2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарттың күшін енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу туралы

Жаңа

Еуразиялық Экономикалық Кеңес комиссиясының 2017 жылғы 13 шілдедегі № 22 Өкімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 24-тармағының 15-тармақшасына сәйкес:

      1.Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерінен 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарттың күшін енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалуы туралы жазбаша хабарламаны Еуразиялық экономикалық комиссияға 2017 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей жіберу сұралсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері ұсынған ақпараттың негізінде 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің жүргізілу барысы туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысында баяндасын.

      3.Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.     


      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:


Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

В. Габриелян

В. Матюшевский

А.Мамин

О. Панкратов

И. Шувалов



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады