Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 277-бабының 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған:
Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тысқары жерлерде орналасқан халықаралық тасымалдың көлік құралдарына қатысты операциялар жасау туралы мәдімдеменің нысаны;
Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тысқары жерлерде орналасқан халықаралық тасымалдың көлік құралдарына қатысты операциялар жасау туралы мәлімдемені толтыру, сондай-ақ, осы мәлімдемеге өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібі;
Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тысқары жерлерде орналасқан халықаралық тасымалдың көлік құралдарына қатысты операциялар жасау туралы мәлімдемені беруге, тіркеуге және тіркеуден бас тартуға байланысты кеден операцияларын жасау тәртібі бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шарт күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 178 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тысқары жерлерде орналасқан халықаралық тасымалдың көлік құралдарына қатысты операциялар жасау туралы мәлімдеменің НЫСАНЫ
Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тысқары жерлерде орналасқан халықаралық тасымалдың көлік құралдарына қатысты операциялар жасау туралы | ||||||
Декларант | А | |||||
Тауардың сипаттамасы | 3. Тауардың коды | |||||
4.Осының алдындағы құжат | ||||||
5. Операциялар | 5а. Кедендік құны | |||||
6. Операциялардың сипаттамасы | 7. Ұсынылған құжаттар | |||||
8. Төлемдерді есептеу | 9. Есептеудің мән-жайы | |||||
Түрі | Есептеудің негізі |
Мөлшер | Сома | СП | 10. Тегі, лауазымы, күні |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 178 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тысқары жерлерде орналасқан халықаралық тасымалдың көлік құралдарына қатысты операциялар жасау туралы мәлімдемені толтыру, сондай-ақ, осы мәлімдемеге өзгерістер (толықтырулар) енгізу ТӘРТІБІ
1. Жалпы ережелер
1. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі-Одақ) кеден аумағынан тысқары жерлерде орналасқан халықаралық тасымалдың көлік құралдарына қатысты операциялар жасау туралы мәлімдемені (бұдан әрі-Мәлімдеме) толтырудың қағидаларын, сондай-ақ, осы мәлімдемеге өзгерістер (толықтырулар) енгізудің қағидаларын айқындайды.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия айқындайтын құрылымға сәйкес электронды құжат түрінде мәлімдеме толтырылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 178 шешімімен бекітілген нысан бойынша қағаз жүзіндегі құжат түріндегі мәлімдеме толтырылады.
3. Мәлімдемеде уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылған тауар болып табылатын халықаралық тасымалдың бір көлік құралына қатысты операциялар жасау туралы мәліметтер көрсетіледі.
4. Мәлімдемені толтыру кезінде Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпараты бірыңғай жүйесінің ресурстарының құрамына кіретін анықтамалықтар мен сыныптауыштар, сондай-ақ, Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі-мүше мемлекет) заңнамасына сәйкес қалыптасатын және қолдануға жататын, кедендік мақсаттар үшін пайдаланылатын анықтамалықтар мен сыныптауыштар қолданылады.
5. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін электронды құжат түріндегі мәлімдеме құрылымының реквизиті (реквизиттері) немесе қағаз жүзіндегі құжат түріндегі мәлімдеме нысанының құрылымдық бірлігі баған деп түсініледі, оларға кіші бірлігі баған деп түсініледі, оларға кіші бөлімшелер, бағаналар, элементтер кіруі мүмкін. Осы Тәртіпке сәйкес бір бағанда бір белгісі бойынша біріктірілген мәліметтер көрсетіледі.
6. Электронды құжат түріндегі мәлімдемеде мәлімдемені автоматизациялық өңдеу үшін қажетті техникалық сипаттағы мәліметтер болуы мүмкін. Бұл мәліметтерді мәлімдемені толтырушы адам көрсетеді не ақпарат жүйесінде қалыптастырылады. Аталған мәліметтердің құрамы электронды құжат түріндегі мәлімдеменің құрылымында айқындалады.
Электронды құжат түріндегі мәлімдеменің қағаздағы көшірмесін басып шығару кезінде техникалық сипаттағы мәліметтер көрсетілмейді.
7. Қағаз жүзіндегі құжат түріндегі мәлімдеме А4 пішініндегі қағаз парағында, 2 данамен жасалады. Бір данасы кеден органына, басқасы – мәлімдемені берген адамға арналады.
Қағаз жүзіндегі құжат түріндегі мәлімдемені беру кезінде оның электронды көшірмесі ұсынылады.
8. Егер қағаз жүзіндегі құжат түріндегі мәлімдеменің бағандарында мәліметтерді көрсету үшін орын жетіспеген жағдайда, мұндай мәліметтер мәлімдеменің қарсы бетінде немесе мәлімдемеге қосымша берілетін А4 пішіміндегі қағаз парақтарда көрсетіледі, олар қағаз жүзіндегі құжат түріндегі мәлімдеменің ажырамас бөлігі болып табылады (одан әрі - қосымша). Бұл ретте, мәлімдеменің тиісті бағанында "қарсы жағын қараңыз" немесе "қосымшаны қараңыз" деген жазу түсіріледі. Қосымшаның барлық парақтары нөмірленуге тиіс.
Қосымшаның әрбір парағының оң жақтағы Жоғарғы бұрышында "№______________ _____парақ мәлімдемеге қосымша" деген жазу түсіріледі.
Мәлімдеменің немесе қосымшаның қарсы бетін пайдалану кезінде мәлімдеменің бағанының нөмірі және мәлімдеменің бағанында орын жетіспген мәліметтер көрсетіледі.
Қосымшаның әрбір парағы оң жақтағы төменгі бұрышынан мәлімдемені толтырған адамның қолы қойылып және егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы адамда мөр болса, сол адамның мөрінің таңбасымен куәландырылады.
ІІ. Мәлімдеменің бағандарын толтыру тәртібі
9. Кеден органының лауазымды адамы толтыратын не кеден органының ақпарат жүйесінде қалыптасатын "А" бағанын қоспағанда, мәлімдемені оны беретін адам толтырады.
10. "А" бағаны келесі тәртіппен толтырылады.
Бағанда келесі схема бойынша құралған мәлімдеменің тіркеу нөмірі көрсетіледі:
ХХХХХХХХ\ХХХХХХ\ХХХХХХ\ХХ,
1 2 3 4
мұнда:
1-элемент – мүше мемлекеттерде қолданылатын кеден органдарының сыныптауыштарына сәйкес, мәлімдемені тіркейтін кеден органының коды;
2-элемент – ДДММГГ (күні, айы, күнтізбелік жылдың 2 соңғы цифры) пішімінде мәлімдеменің толтырылған күні;
3-элемент - мәлімдемені тіркеген кеден органының мәлімдемелерді тіркеу журналы бойынша берілетін, мәлімдеменің реттік нөмірі (әрбір күнтізбелік жылдан 000000-ден нөмірлеу басталады);
4-элемент – "01" нөмірі.
Электронды құжат түріндегі мәлімдемені беру кезінде мәлімдемені тіркеу нөмірі туралы мәліметтер электронды құжат түрінде қалыптасады.
Қағаз жүзіндегі құжат түріндегі мәлімдеменің бағанында мәлімдемені тіркеу нөмірінің барлық элементтері "/" айырғыш белгісі арқылы көрсетіледі, элементтер арасында бос аралыққа жол берілмейді.
11. 1-баған "Декларант" келесі тәртіппен толтырылады.
Бағанда, осы Тәртіптің 22-25-тармақтарына сәйкес, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылған және мәлімдеменің 6-бағанында аталған операциялар жасалған халықаралық тасымалдың көлік құралы ретінде пайдаланылған тауардың декларанты болған адам туралы мәліметтер көрсетіледі.
12. 2-баған "Тауардың сипаттамасы" келесі тәртіппен толтырылады.
Бағанда уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылған және оған қатысты кеден баждарын, салықтарды есептеу және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына (ЕАЭЫ СЭҚ ТН) сәйкес тауарды бір 10-таңбалы кодқа жатқызу үшін қажетті операциялар жасалған халықаралық тасымалдың көлік құралы ретінде пайдаланылатын тауар туралы мәліметтер көрсетіледі.
Электронды құжат түріндегі мәлімдемеде мәліметтер мәлімдеме құрылымының тиісті реквизиттерінде көрсетіледі. Қағаз жүзіндегі құжат түріндегі мәлімдемені беру кезінде мәліметтер нөмірлермен көрсетіледі:
1-нөмірмен:
Тауардың атауы (тауардың саудалық, коммерциялық немесе өзге де дәстүрлі атауы);
Тауардың сипаттамасы, оған тауардың сапалық және сандық құрамы, өндірушінің атауы, тауар белгілері туралы мәліметтер, маркісі, моделі, өзге де техникалық және коммерциялық сипаттамалары, шығарылған (дайындалған) күні кіреді (үтір арқылы, әрбір позиция жаңа жолдан);
2-нөмірмен:
кедендік және өзге де төлемдерді есептеу кезінде пайдаланылатын негізгі немесе қосымша өлшем бірлігінен өзгеше, өлшем бірліктері бойынша тауардың сипаттамалары немесе өлшемдері;
өлшем бірліктерінің сыныптауышына сәйкес өлшем бірлігінің шартты белгіленуі немесе кедендік және өзге де төлемдерді есептеу кезінде пайдаланылатын қосымша сипаттамалар мен өлшемдердің сыныптауышына сәйкес тауардың сипаттамалары мен өлшемдерінің шартты белгіленуі;
өлшем бірліктерінің сыныптауышына сәйкес өлшем бірлігінің коды немесе кедендік және өзге де төлемдерді есептеу кезінде пайдаланылатын қосымша сипаттамалар мен өлшемдердің сыныптауышына сәйкес сипаттаманың немесе өлшемнің коды.
Қағаз жүзіндегі құжат түріндегі мәлімдемеде мұндай мәліметтер "/" айырғыш белгісі арқылы көрсетіледі.
13. 3-баған "Тауардың коды" келесі тәртіппен толтырылады.
Бағанда, бос аралықсыз, халықаралық тасымалдың көлік құралы ретінде пайдаланылатын тауар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылған, тауарлар декларациясының 33-бағанының бірінші кіші бөлімінде аталған ЕАЭЫ СЭҚ ТН-ға сәйкес тауардың 10-таңбалы коды көрсетіледі.
14. 4-баған. "Осының алдындағы құжат" келесі тәртіппен толтырылады.
Электронды құжат түріндегі мәлімдемеде, мәлімдеменің құрылымының тиісті реквизиттерінде, ал қағаз жүзіндегі құжат түріндегі мәлімдемеде - "/" айырғыш белгісі арқылы халықаралық тасымалдың көлік құралы ретінде пайдаланылатын тауар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылған, тауарлар декларациясын тіркеу нөмірі және тауарлар декларациясының 32-бағанында осы тауардың реттік нөмірі көрсетіледі.
15. 5-баған. "Операциялардың құны" келесі тәртіппен толтырылады.
Бағанда Еуразиялық экономикалық одақтың кеден кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 186-бабына сәйкес айқындалған, кеден органына мәлімдеме берілген мүше мемлекеттің валютасымен, мәлімдеменің 6-бағанында көрсетілген операциялардың құны көретіледі.
Егер операциялардың құнын айқындау кезінде кеден органына мәлімдеме берілген мүше мемлекеттің валютасымен шетел валютасын қайта есептеу қажет етілген жағдайда, мұндай қайта есептеу халықаралық тасымалдың көлік құралы ретінде пайдаланылатын тауар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылған, тауарлар декларациясын тіркеу күніндегі қолданыстағы, мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген (айқындалған) валюта бағамы бойынша есептеледі.
Операциялар құнының алынған мәні үтірден кейінгі 2 таңбаға дейін дәлікпен, математикалық қағидалар бойынша, ал Армения Республикасында – тұтас шамаға дейін бүтінделеді.
16. 5а-баған. "Кедендік құн" келесі тәртіппен толтырылады.
Егер Одақтың кеден аумағынан тысқары жерлерде халықаралық тасымалдың көлік құралы ретінде пайдаланылатын тауарға қатысты операциялар жасалып, әкелу кеден баждарының өзіндік мөлшерлемелері қолданылған жағдайда, баған толтырылады.
Бағанда, Кодекстің 184-бабының 1-тармағына сәйкес ішкі тұтыну үшін, осы халықаралық тасымалдың көлік құралы шығару кедендік рәсіміне орналастырылғандай, кеден органына мәлімдеме берілген мүше мемлекеттің валютасымен, Кодекстің 5-тарауына сәйкес айқындалған халықаралық тасымалдың көлік құралының құны көрсетіледі.
Егер кедендік құнды айқындау кезінде кеден органына мәлімдеме берілген мүше мемлекеттің валютасымен шетел валютасын қайта есептеу қажет етілген жағдайда, мұндай қайта есептеу халықаралық тасымалдың көлік құралы ретінде пайдаланылатын тауар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылған, тауарлар декларациясын тіркеу күніндегі қолданыстағы, мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген (айқындалған) валюта бағамы бойынша есептеледі.
Кедендік құнның алынған мәні үтірден кейінгі 2 таңбаға дейін дәлікпен, математикалық қағидалар бойынша, ал Армения Республикасында– тұтас шамаға дейін бүтінделеді.
17. 6-баған. "Операциялардың сипаттамасы" келесі тәртіппен толтырылады.
Бағанда, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылған тауар болып табылатын, Одақтың кеден аумағынан тысқары жерлерде орналасқан халықаралық тасымалдың көлік құралына қатысты жасалған операциялар туралы мәліметтер, сондай-ақ, олардың жасалған күні (кезеңі) көрсетіледі.
18. 7-баған. "Ұсынылған құжаттар" келесі тәртіппен толтырылады.
Бағанда мәлімдеменің 6-бағанында аталған операциялардың құнын растайтын құжаттар туралы мәліметтер көрсетіледі.
Мәлімдеменің құрылымының тиісті реквизиттерінде электронды құжат түріндегі мәлімдемеде, ал қағаз жүзіндегі құжат түріндегі мәлімдемеде -"/" айырғыш белгісі арқылы көрсетілетіндер:
кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын құжаттар мен мәліметтердің түрлерінің сыныптауышына сәйкес құжаттардың коды;
кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жыл) пішіміндегі құжаттың нөмірі және күні.
Қағаз жүзіндегі құжат түріндегі мәлімдемеде әрбір құжат туралы мәліметтер жеке жолдармен көрсетіледі.
19. 8-баған. "Төлемдерді есептеу" келесі тәртіппен толтырылады.
Бағанда, Кодекстің 186-бабына сәйкес, Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген, Тауарлардың декларациясын толтыру тәртібі туралы нұсқаулықта белгіленген, тауарлар декларациясының 47-бағанын толтыру қағидаларына сәйкес, кеден баждарын, салықтарды төлеу туралы мәліметтер көрсетіледі.
20. 9-баған. "Есептеудің мән-жайы" келесі тәртіппен толтырылады.
Бағанда, мәлімдемеде әкелу кедендік баждары, салықтар есептелген тауарға қатысты іс жүзінде әкелу кедендік баждары, салықтар төленген (өндіріп алынған) сомалар туралы мәліметтер көрсетіледі.
Кедендік баждардың, салықтардың сомалары математикалық қағидалар бойынша дәлдікпен бүтінділеді:
Армения Республикасында және Қазақстан Республикасында – тұтас шамаға дейін;
Беларусь Республикасында, Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында – үтірден кейін 2 таңбаға дейін.
Кедендік баждардың, салықтардың төленгені (өндіріп алынғаны) туралы мәліметтер олардың төленгенін (өндіріп алынғанын) растайтын құжаттар бөлігінде, әрбір төлем түрі бойынша, жеке көрсетіледі. Электронды құжат түріндегі мәлімдемені толтыру кезінде, мәліметтер мәлімдеменің құрылымының тиісті реквизиттерінде көрсетіледі. Қағаз жүзіндегі құжат түріндегі мәлімдемені толтыру кезінде, мұндай мәліметтер жеке жолдармен көрсетіледі, барлық элементтер бір-бірінен "-" белгісімен ажыратылады, элементтер арасында бос аралыққа жол берілмейді.
Кедендік баждардың, салықтардың төленгені (өндіріп алынғаны) туралы мәліметтер келесі схема бойынша құралады:
1-элемент – кеден органдарына өндіріп алу жүктелген салықтардың, алымдардың және өзге де төлемдердің түрлерінің сыныптауышына сәйкес төлем түрінің коды;
2-элемент – төленген (өндіріп алынған) төлем сомасы;
3-элемент – валюталардың сыныптауышына сәйкес төленген (өндіріп алынған) төлемнің цифрлы коды;
4-элемент – төленген (өндіріп алынған) төлемді растайтын құжаттың нөмірі;
5-элемент – Армения Республикасында, Қазақстан Республикасында, Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында – кк. аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жыл) пішімінде төленген (өндіріп алынған) төлемді растайтын құжаттардың күні, Беларусь Республикасында - төленген (өндіріп алынған) төлемді растайтын құжат бойынша кк. аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жыл) пішімінде төленген (өндірілген) күн (төлем жасау жөніндегі міндеттемелердің орындалған күні);
6-элемент – кеден органдарына өндіріп алу жүктелген кедендік және өзге де төлемдерді төлеу тәсілдерінің сыныптауышына сәйкес төлемді төлеу тәсілі;
7-элемент – Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында – кедендік баждардың, салықтардың сомаларын немесе өзге мүліктің ақшалай қаражаттары (ақшалары) не кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ұсынылуы есебінен төлеген, одан кедендік баждардың, салықтардың сомалары өндіріп алынған, тұлға туралы мәліметтер;
Беларусь Республикасында – төлеушінің есепке алу нөмірі (ТЕН) (дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаны қоспағанда) не жеке тұлғаның сәйкестендіру нөмірі (болған кезде);
Қазақстан Республикасында – ұйым (филиал және өкілдік) және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі не жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке тұлға үшін, соның ішінде, бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін.
Егер, кеден органына мәлімдеме берілген мүше мемлекетпен салыстырғанда, кедендік баждардың, салықтардың сомаларын немесе өзге мүліктің ақшалай қаражаттары (ақшалары) не кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ұсынылуы есебінен төлеген, одан кедендік баждардың, салықтардың сомалары өндіріп алынған тұлға ретінде, шетелдік тұлға, сондай-ақ, өзге де мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген тұлға танылса, 7-элемент толтырылмайды.
Армения Республикасында, Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында 7-элемент толтырылмайды.
21. 10-баған "Тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, күні" келесі тәртіппен толтырылады.
Бағанда мәлімдемені толтырған адамның аты-жөні және лауазымы, сондай-ақ, кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жыл) пішімінде мәлімдеменің толтырылған күні көрсетіледі.
Қағаз жүзіндегі құжат түріндегі мәлімдемеде, мәлімдемеде көрсетілген мәліметтер бағанда мәлімдемені толтырған адамның қол қоюы және егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы адамда мөр болса, сол адамның мөрінің таңбасын қою арқылы куәландырылады.
22. Электронды құжат түріндегі мәлімдемеде, мәлімдеменің құрылымының тиісті реквизиттерінде, ал қағаз жүзіндегі құжат түріндегі мәлімдемеде 1-бағанда, жеке жолдармен көрсетілетіндер:
1) шетелдік ұйым туралы мәліметтер:
толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы;
орналасқан жері (осы Тәртіптің 23-тармағына сәйкес);
Қазақстан Республикасында қолданылатын, сәйкестендіру кеден нөмірін қалыптастыру сыныптауышына сәйкес сәйкестендіру кеден нөмірі (СКН) (Қазақстан Республикасы үшін);
2) шетелдік жеке тұлға туралы мәліметтер;
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);
тұрғылықты жері (осы Тәртіптің 23-тармағына сәйкес);
жеке басын куәландыратын құжат (осы Тәртіптің 24-тармағына сәйкес);
Қазақстан Республикасында қолданылатын, сәйкестендіру кеден нөмірін қалыптастыру сыныптауышына сәйкес сәйкестендіру кеден нөмірі (СКН) (Қазақстан Республикасы үшін);
қоғамдық қызметтер түрінің (ҚҚТ) нөмірлі белгісі немесе мұндай белгінің болмағаны туралы анықтамалықтың нөмірі (Армения Республикасы үшн), сәйкестендіру нөмірі (болған кезде) (басқа мүше мемлекеттер үшін);
3) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйым туралы мәліметтер;
толық немесе қысқаша (қысқартылған) атауы;
тұрғылықты жері (осы Тәртіптің 23-тармағына сәйкес);
Қазақстан Республикасында қолданылатын, сәйкестендіру кеден нөмірін қалыптастыру сыныптауышына сәйкес сәйкестендіру кеден нөмірі (СКН) (Қазақстан Республикасы үшін);
кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы республикалық сыныптауышының (КҰЖС) коды (Қырғыз Республикасы үшін);
негізгі мемлекеттік тіркеу нөмірі (НМТН) (Ресей Федерациясы үшін);
4) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға туралы мәліметтер;
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);
тұрғылықты жері (осы Тәртіптің 23-тармағына сәйкес);
салық нөмірі (осы Тәртіптің 25-тармағына сәйкес);
Қазақстан Республикасында қолданылатын, сәйкестендіру кеден нөмірін қалыптастыру сыныптауышына сәйкес сәйкестендіру кеден нөмірі (СКН) (Қазақстан Республикасы үшін);
кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы республикалық сыныптауышының (КҰЖС) коды (Қырғыз Республикасы үшін);
негізгі мемлекеттік тіркеу нөмірі (НМТН) (Ресей Федерациясы үшін);
5) мүше мемлекетте тұрақты тұратын жері бар және осы мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлға туралы мәліметтер;
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);
тұрғылықты жері (осы Тәртіптің 23-тармағына сәйкес);
жеке басын куәландыратын құжат (осы Тәртіптің 24-тармағына сәйкес);
салық нөмірі (осы Тәртіптің 25-тармағына сәйкес) (Беларусь Республикасы үшін);
Қазақстан Республикасында қолданылатын, сәйкестендіру кеден нөмірін қалыптастыру сыныптауышына сәйкес сәйкестендіру кеден нөмірі (СКН) (Қазақстан Республикасы үшін);
қоғамдық қызметтер түрінің (ҚҚТ) нөмірлі белгісі немесе мұндай белгінің болмағаны туралы анықтамалықтың нөмірі (Армения Республикасы үшн), сәйкестендіру нөмірі (болған кезде) (басқа мүше мемлекеттер үшін);
23. Тұрғылықты жері немесе орналасқан жері туралы мәліметтер мәлімдеменің құрылымының тиісті реквизиттерінде электронды құжат түрінде, қағаз жүзіндегі құжат түріндегі мәлімдемеде – бағанда, үтір арқылы, жеке жолмен көрсетіледі және оған кіретіндер:
1) әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес елдің қысқаша атауы;
2) әкімшілік-аумақтық бірлік (өңір, облыс, аудан және басқа) (Қырғыз Республикасы үшін, дара кәсіпкер болып табылмайтын, Қырғыз Республикасында тұрақты тұратын жері бар жеке тұлға туралы мәліметтерді көрсету кезінде, - әкімшілік-аумақтық және аумақтық бірліктер объектілерін белгілеу жүйесінің (ӘАББЖ БС) мемлекеттік сыныптауышына сәйкес, әкімшілік-аумақтық бірлік коды);
3) елді мекен;
4) көшесі (бульвар, даңғыл т.с.с.);
5) үйдің нөмірі;
6) корпустың (құрылыстың) нөмірі;
7) пәтердің (бөлменің, кеңсенің) нөмірі.
24. Мәлімдеменің құрылымының тиісті реквизиттерінде, электронды құжат түріндегі мәлімдемеде, ал қағаз жүзіндегі құжат түріндегі мәлімдемеде - бағанда, жеке басын куәландыратын құжат, үтір арқылы, жеке жолдармен көрсетіледі және оған:
1) әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес, уәкілетті органы жеке басын куәландыратын құжатты берген елдің коды;
2) құжаттың атауы (Ресей Федерациясы үшін);
3) құжаттың сериясы (болған кезде) мен нөмірі;
4) кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жыл) пішімінде құжаттың берілген күні кіреді.
25. Тұлғаның салық нөмірі болып түсінілетіндер:
Армения Республикасында – салық төлеушіні есепке алу нөмірі (СЕН);
Беларусь Республикасында - төлеушіні есепке алу нөмірі (ТЕН);
Қазақстан Республикасында – бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) – ұйым (филиал және өкілдік) және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін не жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке тұлға үшін, соның ішінде, жеке кәсіпкерлік түрінде қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін;
Қырғыз Республикасында – салық төлеушінің сәйкестендіру салық нөмірі (ССН) – мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес, дара кәсіпкер ретінде тіркелген заңды тұлға және жеке тұлға үшін не дербес сәйкестендіру нөмірі (ДСН) - Қырғыз Республикасының аумағында коммерциялық қызметті жүзеге асыратын және дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлға үшін;
Ресей Федерациясында – салық төлеушінің сәйкестендіру салық нөмірі (ССН), заңды тұлға үшін – есепке қоюдың себептерінің коды (ЕҚК) (заңды тұлғаның оқшау бөлімшесі үшін оқшау бөлімшенің орналасқан жері бойынша берілетін ЕҚК қойылады). Есепке қоюдың себептерінің коды (ЕҚК) мәлімдеменің құрылымының тиісті реквизиттерінде, электронды құжат түріндегі мәлімдемеде, ал қағаз жүзіндегі құжат түріндегі мәлімдемеде – "/" ажыратқыш белгісі арқылы көрсетіледі.
ІІІ. Мәлімдемеге өзгерістер (толықтырулар) енгізу
26. Мәлімдемеде көрсетілген мәліметтер бұл мәліметтердің анық еместігі анықталған кезде өзгеруге (толықтыруға) жатады.
27. Мәлімдемеге өзгерістер (толықтырулар) енгізу жаңа мәлімдемені толтыру арқылы жүзеге асырылады.
Бұл ретте, енгізілетін өзгерістер (толықтырулар) ескеріле отырып, жаңа мәлімдеменің тиісті бағандарына бұрын мәлімдемеде көрсетілген барлық мәліметтер ауыстырылады.
28. Мәлімдемеге өзгерістер (толықтырулар) енгізу кезінде жаңа мәлімдеменің "А" бағаны келесі ерекшеліктер ескеріле отырып, толтырылады.
Жаңа мәлімдеменің "А" бағанында келесі схема бойынша құралған жаңа мәлімдемені тіркеу нөмірі көрсетіледі:
ХХХХХХХХ/ХХХХХХ/ХХХХХХХ/ХХ,
1 2
мұнда:
1-элемент – өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін, мәлімдемені тіркеу нөмірінің бастапқы 3 элементі;
2-элемент – "02" нөмірінен бастағанда, енгізілетін өзгерістердің (толықтырулардың) реттік нөмірі.
Электронды құжат түрінде жаңа мәлімдемені беру кезінде осы мәлімдемені тіркеу туралы мәліметтер электронды құжат түрінде қалыптасады.
Қағаз жүзіндегі құжат түріндегі жаңа мәлімдеменің "А" бағанында жаңа мәлімдемені тіркеу нөмірінің барлық элементтері "/" ажыратқыш белгісі арқылы көрсетіледі, элементтер арасында бос аралықтарға жол берілмейді.
29. Мәлімдемеге өзгерістер (толықтырулар) енгізу кезінде жаңа мәлімдеменің 7-бағаны келесі ерекшеліктер ескеріле отырып, толтырылады.
Жаңа мәлімдеменің 7-бағанына өзгерістер (толықтырулар) енгізілген мәлімдеменің 7-бағанынағы мәліметтер ауыстырылады. Жаңа мәлімдеменің 7-бағанына, қосымша, мәлімдемеге енгізілген өзгерістерді (толықтыруларды) растайтын құжаттар туралы мәліметтер көрсетіледі.
30. Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында мәлімдемеге өзгерістер (толықтырулар) енгізу кезінде жаңа мәлімдеменің 9-бағанына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген мәлімдеменің 9-бағанынан барлық мәліметтер ауыстырылады. Егер мәлімдемеде аталған мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізілуіне байланысты, жаңа мәлімдеменің 9-бағанында көрсетілген төленген (өндіріп алынған) төлем сомасы жаңа мәлімдеменің 8-бағанында көрсетілген осы төлемнің төленуге тиіс сомасынан асқан жағдайда, төлеуге жататын сомадан тыс төленген (өндіріп алынған) төлем сомасы туралы мәліметтер төлемдер төленген (өндіріп алынған) төлем құжаттары бөлігінде "-" таңбасымен көрсетіледі.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 178 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тысқары жерлерде орналасқан халықаралық тасымалдың көлік құралдарына қатысты операциялар жасау туралы мәлімдемені беруге, тіркеуге және тіркеуден бас тартуға байланысты кеден операцияларын жасау ТӘРТІБІ
1. Осы Тәртіп Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тысқары жерлерде орналасқан халықаралық тасымалдың көлік құралдарына қатысты операциялар жасау туралы мәлімдемені беруге, тіркеуге және тіркеуден бас тартуға байланысты кеден операцияларын жасаудың дәйектілігін айқындайды (бұдан әрі – тиісінше, мәлімдеме, Одақ).
2. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылған тауар (бұдан әрі – уақытша әкелінген тауар) болып табылатын халықаралық тасымалдың көлік құралына қатысты операциялар жасалған жағдайда, осы уақытша әкелінген тауардың декларанты уақытша әкелінген тауарды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырған кеден органына не тауар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылған, мәлімдемені тіркеуге құқылы, Одаққа мүше мемлекеттің кеден органына мәлімдеме береді (электронды құжат түрінде немесе қағаз жүзіндегі құжат түрінде).
Кеден органына мәлімдемемен бірге, жасалған операциялардың құнын айқындайтын құжаттар (қағаз жүзіндегі құжаттардың көшірмелері, электронды құжаттар және (немесе) қағаз жүзіндегі құжаттардың электронды көшірмелері) ұсынылады.
Мәлімдемені беру кезінде іс жүзінде тұлғаның кеден органына келуі және (немесе) уақытша әкелінген тауарды ұсыну қажет етілмейді.
3. Осы мәлімдеме берілген кезден бастап, мүмкін қысқа мерзімдерде, бірақ кеден органының 1сағат жұмыс уақытынан кешікпей, мәлімдеме берілген кеден органының дауазымды адамы:
кеден органының ақпарат жүйесін пайдалана отырып, берілген мәлімдеменің күнін және уақытын тіркейді;
кеден органының ақпарат жүйесін пайдалана отырып, кеден органына берілген мәлімдеменің тіркелген күні мен уақыты туралы ақпараттан тұратын электронды құжатты қалыптастырады және мәлімдемені берген тұлғаға жібереді не мәлімдеменің қарсы жағынан, мәлімдеменің түскен күні мен уақытын қояды және осы мәліметтерді кеден органының лауазымды адамының қолын қойып, жеке нөмірлі мөрінің таңбасымен куәландырады (егер Одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы адамда мөр болған кезде) (мәлімдеме қағаз жүзінде берілген жағдайда).
4. Берілген мәлімдеменің күні мен уақыты тіркелгеннен кейін, мәлімдеме берілген кеден органының лауазымды адамы мәлімдеме тіркелген кезден бастап, мүмкін қысқа мерзімдерде, бірақ кеден органының 1сағат жұмыс уақытынан кешікпей, осы мәлімдемені қарайды және оны тіркеу туралы немесе оны тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Егер электронды құжат түріндегі мәлімдеме кеден органына оның жұмыс уақыты аяқталғанға дейін кемі 1сағат жұмыс уақытында түскен жағдайда, осы мәлімдемені тіркеу туралы немесе оны тіркеуден бас тарту туралы шешім осы кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап, 1сағат жұмыс уақытынан кешікпей қабылданады.
5. Кеден органының лауазымды адамы келесі негіздер бойынша мәлімдемені тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды:
1) мәлімдеме оны тіркеуге құқылы емес кеден органына берілген;
2) мәлімдемені уәкілетті емес адам берген және (немесе) оған тиісті түрде қол қойылмаған не куәландырылмаған;
3) қағаз жүзіндегі құжат түріндегі мәлімдеме Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясы Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 178 шешімімен бекітілген нысан бойынша берілмеген;
4) Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар болып табылатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тысқары жерлерде орналасқан халықаралық тасымалдың көлік құралдарына қатысты операциялар жасау туралы мәлімдемені толтыру, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясы Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 178 шешімімен бекітілген, осы мәлімдемеге өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібіне (бұдан әрі – Мәлімдемені толтыру тәртібі) сәйкес көрсетілуге жататын мәліметтер мәлімдемеде болмаған;
5) электронды құжат түріндегі мәлімдеменің құрылымы мен пішімі Еуразиялық экономикалық комиссия айқындаған құрылым мен пішімге сәйкес келмеген;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден кодексінің 186-бабына сәйкес есептелген мөлшерде әкелу кеден баждары, салықтар төленбеген.
6. Мәлімдемені тіркеу туралы шешім қабылданған жағдайда, кеден органының лауазымды адамы осы Тәртіптің 4-тармағында көзделген мерзімде:
1) Мәлімдемені толтыру тәртібіне сәйкес тіркеу нөмірін беру арқылы кеден органның ақпарат жүйесін пайдалана отырып, мәлімдемені тіркейді;
2) кеден органының ақпарат жүйесін пайдалана отырып, мәлімдемені тіркеу нөмірі туралы ақпараттан тұратын электронды құжатты қалыптастырады және мәлімдемені берген адамға жібереді (мәлімдеме электронды құжат түрінде берілген жағдайда);
3) мәлімдеменің "А" бағанында мәлімдеменің тіркеу нөмірін белгілейді және оны кеден органының лауазымды адамының қолын қойып, жеке нөмірлі мөрінің таңбасымен куәланырады (мәлімдеме қағаз жүзінде берілген жағдайда);
4) тіркелген мәлімдеменің бір данасын мәлімдемені берген адамға қайтарады (мәлімдеме қағаз жүзінде берілген жағдайда). Егер тиісті шешім қабылданған күннен кейін, кеден органының 1 жұмыс күні ішінде мәлімдемені берген адам мәлімдемені алу үшін келмеген жағдайда, кеден органы осы мәлімдемені табыс етілгені туралы хабарламамен, почта жөнелтімімен тапсырыстап жібереді немесе мәлімдеменің алынған фактісін растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен береді.
7. Мәлімдемені тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, кеден органының лауазымды адамы осы Тәртіптің 4-тармағында көзделген мерзімде:
1) егер мәлімдеме электронды құжат түрінде берлген кезде:
кеден органының ақпарат жүйесінде мәлімдемені тіркеуден бас тартудың себептерін, мәлімдемені тіркеуден бас тартудың ресімделген күні мен уақытын көрсете отырып, мәлімдемені тіркеуден бас тарту туралы ақпаратты қалыптастырады;
мәлімдемені тіркеуден бас тартудың себептерін, тіркеуден бас тартудың ресімделген күні мен уақытын көрсете отырып, кеден органының ақпарат жүйесін пайдалана отырып, мәлімдемені тіркеуден бас тарту туралы ақпараттан тұратын электронды құжатты қалыптастырады және мәлімдемені берген адамға жібереді;
2) мәлімдеме қағаз жүзінде берілген кезде:
мәлімдемені тіркеуден бас тартудың себептерін, тіркеуден бас тартудың ресімделген күні мен уақытын көрсете отырып, мәлімдеменің қарсы жағынан "Тіркеуден бас тартылды" деген белгі қояды және осы белгіні қол қойып және жеке нөмірлі мөрдің таңбасымен куәландырады;
тіркеуден бас тарту туралы белгімен мәлімдеменің бір данасын мәлімдемені берген адамға қайтарады. Егер тиісті шешім қабылданған күннен кейін, кеден органының 1 жұмыс күні ішінде мәлімдемені берген адам мәлімдемені алу үшін келмеген жағдайда, кеден органы осы мәлімдемені табыс етілгені туралы хабарламамен, почта жөнелтімімен тапсырыстап жібереді немесе мәлімдеменің алынған фактісін растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен береді.