Статистика жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 13 ақпандағы № 13 өкімі.

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 12 мамырдағы № 42 өкімімен бекітілген Статистика жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) Консультативтік комитеттің құрамына мына адамдар енгізілсін:


      Беларусь Республикасынан


Бродов
Роман Павлович

- Беларусь Республикасы Экономика министрлігінің Макроэкономикалық талдау және болжау бас басқармасының бастығы
 

Чеканова
Людмила Владимировна

-      Беларусь Республикасы Ұлттық статистика комитетінің Халықаралық ынтымақтастық және статистикалық ақпаратты тарату басқармасының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы – Басқарма бастығының орынбасары
 

Қазақстан Республикасынан

Қалиева
Анар Нұрдыбайқызы

-      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қаржылардың есептілігі мен статистикасы департаментінің директоры
 

Керімханова
Гүлнар Мамырбайқызы

-      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары
 

 

Қырғыз Республикасынан

Оросбаев
Азамат Токтогонович
 

-      Қырғыз Республикасы Ұлттық статистика комитеті төрағасының бірінші орынбасары;

 

            б) Консультативтік комитет құрамынан А.И.Боричевский, Д.В.Мелешкин, Ж.Ә.Жарқынбаев, Р.Р.Сегізбаев және Д.Б. Байжуманов шығарылсын.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
      Алқасының Төрағасы Т.Саркисян



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады