Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қабылданған реттеу шараларын нотификациялауды Дүниежүзілік сайда ұйымына ұсыну бөлігіндегі міндеттерді орындауын қамтамасыз ету мақсатында,
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланғаннан бастап қосымшаға сәйкес Нұсқаулықты ескере отырып өзара іс-қимылды жүзеге асыруды ұсынады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 21 наурыздағы № 8 ұсынымына ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында Дүниежүзілік сауда ұйымына ұсыну үшін нотификация жобаларын дайындау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру бойынша НҰСҚАУЛЫҚ
1. Осы Нұсқаулық Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қабылданған реттеу шаралары туралы нотификация жобаларын (бұдан әрі сәйкесінше – нотификация жобалары, Одақ) дайындау механизмін және Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары (бұдан әрі сәйкесінше – уәкілетті органдар, мүше мемлекеттер) мен Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) арасында оларды дайындау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыруды белгілейді.
2. Осы Нұсқаулық уәкілетті органдар мен Комиссия арасында жедел ақпарат алмасуды және ДСҰ мүшелері болып табылатын мүше мемлекеттердің Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) қосымшаға сәйкес тізбе бойынша нотификацияларды ұсынудың біркелкілігін қамтамасыз етуге бағытталған.
3. Өзара іс-қимыл ДСҰ-мен өзара іс-қимылға жауапты уәкілетті органдар ретінде белгіленген құрылымдық бөлімшелер (бұдан әрі – уәкілетті органдардың құрылымдық бөлімшелері) мен Комиссияның нотификация жобаларын дайындауға жауапты құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – Комиссияның құрылымдық бөлімшелері) арасында жүзеге асырылады.
4. Осы Нұсқаулықтың 3-тармағында көрсетілген өзара іс-қимыл электронды түрде жүзеге асырылады.
5. ДСҰ-ға ұсынуға жататын сәйкес актінің (акті жобасының) қысқаша түйіндемесі бар нотификация жобасын Комиссияның құрылымдық бөлімшесі ДСҰ қағидалары мен практикасына сәйкес форматта орыс және ағылшын тілдерінде дайындайды және осы тармақтың екінші абзацында көзделген жағдайды қоспағанда, уәкілетті органдарға ресми хатпен, сондай-ақ уәкілетті органдардың құрылымдық бөлімшелеріне электронды түрде жіберіледі.
Осы Нұсқаулықтың қосымшасының 13 және 23 – 27 тармақтарында көрсетілген нотификацияларға қатысты Комиссияның құрылымдық бөлімшесі базалық ақпаратты орыс тілінде дайындайды. Көрсетілген базалық ақпаратты Комиссия ағылшын тіліне аударады (осы Нұсқаулық қосымшасының 27-тармағында көрсетілген нотификацияларға қатысты дайындалған, Комиссия мүмкіндігінше ағылшын тіліне аударатын базалық ақпаратты қоспағанда) және оны ДСҰ-ға жіберу мақсатында мүше мемлекеттердің нотификация дайындауы үшін уәкілетті органдарға ресми хатпен, сондай-ақ уәкілетті органдардың құрылымдық бөлімшелеріне электронды түрде жіберіледі.
6. Нотификация жобаларын дайындауды Комиссияның құрылымдық бөлімшелері осы Нұсқаулықтың қосымшасында көрсетілген мерзімдерді ескере отырып жүзеге асырады.
7. Уәкілетті органдардың құрылымдық бөлімшелеріне Комиссияның құрылымдық бөлімшелеріне жіберілген нотификация жобасына комментарийлер мен ескертулерді ұсыну нотификация жобасы жіберілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
8. Уәкілетті органдардың құрылымдық бөлімшелеріне уәкілетті органдардың құрылымдық бөлімшелері ұсынған ескертулер мен комментарийлерді ескере отырып дайындалған нотификацияның қорытынды жобасын жіберуді Комиссияның құрылымдық бөлімшелері осындай ескертулер мен комментарийлерді алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Егер акті жобасы бойынша жария талқылау өткізілуі тиіс болған жағдайда, нотификацияның қорытынды жобасын Комиссияның құрылымдық бөлімшесі акті жобасы Одақтың ресми сайтында жарияланған күні уәкілетті органдардың құрылымдық бөлімшелеріне жібереді.
9. ДСҰ-ға нотификацияны жіберуді ДСҰ-ның мүшесі болып табылатын мүше мемлекеттің уәкілетті органының құрылымдық бөлімшесі Комиссияның құрлымдық бөлімшесінен нотификацияның қорытынды жобасын алғаннан кейін жүзеге асырады.
ДСҰ-ға саудадағы техникалық кедергілерге және санитариялық және фитосанитариялық шаралар қабылдауға қтысты мәселелер бойынша нотификацияларды жіберуді ДСҰ-ның мүшесі болып табылатын мүше мемлекеттің уәкілетті органдарының құрылымдық бөлімшелері мүмкіндігінше оны жария талқылауды жүргізу мақсатында акті жобасы Одақтың ресми сайтындағы жарияланған күні бір мезгілде жүзеге асырады.
Қажет болған жағдайда уәкілетті органдардың құрылымдық бөлімшелері нотификацияның қорытынды мәтініне қағидаттық сипатқа ие емес өзгерістер енгізуі мүмкін.
10. Уәкілетті органдардың құрылымдық бөлімшелерінің бірі ДСҰ мүшелерінен оның атына келіп түскен жіберілген нотификация бойынша сұрау салулар (өтініштер) бойынша ұстанымды әзірлеу мәселесі жөнінде өтініш білдірген жағдайда уәкілетті органдардың құрылымдық бөлімшелерімен жұмысты ұйымдастыруды Комиссия ДСҰ-да нотификацияларды қарау мерзімдерін ескере отырып жүзеге асырады.
11. Осы Нұсқаулықтың 6 – 8 және 10-тармағының ережелері осы Нұсқаулықтың 5-тармағының екінші абзацымен көзделген жағдайда қолданылмайды.
12. ДСҰ Хатшылығы жариялаған мүше мемлекеттің нотификациясының мәтіні өзгерген жағдайда (соның ішінде ДСҰ мүшелерінен келіп түскен сұрау салуларға (өтініштерге) байланысты) сәйкес мүше мемлекеттің уәкілетті органының құрылымдық бөлімшесі бұл туралы басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының құрылымдық бөлімшелерін одан әрі хабардар ету үшін осындай өзгерістің күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде бұл туралы Комиссияның құрылымдық бқлімшесіне хабарлайды.
13. Уәкілетті органдардың құрылымдық бөлімшелері туралы өзекті ақпаратты және нотификация жобаларын дайындауды жүзеге асырған сарапшылардың байланыс деректерін (осы Нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес нотификация түрлерін көрсете отырып) уәкілетті органдар Комиссияның басқа уәкілетті органдарды хабардар етуі үшін Комиссияға жібереді.
Дүниежүзілік сауда ұйымына ұсынуға жататын нотификациялардың ТІЗБЕСІ
ДСҰ жұмысшы органының бабы (шешім) | ДСҰ сәйкес келісімімен бекітілген ДСҰ-ға нотификацияны ұсыну мерзімі | Нотификациялауға жататын ақпарат | Еуразиялық экономикалық комиссияның уәкілетті органдардың құрылымдық бөлімшелеріне нотификация жобасын жіберу мерзімі |
---|---|---|---|
I. 1994 жылғы Тарифтер және сауда бойынша бас келісім | |||
1. XXIV бап, ДСҰ Бас кеңесінің 2006 жылғы 18 желтоқсандағы WT/L/671 шешімі (өңірлік сауда келісімдеріндегі (ӨСК) транспаренттілік механизмі туралы) | кідіртпей (ӨСК ратификациялау немесе осындай келісімді қолдануға қатысты шешім қабылдау күнінен бастап, бірақ осындай келісімді оның тараптарының қолдануды бастауынан бұрын) | келісімнің қатысушылары туралы, келісімге қол қою және оның күшіне ену күні туралы (қысқаша сипаттама), қол қойылған келісім туралы (тек қана Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) қатысуымен жасалған еркін сауда аймақтары туралы келісімдер) | Келісімді қолдану басталғанға дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей |
2. XXIV.7-бап | келісімге қол қойылғаннан кейін және ол күшіне енгенге дейін | кеден одағына, еркін сайда аймағына немесе одақ немесе аймақ құруға алып келетін уақытша келісімге қатысу туралы (тек қана Одақтың қатысуымен жасалған еркін сауда аймақтары туралы келісімдер) | Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті рәсімдер аяқталған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде |
II. Санитариялық және фитосанитариялық шаралар қолдану бойынша келісім | |||
3. 7-бап, 5-тармақ В қосымша | ерте сатыда, шара қабылданғанға дейін (Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) актісі жобасын жария талқылау үшін орналастырғанға дейін) | Комиссияның ДСҰ Келісімінің санитариялық және фитосанитариялық шаралар қолдану бойынша (regular notifications) ұғымын білдіретін актілерінің жобалары туралы | Комиссия актісі жобасын жария талқылау басталғанға дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей |
III. Ауыл шаруашылығы бойынша келісім | |||
4. 12.1-бап | тыйымдар немесе шектеулер енгізілгенге дейін күнтізбелік 30 күннен кем емес, бірақ шаралар қабылдау күнінен кешіктірмей | 1994 жылғы Тарифтер және сауда бойынша бас келісімнің ХІ бабының "а" тармақшасына сәйкес азық-түлік экспортына қатысты жаңа тыйымдар немесе шектеулер (экспорттайтын уағдаласқан тарап үшін елеулі мәні бар азық-түліктің немесе басқа да тауарлардың қауіпті жетіспеушілігі салдарын болдырмау немесе әлсірету үшін уақытша қабылданған экспортқа тыйымдар немесе шектеулер) туралы | тыйымдар немесе шектеулер енгізілгенге дейін күнтізбелік 35 күн бұрын |
IV. Субсидиялар және өтемдік шаралары бойынша келісім | |||
5. 25.12-бап | бір реттік | Одаққа мүше мемлекеттің өтемдік тергеп-тексерулерге бастамашылық етуге және жүргізуге жауапты органы туралы, сондай-ақ осындай тергеп-тексерулердің басталуы және жүргізілуі тәртібін белгілейтін рәсімдер туралы | сәйкес актінің жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде немесе Одақ органы актісінің көлеміне қарай одан артық |
6. 32.6-бап | – | заңнаманың тергеп-тексеруді жүргізу және өтемдік шараларды енгізу бөлігіндегі кез келген өзгерістер туралы | Одақ органы актісінің немесе Одақ шеңберінде халықаралық шарттың күшіне енуі мерзіміне және көлеміне қарай |
7. 25.11-бап | кідіртпей | өтемақы баждарымен байланысты қабылданған алдын ала немесе соңғы іс-қимылдар туралы | Комиссияның сәйкес шешімі немесе хабарламасы жарияланған күннен бастап күнтізбелік 16 күн ішінде не Комиссияның шешімі күшіне енген күнінен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде (Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 1 қосымшасы) 30-тармағы негізінде Комиссия шешімінің күшіне енуін тоқта тұрған жағдайда) |
8. 25.11-бап | жарты жылда 1 рет | өткен 6 айға өтемақы баждарымен байланысты қабылданған кез келген іс-қимылдар туралы | есепті кезең аяқталған күннен бастап күнтізбелік 45 күн ішінде |
V. 1994 жылғы Тарифтер және сауда бойынша бас келісімнің VI бабын қолдану бойынша келісім | |||
9. 16.4-бап | кідіртпей | демпингке қарсы тергеп-тексерулер және шараларға қатысты қабылданған алдын ала немесе соңғы іс-қимылдар туралы | Комиссияның сәйкес шешімі немесе хабарламасы жарияланған күннен бастап күнтізбелік 16 күн ішінде не Комиссияның шешімі күшіне енген күнінен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде (Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 1 қосымшасы) 30-тармағы негізінде Комиссия шешімінің күшіне енуін тоқта тұрған жағдайда) |
10. 16.4-бап | жарты жылда 1 рет | өткен 6 айға демпингке қарсы тергеп-тексерулер және шараларға байланысты қабылданған іс-қимылдар туралы | есепті кезең аяқталған күннен бастап күнтізбелік 45 күн ішінде |
11. 18.5-бап | – | заңнаманың тергеп-тексеруді жүргізу және демпингке қарсы шараларды енгізу бөлігіндегі кез келген өзгерістер туралы | Одақ органы актісінің немесе Одақ шеңберінде халыаралық шарттың күшіне енуі мерзіміне және көлеміне қарай |
12. 16.5-бап | бір реттік | мүше мемлекеттің демпингке қарсы тергеп-тексерулерге бастамашылық етуге және жүргізуге жауапты органы туралы, сондай-ақ осындай тергеп-тексерулердің басталуы және жүргізілуі тәртібін белгілейтін рәсімдер туралы | сәйкес актінің жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде немесе Одақ органы актісінің көлеміне қарай одан артық |
VI. 1994 жылғы Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнің VII бабын қолдану бойынша келісім | |||
13. 22-бап | кідіртпей | заңнамада импортталатын тауарларды кедендік бағалау бөлігінде кез келген өзгерістер туралы | сәйкес шешім қабылданған күнінен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде |
VII. Шығарылуы қағидалары бойынша келісім | |||
14. 5-бап, 4-параграф I қосымша | өзгертілген немесе жаңа қағида күшіне енгенге дейін 60 күн бұрын, ерекше жағдайларда кідіртпей | кез келген сот шешімін және шығарылуы қағидаларына жататын жалпы қолданылатын әкімшілік қағидаларды қоса алғанда, елеусіздерден басқа, шығарылуы қағидаларындағы өзгерістер немесе жаңа шығарылуы қағидаларын енгізу туралы | өзгертілген немесе жаңа қағида күшіне енгенге дейін 70 күн бұрын |
VIII. Арнайы қорғау шаралары туралы келісім | |||
15. 12.1-бап (a) | кідіртпей | қауіпті залал келтірумен немесе осындай залалдың қауіп тудыруымен байланысты тергеп-тексеру процесінің басталуы және осындай тергеп-тексерудің себептері туралы | Комиссия хабарламасы жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде |
16. 12.1-бап (b) | кідіртпей | импорттың өсуіне байланысты қауіпті залалды немесе осындай залалдың қауіп тудыруын белгілеу туралы | Комиссия Алқасының арнайы қорғау шараларын қабылдау туралы мәселе қаралуы жоспарланған отырысына құжаттар жиынтығы мен материалдарды жіберген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде |
17. 12.1-бап (c) | кідіртпей | арнайы қорғау шараларын қолдану немесе ұзарту туралы шешім қабылдау туралы | Комиссияның сәйкес шешімі немесе хабарламасы жарияланған күннен бастап күнтізбелік 16 күн ішінде не Комиссияның шешімі күшіне енген күнінен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде (Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 1 қосымшасы) 30-тармағы негізінде Комиссия шешімінің күшіне енуін тоқта тұрған жағдайда) |
18. 9.1-бап, 2-сілтеме | кідіртпей | ДСҰ-ға мүше дамушы елде шығарылған тауарға қатысты арнайы қорғау шараларын қабылдамау туралы | Комиссия шешімді жариялаған күнінен бастап күнтізбелік 16 күн ішінде |
19. 12.4-бап | кідіртпей | алдын ала арнайы қорғау шараларын енгізу мүмкіндігі туралы | Комиссия Алқасының алдын ала арнайы қорғау шараларын қолдану туралы мәселе қаралуы жоспарланған отырысына осы мәселе бойынша құжаттар жиынтығы мен материалдарды жіберген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей |
20. 12.5-бап | кідіртпей | арнайы қорғау шараларын, соның ішінде алдын ала арнайы қорғау шараларын қолдану немесе ұзарту бойынша консультациялар нәтижелері туралы | консультация өткізген күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде |
21. 12.5-бап (7.4) | кідіртпей | аралық қайта қарау (mid-term review) нәтижелері туралы | Комиссияның сәйкес шешімі немесе хабарламасы жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде |
22. 12.6-бап | кідіртпей | заңнаманың арнайы қорғау шараларын қолдану бөлігінде кез келген өзгерістер туралы | Одақ органы актісінің немесе Одақ шеңберінде халыаралық шарттың күшіне енуі мерзіміне және көлеміне қарай |
IX. Импорттық лицензиялау рәсімдері бойынша келісім | |||
23. 1.4 (а) және 8.2 (b) баптар | ресми жарияланған күнінен бастап 60 күн ішінде | заңнамадағы өзгерістер және Импорттық лицензиялау рәсімдері бойынша келісім түсінігінде импорттық лицензиялауды реттеу туралы | ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде |
24. 5.1 – 5.4 баптар | ресми жарияланған күнінен бастап 60 күн ішінде | импорттық лицензиялау саласындағы импорттық лицензиялаудың жаңа рәсімдерін енгізетін немесе оларға өзгерістер енгізетін нормативтік құқықтық актілер туралы (ұлттық та, ұлтүсті деңгейде де) | ресми жарияланған күнінен бастап 40 күн ішінде |
25. 7.3-бап |
жыл сайын, | импортты лицензиялау рәсімдері туралы, соның ішінде импорттық лицензиялау рәсімі егжей-тегжейлі сипатталатын толтырылған жыл сайынғы сауалнама; рәсімдеуге жататын тауарлардың СЭҚ ТН коды; өтініш беру үшін қажетті құжаттар тізбесі және т.б. | жыл сайын, 1 қыркүйекке дейін |
X. Нарыққа қолжетімділік | |||
26. Тауарлар саудасы жөніндегі Бас кеңестің 2012 жылғы 3 шілдедегі G/L/59/Rev. 1 шешімі (сандық шектеу) |
2018 ж. 30 қыркүйекке дейін, одан әрі – 2 жылда 1 рет | қолданылатын сандық шектеулер мен тыйымдар туралы | 2018 ж. 15 тамызға дейін, одан әрі – 2 жылда 1 рет |
27. ДСҰ Бас кеңесінің 1997 жылғы 16 шілдедегі WT/L/225 шешімі (ДСҰ интеграцияланған деерктер базасы) | жыл сайын, импорттық тарифтер қолданылатын жылдың 30 наурызына дейін | әрбір тарифтік желі бойынша импорттық баждар бойынша егжей-тегдейлі деректер туралы (неғұрлым қолайлы режимнің қолданылатын тарифтері, есепті жылдағы тарифтердің ағымдағы байланысты деңгейлері және мүмкіндігіне қарай ұлттық корреляциялық кестелер және преференциалды тарифтер), | жыл сайын, импорттық тарифтер қолданылатын жылдың 1 наурызына дейін |
XI. Саудадағы техникалық кедергілер бойынша келісім | |||
28. 2.9-бап | ерте сатыда, шара қабылданғанға дейін (Комиссия актісінің жобасын жария талқылау үшін орналастырғанға дейін) | ДСҰ Саудадағы техникалық кедергілер бойынша келісім ұғымындағы техникалық регламенттер болып табылатын Комиссияның актілері туралы, атап айтқанда "сақталуы міндетті болып табылатын қолданылатын әкімшілендіру жағдайларын қоса алғанда, тауардың сипаттамасы немесе онымен байланысты өндіріс процестері мен әдістері белгіленетін құжаттар. Олар сонымен бірге тауарға, өнідіріс процесіне немесе әдісіне қолданылатын терминологияға, белгілеуге, орамаға, таңбалауға немесе этикетка жапсыруға қойылатын талаптарды енгізуі немесе тек қана қамтуы мүмкін" (ДСҰ СТК бойынша келісімнің 1-қосымшасы) | жария талқылау басталған күнге дейін 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей |
29. 2.10-бап | кідіртпей (шара қабылданған күннен бастап) | – " – | шара қабылданған күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірмей |
30. 5.6-бап | крте сатыда, шара қабылданғанға дейін (Комиссия актісінің жобасы жария талқылау үшін орналастырылғанға дейін) | ДСҰ саудадағы техникалық кедергілер бойынша келісім ұғымындағы бағалау рәсімдеріне қойылатын талаптарды қамтитын Комиссия актілері туралы, атап айтқанда "техникалық регламенттерде немесе стандарттарда қамтылған сәйкес талаптардың орындалуын анықтау мақсатында тікелей немесе жанама қолданылатын кез келген рәсімге" қатысты талаптар (ДСҰ СТК бойынша келісімнің 1-қосымшасы) | жария талқылау басталған күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей |
31. 5.7-бап | кідіртпей (шара қабылданған күннен бастап) | – " – | шара қабылданған күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірмей |
32. 10.7-бап | кідіртпей | саудаға елеулі ықпал етуі мүмкін техникалық тегламенттерге, стандарттарға немесе сәйкестілікті бағалау рәсімдеріне жататын мәселелер бойынша кез келген басқа елмен немесе елдермен уағдаластыққа сәйкес тауарлар туралы ақпарат туралы, сондай-ақ осы уағдаластықтықтың сипаттамасы | Одаққа мүше мемлекеттермен келісім бойынша |
_______________
Нотификация жобасын дайындауды уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады. Комиссия Одақ деңгейінде ақпарат дайындауды көздейтін базалық ақпарат дайындауды жүзеге асырады.
Базалық ақпарат Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленген баждар мөлшерлемелерінен және осындай мөлшерлемелердің көлемдерінен ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының мөлшерлемесі қолданылатын Одақтың жекелеген мүше мемлекеттеріне қатысты әрбір тарифтік желі бойынша және тауарлар тізбесі бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері туралы жеке ұсынылатын деректерді білдіреді.