Мүше мемлекеттердің бірі біржақты тәртіпте арнайы экономикалық шаралар қолданған жағдайдағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылы туралы

Жаңа

Еуразиялық Экономикалық Кеңес комиссиясының 2017 жылғы 17 мамырдағы № 21 Өкімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 12 ақпандағы "Мемлекеттердің бірі біржақты тәртіпте арнайы экономикалық шаралар қолданған жағдайда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара іс-қимыл механизмін әзірлеу жөніндегі жоғары деңгейдегі жұмыс тобын қалыптастыру туралы" № 14 өкімін орындау жөніндегі жұмыстардың барысы туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының ақпаратын ескере отырып:

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) бірі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерге қатысты біржақты тәртіпте арнайы экономикалық шаралар қолданған жағдайда бұл мүше мемлекет басқа мүше мемлекеттерді және Еуразиялық экономикалық комиссияны тиісті хабарлама жіберу арқылы осындай шаралардың енгізілуі туралы әдетте осындай шаралар енгізілген күнге дейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей хабардар етеді, сондай-ақ консультация өткізеді және екіжақты негізде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.

      2. Мүше мемлекеттердің бірі арнайы экономикалық шараларды енгізген кезде мүше мемлекеттердің тауарлардың бақылану жүйесін енгізу арқылы өз экономикаларына келетін нұқсанды барынша азайтуды қамтамасыз етуі атап өтілсін.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 12 ақпандағы "Мемлекеттердің бірі біржақты тәртіпте арнайы экономикалық шаралар қолданған жағдайда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара іс-қимыл механизмін әзірлеу жөніндегі жоғары деңгейдегі жұмыс тобын қалыптастыру туралы" № 14 өкімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:


Армения Республикасынан
В. Габриелян

Беларусь Республикасынан
В. Матюшевский

Қазақстан Республикасынан
А.Мамин

Қырғыз Республикасынан
О. Панкратов

Ресей Федерациясынан
И. Шувалов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады