1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері, орталық (ұлттық) банктері Еуразиялық экономикалық комиссияның "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасындағы өзара сауданың 2015-2016 жылдардағы жай-күйі туралы" баяндамасын (ақпараттық материал ретінде қоса беріліп отыр) назарға алсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия жыл сайын Еуразиялық үкіметаралық кеңеске Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасындағы өзара сауданың жай-күйін баяндасын.
3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |