Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы бақылау органдарының өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 18 шілдедегі № 83 өкімі

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 75 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы бақылау органдарының өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) Консультативтік комитеттің құрамына мына адамдар енгізілсін:


      Армения Республикасынан

Царукян
Элмен Размикович

Армения Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мемлекеттік қызметінің шекаралық бақылау пункттерін үйлестіру бөлімінің басшысы

Қырғыз Республикасынан
 

Кожокулов
Руслан Нурланович

Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы кедендік бақылау бөлімінің бас инспекторы

Ресей Федерациясынан
 

Родиков
Максим Алексеевич

Федералдық кеден қызметі Кедендік рәсімдеуді және кедендік бақылауды ұйымдастыру бас басқармасы басшысының орынбасары;
 

      б) Консультативтік кеңестің мына мүшелерінің жаңа лауазымдары көрсетілсін:


Жумалиев
Таалайбек Имашович

Қырғыз Республикасы Көлік және жолдар министрлігінің Автомобиль, су көлігі және салмақ-габариттік бақылау агенттігі халықаралық тасымалдар бөлімінің басшысы
 

Исаев
Амангельди Сапербекович

Қырғыз Республикасының Ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және мелиорация министрлігі Өсімдіктер карантині департаментінің директоры
 

Мусабеков
Нурмат Болотбекович

Қырғыз Республикасының Көлік және жолдар министрлігі автомобиль және теміржол көлігі бөлімінің меңгерушісі
 

Чодуев
Эркинбек Урайымович

Қырғыз Республикасы Ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және мелиорация министрінің орынбасары;
 

      в) Консультативтік комитеттің құрамынан А.С. Алексанян, А.Т. Сулайманов және Ю.А. Леонов шығарылсын.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының
міндетін уақытша атқарушы
К. Минасян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады