікті капиталдың рентабельділігі, пайыз | 5,00 | 5 | ||
7 | Қаржылық орнықтылық коэффициенті | 0,60 | 15 | ||
8 | Ағымдағы қызметтің меншікті айналымдағы активтермен қамтамасыз етілу коэффициенті | 0,10 | 5 | ||
9 | Меншікті капиталдың маневрлігі коэффициенті | 0,20 | 5 | ||
10 | Тізілімге енгізуге үміткер заңды тұлғаның жиынтық көрсеткіші (ең азы 50 балл) |
IV. Тауарларды уақытша сақтауға арналған құрылыстар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар (ашық алаңдардың бөліктері) туралы мәліметтер
№ р/с | Объектінің орналасқан жерінің мекенжайы | Меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алуда болатынын растайтын құжаттың нөмірі және күні | Құжаттың (жалға алу шартының) әрекет ету мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | |||
2 |
V. Оқшауландырылған бөлімшелер және (немесе) филиалдар туралы мәліметтер
№ р/с | Оқшауландырылған бөлімшенің және (немесе) филиалдың атауы (толық және қысқартылған – бар болған жағдайда) | Оқшауландырылған бөлімшенің және (немесе) филиалдың мүше мемлекеттің салық органы (мемлекеттік кірістер органы) берген нөмірі |
1 | 2 | 3 |
1 | ||
2 |
VI. Осы өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар
№ р/с | Құжаттардың атауы | Парақтар саны |
1 | 2 | 3 |
1 | Заңды тұлғаның құрылтайшы құжаттарының көшірмелері | |
2 | Өтініш беруші тіркелген мүше мемлекеттің салық және алымдар туралы заңнамасына (салық заңнамасына) сәйкес өтініш берушінің қарызы (берешегі) жоқ екенін растайтын құжат | |
3 | Қаржылық орнықтылықтың көрсеткіштері және қаржылық орнықтылықтың жиынтық көрсеткіші мәндерін есептеуді растайтын құжаттар (құжаттардың көшірмелері) | |
4 | Мүше мемлекеттің құзыретті органы берген және өтініш беруші акцияларының 10 және одан көп пайызын иеленетін акционерлері, оның құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын мүше мемлекеттердің жеке тұлғаларын қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілерінің жоқ екенін растайтын құжаттар | |
5 | Өтініш берушіде мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасымен белгіленген талаптарға жауап беретін, кедендік операцияларды жүргізу кезінде кеден органдары ұсынған мәліметтерді шаруашылық операцияларды жүргізу туралы мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік беретін және кеден органдарының осындай мәліметтерге қолжетімділігін (соның ішінде қашықтықтан) қамтамасыз ететін тауарларды есепке алу жүйесінің бар екенін растайтын құжаттар | |
6 | Екінші немесе үшінші типті куәлікті алуға үміткер өтініш берушіде тауарларды уақытша сақтауға, кедендік транзиттің кедендік рәсімдері әрекеттерін аяқтауға және (немесе) кедендік бақылауды жүргізуге арналған құрылыстарының, үй-жайларының (үй-жайлары бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдарының (ашық алаңдар бөліктерінің) болуын растайтын құжаттардың көшірмелері | |
7 | Өзге де құжаттар |
______________________ | ______________________ | ______________________ |
(өтініш беруші басшысының лауазымы) | (өтініш берушінің қолы) | (өтініш берушінің Т.А.Ә.) |
"__" _________ 20__ ж. |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 128 шешімімен |
|
БЕКІТІЛГЕН |
Уәкілетті экономикалық операторлар тіліміне енгізу туралы өтініш нысанын толтыру
ТӘРТІБІ
1. Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы өтініште (бұдан әрі тиісінше – өтініш, тізілім) тізілімге енгізуге үміткер заңды тұлғаның (бұдан әрі – өтініш беруші) құрылтайшы құжаттарға сәйкес толық және қысқартылған атауы (бар болған жағдайда), сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) салық органы (мемлекеттік кірістер органы) берген нөмірі көрсетіледі.
2. Өтініш беруші тиісті өрісте "" белгісін көрсету арқылы куәліктің сұрау салынған типі нұсқаларының бірін таңдайды, бұл ретте басқа өрістерде "" бос белгісі қойылады.
3. Өтініштің І бөлімінде кестенің 3-графасында:
1 (соның ішінде 1.1 – 1.5-тармақшаларда), 2, 8-тармақтарда және 11.1 – 11.3-тармақшаларда – тізілімге қосу талаптарының сақталуын растайтын мәндер;
3 – 7, 9, 10-тармақтарда, 11.4-тармақшада және 12-тармақта – тізілімге енгізудің тиісті талаптарының сақталуын растау кезінде "" белгісі түрінде талаптардың сақталуы туралы белгілер көрсетіледі.
Өтініш беруші өтініштің І бөлімінің 1 (соның ішінде 1.1 – 1.5-тармақшаларда), 2, 9-тармақтарда және 11.1 – 11.3-тармақшаларда көрсетілген тізілімге енгізудің екі және одан көп талаптарын орындаған кезде кестенің 3-графасында осы тармақтар мен тармақшалардың әрқайсысында тиісті мән немесе талаптың сақталуы туралы белгі көрсетіледі.
Мәндер болмаған кезде, сондай-ақ куәліктің сұрау салынған типі үшін Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 433-бабына сәйкес талап тізілімге енгізу үшін міндетті болып табылмаған жағдайда өтініштің І бөлімінде кестенің 3-графасында "" бос орын белгісі қойылады.
4. Өтінішің І бөлімінің 1.1 және 1.3-тармақшаларында кестенің 3-графасында талаптардың бірінің мәнін көрсету міндетті болып табылады, басқа талаптың мәні өтініш берушінің қалауы бойынша беріледі.
5. Өтініштің І бөлімінің 2-тармағында кестенің 3-графасында тізілімге енгізу талаптарының сақталуын растайтын мәндер егер талап тізілімге енгізу үшін міндетті болып табылатын жағдайда көрсетіледі.
Егер уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін атқару өтініштің І бөлімінің 2.1 – 2.4-тармақшаларында көрсетілгендерден және мүше мемлекеттің заңнамасында көзделгендерден ерекшеленетін тәсілдермен қамтамасыз ету жоспарланған жағдайда өтініш берілетін кеден органына осындай тәсілдер туралы ақпарат кестенің 3-графасында тиісті мәнді көрсете отырып өтініштің І бөлімінің 2.5-тармақшасында (2-графада) беріледі.
6. Өтініштің І бөлімінің 8 – 10-тармақтарында кестенің 3-графасында мәндерді немесе талаптардың сақталуы туралы белгілерді өтініш беруші екінші немесе үшінші типті куәлік берумен тізілімге енгізу туралы өтінішті беру кезінде көрсетеді.
7. Өтініштің І бөлімінің 11.1 – 11.3-тармақшаларында кестенің 3-графасында мәндер үшінші типті куәлік берумен тізілімге енгізу туралы өтініш берген кезде бірінші және (немесе) екінші типті куәлігі бар өтініш беруші немесе тізілімге енгізілген өтініш беруші Кеден одағының Кеден кодексіне сәйкес көрсетеді.
8. Екінші немесе үшінті типті куәлігі бар уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын өтініш беруші бірінші типті куәлік берумен тізілімге енгізуге өтініш берген жағдайда өтініштің І бөлімінде кестенің 3-графасында 2-трармақты және 11.4-тармақшаны ғана толтырады. Бұл ретте өтініштің II – VI бөлімдері толтырылмайды.
9. Өтініштің ІІ бөлімінде кестеде өтініш беруші акцияларының 10 және одан көп пайызын иеленетін акционерлері, оның құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын мүше мемлекеттердің жеке тұлғалары туралы мәліметтер көрсетіледі.
Бұл ретте Ресей Федерациясының заңды тұлғасы болып табылатын өтініш беруші кестенің 3-графасында тиісті тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарына сәйкес тұрғылықты жері және (немесе) келген орны бойынша тіркелген мекенжайын қосымша көрсетеді.
10. Өтініштің ІІІ бөлімінде кестенің 3, 4 (1 – 3-тармақтарында) және 6-графаларында тізілімге енгізуге үміткер заңды тұлғаның қаржылық орнықтылығын анықтау тәртібіне сәйкес есептелген қаржылық орнықтылық көрсеткіштерінің мәндері және қаржылық орнықтылықтың жиынтық көрсеткіштері және Кодекстің 433-бабының 7-тармағында көзделген қаржылық орнықтылықты сипаттайтын және осы тізілімге енгізу үшін қажетті мәндер туралы мәліметтер көрсетіледі.
Егер қаржылық орнықтылық тізілімге енгізудің міндетті талабы болып табылмайтын жағдайда кестенің 3, 4 (1 – 3-тармақтарда) және 6-графаларында "" бос орын белгісі қойылады.
11. Өтініштің IV бөлімін өтініш беруші екінші немесе үшінші типті куәлік берімен тізілімге енгізу туралы өтініш берген кезде толтырады.
Егер объектілерді өтініш беруші жалға алған жағдайда кестенің 4-графасында жалға алу шарты жасалған мерзім көрсетіледі, өзге жағдайларда "" бос орын белгісі қойылады.
12. Өтініш берушіде оқшауланған бөлімшелер және (немесе) филиалдар бар болған жағдайда олар және мүше мемлекеттердің салық органдарының (мемлекеттік кірістер органдары) оларға берген нөмірлері (мұндай нөмірлер бар болған жағдайда) туралы мәліметтер өтініштің V бөлімінде көрсетіледі. Оқшауланған бөлімшелер және (немесе) филиалдар жоқ болған жағдайда өтініштің V бөлімінде кестенің барлық графаларында "–" бос орын белгісі қойылады.
13. Өтініштің VI бөлімінде кестенің 3-графасында өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтың құжаттардың парақтары саны не, егер өтінішке тиісті құжаттар қоса берілмеген жағдайда, "–" бос орын белгісі көрсетіледі.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 128 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтініште көрсетілген
мәліметтерді растайтын құжаттар
ТІЗБЕСІ
1. Заңды тұлғаның құрылтайшы құжаттарының көшірмелері.
2. Өтініш беруші тіркелген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекеттің) салық және алымдар туралы заңнамасына (салық заңнамасына) сәйкес өтініш берушінің қарызы (берешегі) жоқ екенін растайтын құжат (мұндай құжат бар болған жағдайда өтініш берушінің қалауы бойынша ұсынылады). Беларусь Республикасының заңды тұлғасы болып табылатын өтініш беруші көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.
3. Қаржылық орнықтылықтың көрсеткіштері және қаржылық орнықтылықтың жиынтық көрсеткіші мәндерін есептеуді растайтын құжаттар (құжаттардың көшірмелері) (Беларусь Республикасының заңды тұлғасы болып табылатын өтініш беруші ұсынады).
4. Мүше мемлекеттің құзыретті органы берген және өтініш беруші акцияларының 10 және одан көп пайызын иеленетін акционерлері, оның құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын мүше мемлекеттердің жеке тұлғаларын қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілерінің жоқ екенін растайтын құжаттар (мұндай құжат бар болған жағдайда өтініш берушінің қалауы бойынша ұсынылады).
5. Өтініш берушіде мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасымен белгіленген талаптарға жауап беретін, кедендік операцияларды жүргізу кезінде кеден органдары ұсынған мәліметтерді шаруашылық операцияларды жүргізу туралы мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік беретін және кеден органдарының осындай мәліметтерге қолжетімділігін (соның ішінде қашықтықтан) қамтамасыз ететін тауарларды есепке алу жүйесінің бар екенін растайтын құжаттар (егер мұндай құжаттарды құру мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында көзделген жағдайда ұсынылады).
6. Екінші немесе үшінші типті куәлікті алуға үміткер өтініш берушіде тауарларды уақытша сақтауға, кедендік транзиттің кедендік рәсімдері әрекеттерін аяқтауға және (немесе) кедендік бақылауды жүргізуге арналған құрылыстарының, үй-жайларының (үй-жайлары бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдарының (ашық алаңдар бөліктерінің) болуын растайтын құжаттардың көшірмелері.
7. Өзге де құжаттар (өтініш берушінің қалауы бойынша ұсынылады).
Ескерту. Егер мұндай құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) олардың мәліметтерін кеден органдары ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелерден, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының (ұйымдарының) ақпараттық жүйелерінен алған болса, өтініш беруші осы тізбеде көрсетілген құжаттарды ұсынбауы мүмкін.