Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 5 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 105-бабының 5-тармағына және 112-бабының 4-тармағына және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 30-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Осы Шешімге қосымшада көзделген өзгерістер 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының міндетін
уақытша атқарушы
К. Минасян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 16 қаңтардағы
№5 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулықта:

      а) 15-тармақта:

      42-тармақшада:

      екінші абзацтағы (кестеден кейін) және он алтыншы абзацтағы (кестеден кейін) "кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын" деген сөздер алып тасталсын;

      елу екінші абзацтағы (кестеден кейін) "кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын" деген сөздер алып тасталсын;

      48-тармақшада:

      үшінші абзацтағы (кестеден кейін) "төлеуді" деген сөз "төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы (кестеден кейін) "төлеуді қамтамасыз ету тәсілдерінің" деген сөздер "төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      49-тармақшаның он үшінші абзацындағы (кестеден кейін) "кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын" деген сөздер алып тасталсын;

      б) 43-тармақтың 4-тармақшасының жиырма төртінші абзацындағы "төлеуді" деген сөз "төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімінде:

      а) атауындағы "декларацияларды" деген сөз "құжаттарды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      б) 1-тармақта:

      тоғызыншы абзацтағы "кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын" деген сөздер алып тасталсын;

      жиырмасыншы абзацтағы "төлеуді" деген сөз "төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) мынадай мазмұндағы 23-тармақпен толықтырылсын:

      "23. Тауарларға арналған декларациялар берілгенге дейін тауарларды шығаруға мәлімделуі мүмкін тауарлар санаттарының сыныптауышы бекітілсін (27-қосымша).";

      г) тауарларды өткізу ерекшеліктерінің сыныптауышында (2-қосымша):

      031 коды бар позициядағы ", консулдық мекемелердің, өзге де ресми өкілдіктердің" деген сөздер "және консулдық мекемелердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      032 коды бар позициядағы ", шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің," деген сөздер "және Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің консулдық мекемелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      033 коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"33

Мемлекеттердің халықаралық ұйымдардың жанындағы өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдар немесе олардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орналасқан өкілдіктерінің ресми қолдануы үшін өткізілетін тауарлар";

      033 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"34

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 2-бабы 3-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орналасқан ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің ресми қолдануы үшін өткізілетін тауарлар";

      102 – 105 кодтары бар позициялар мынадай редакцияда жазылсын:

"102

Еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар және еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлардан және мәртебесі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 2010-бабының 8-тармағына сәйкес айқындалатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар

103

Кеден органы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ құрылғанға дейін оның аумағында болған тауарлар ретінде немесе еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағына әкелінген немесе еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағында дайындалған (алынған) тауарлар ретінде сәйкестендірмейтін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағындағы тауарлар

104

Еркін қойма кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар және еркін қойма кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлардан және мәртебесі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 2018-бабының 8-тармағына сәйкес айқындалатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар

105

Кеден органы еркін қойма құрылғанға дейін оның аумағында болған тауарлар ретінде немесе еркін қойма кедендік рәсіміне орналастырылған немесе еркін қоймада дайындалған (алынған) тауарлар ретінде сәйкестендірмейтін еркін қоймадағы тауарлар";

      105 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"106

Кеден органы еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардың құрамына кіретін (кірген) тауарлар ретінде сәйкестендіруі мүмкін бөлшектер, тораптар, агрегаттар

107

Кеден органы еркін қойма кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардың құрамына кіретін (кірген) тауарлар ретінде сәйкестендіруі мүмкін бөлшектер, тораптар, агрегаттар";

      110 және 111 кодтары бар позициялар алып тасталсын;

      112 – 119 кодтары бар позициялар мынадай редакцияда жазылсын:

"112

Еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан ғана, соның ішінде еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары пайдаланыла отырып орналастырылған, еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкетілетін тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар

113

Еуразиялық экономикалық одақтың, соның ішінде еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне орналастырылмаған тауарларынан дайындалған (алынған), еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тысқары әкетілетін тауарлар

114

Еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар және еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлардан және еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тысқары әкетілетін тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар, егер мұндай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 210-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылған жағдайда

115

Еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар және еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлардан және еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкетілетін, оларға қатысты еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарларды сәйкестендіру жүзеге асырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар

116

Еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар және еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлардан және еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкетілетін, оларға қатысты еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарларды сәйкестендіру жүзеге асырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар

117

Еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар және еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлардан және еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тысқары әкетілетін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар, егер мұндай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 210-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылмаған жағдайда

118

Еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне орналастырылған, еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімді (шартты) (еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтағы қызмет шарттары туралы шартты, инвестициялық декларацияны, кәсіпкерлік бағдарламасын) іске асыру үшін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың резиденті (қатысушысы, субъектісі) пайдалануға енгізген және пайдаланатын, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 209-бабы 1-тармағының екінші абзацында белгіленген кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеудің ерекшеліктері ескеріле отырып, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылатын жабдық

119

Порттық еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймағының немесе логистикалық еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймағының аумағындағы еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 209-бабы 1-тармағының екінші абзацында белгіленген кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеудің ерекшеліктері ескеріле отырып, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарлар";

      120 және 121 кодтары бар позициялар алып тасталсын;

      122 – 130 кодтары бар позициялар мынадай редакцияда жазылсын:

"122

Еркін қойма кедендік рәсіміне орналастырылған, еркін қойма аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкетілетін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан ғана дайындалған (алынған) тауарлар

123

Еркін қойма аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тысқары жерлерге әкетілетін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар

124

Еркін қойма кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар және еркін қойма кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлардан және еркін қойма аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тысқары әкетілетін Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 218-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар

125

Еркін қойма кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар және еркін қойма кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлардан және еркін қойма аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкетілетін, оларға қатысты еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарларды сәйкестендіру жүзеге асырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар

126

Еркін қойма кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар және еркін қойма кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлардан және еркін қойма аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкетілетін, оларға қатысты еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарларды сәйкестендіру жүзеге асырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар

127

Еркін қойма кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар және еркін қойма кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлардан және еркін қойма аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тысқары әкетілетін Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 218-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар

128

Еркін қойма кедендік рәсіміне орналастырылған, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 213-бабының 1-тармағында көзделген операцияларды жасау үшін еркін қойманың иесі пайдалануға енгізген және пайдаланатын, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 217-бабы 1-тармағының екінші абзацында белгіленген кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын есептеудің ерекшеліктері ескеріле отырып, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылатын жабдық

129

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 236-бабы 2-тармағының 3-тармақшасына сәйкес оларға қатысты салықтарды және (немесе) олардан алынатын пайыздарды, өзге де салық сомаларын, субсидияларды және өзге де сомаларды өтеу жүзеге асырылатын, кері импорт кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарлар

130

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 236-бабы 2-тармағының 3-тармақшасына сәйкес оларға қатысты салықтарды және (немесе) олардан алынатын пайыздарды, өзге де салық сомаларын, субсидияларды және өзге де сомаларды өтеу жүзеге асырылмайтын, кері импорт кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарлар

      134 коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"134

136 және 138 кодтары бар позицияларда көрсетілген тауарларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 172-бабына сәйкес балама тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялардың нәтижесінде алынған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін қайта өңдеу өнімдері";

      135 коды бар позициядағы "Кеден одағы Кеден кодексінің 259-бабына" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 183-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      136 коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"136

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 172-бабы 1-тармағының екінші абзацына сәйкес шетелдік тауарларды ауыстыру нәтижесінде алынған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін қайта өңдеу өнімдері";

      137 коды бар позициядағы "тауарларды құбыр жолмен өткізу кезінде Кеден одағы Кеден кодексінің 259-бабына" деген сөздер "егер қайта өңдеу жөніндегі операциялар құбыр жолмен өткізілетін тауарларға қатысты жүзеге асырылса, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 183-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      138 коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"138

Егер 136 коды бар позицияда көрсетілген тауарларды қоспағанда, қайта өңдеу жөніндегі операция тауарды, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін кепілді тауарды жөндеу болып табылса, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 172-бабына сәйкес балама тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялардың нәтижесінде алынған қайта өңдеу өнімдері";

      мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"174

Әуе өткізу пунктінің немесе халықаралық әуежайдың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарлар (Ресей Федерациясы үшін)

175

Теңіз (өзен) өткізу пункттеріндегі теңіз (өзен) порттарының қызметін қамтамасыз етуге арналған тауарлар (Ресей Федерациясы үшін)";

      д) тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктерінің сыныптауышында (6-қосымша):

      ПТД, НТД және ПДТ кодтары бар позициялар мынадай редакцияда жазылсын:

"ПТД

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 114-бабына сәйкес алдын ала кедендік декларациялау

НТД

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 115-бабына сәйкес толық емес кедендік декларациялау

ПДТ

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 116-бабына сәйкес мерзімдік кедендік декларациялау";

      ППД коды бар позиция алып тасталсын;

      ОКТ және ЗПК кодтары бар позициялар мынадай редакцияда жазылсын:

"ОКТ

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде өткізілетін тауарларды кедендік декларациялаудың ерекшеліктері (құрамдауышқа қатысты тауар декларациясы)

ЗПК

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, соның ішінде жиынтықталынбаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды кедендік декларациялаудың ерекшеліктері (соңғы құрамдауышқа қатысты тауар декларациясы)";

      е) кедендік төлемдерді төлеу жөніндегі жеңілдіктер сыныптауышында (7-қосымша):

      1.1-кіші бөлімде:

      НС коды бар позиция алып тасталсын;

      РВ коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"Санаттарын Еуразиялық экономикалық комиссия айқындайтын және (немесе) олар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер үшінші тараппен жасасқан шарттарда айқындалатын тауарлардың уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес кедендік әкелу бажы төленбей Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуы

РВ";

      1.2-кіші бөлімде:

      В коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"Санаттарын Еуразиялық экономикалық комиссия айқындайтын және (немесе) олар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер үшінші тараппен жасасқан шарттарда айқындалатын тауарлардың уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес акциздер төленбей Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуы және пайдаланылуы

В";

      Н коды бар позиция алып тасталсын;

      1.3-кіші бөлімде:

      РВ коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"Санаттарын Еуразиялық экономикалық комиссия айқындайтын және (немесе) олар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер үшінші тараппен жасасқан шарттарда айқындалатын тауарлардың уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес ҚҚС төленбей Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуы және пайдаланылуы

РВ";

      НС коды бар позиция алып тасталсын;

      ЗП коды бар позицияда 4.1-кіші бөлімінің 4.1.1-тармағындағы "Кеден одағының Кеден кодексінің 349-бабына сәйкес көлік құралымен" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 272-бабы 9-тармағының бірінші абзацына сәйкес халықаралық тасымал көлік құралымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ж) кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышында (8-қосымша):

      атауындағы "кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын" деген сөздер алып тасталсын;

      1-бөлімнің атауы "шектеулердің," деген сөзден кейін "ішкі нарықты қорғау шараларының" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-бөлімдегі 02026 коды бар позиция алып тасталсын;

      3-бөлімде:

      атауындағы "сыртқы экономикалық мәмілені" деген сөздер "тауарлармен жасалатын мәмілені" деген сөздермен ауыстырылсын;

      03011 коды бар позициядағы "сыртқы экономикалық мәмілені" деген сөздер "тауарлармен жасалатын мәмілені" деген сөздермен, 03013 коды позициядағы "сыртқы экономикалық мәмілені" деген сөздер "тауарлармен жасалатын бір жақты мәмілені" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-бөлімнің 03031 коды бар позициясындағы "сыртқы сауда шарты (келісімшарты) жөніндегі мәміле паспортының нөмірі" деген сөздер "келісімшарттың бірегей нөмірі (келісімшартты есепке қою кезінде уәкілетті банк беретін нөмір) не мәміле паспортының нөмірі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-бөлімде:

      атауы "құжаттар" деген сөзден кейін "және тауарлардың мәлімделген кедендік құнын растайтын құжаттар" деген сөздермен толықтырылсын;

      04121 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

      "04131 Тиеу (орау) парағы;

      5-бөлімде:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарларды сыныптау кезінде олардың сипаттамаларын растайтын құжаттар, тауарларды ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес сыныптау туралы алдын ала шешім, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, соның ішінде жиынтықталынбаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешім";

      05012 – 05014 кодтары бар позициялар мынадай редакцияда жазылсын:

"05012

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, соның ішінде жиынтықталынбаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешім

05013

Тауарларды ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес сыныптау туралы алдын ала шешім

05014

Тауарларды ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес сыныптау туралы алдын ала шешімге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, соның ішінде жиынтықталынбаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы шешім";

      05031 коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"05031

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, соның ішінде жиынтықталынбаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауар құрамдауыштарының жоспарланып отырған жеткізілімдері туралы хабарлама";

      6-бөлімде:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттар, тауарлардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім";

      06015 коды бар позициядағы "шығарылған ел" деген сөздер "шығарылғаны" деген сөзбен ауыстырылсын;

      06999 коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

      "06999 Тауардың өзге нысанда шығарылғаны туралы сертификат";

      7-бөлімде:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді орындаудың қамтамасыз етілгенін растайтын құжаттар, кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктер беру мақсаттары мен шарттарын сақтау, кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімін өзгерту, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды төлеудің орталықтандырылған тәртібін қолдануды растайтын құжаттар";

      07011 және 07012 кодтары бар позициялар мынадай редакцияда жазылсын:

"07011

Кедендік төлемдерді төлеу бойынша олармен жеңілдіктер белгіленген құжаттар

07012

Кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктер берудің мақсаттары мен шарттарының сақталуын растайтын құжаттар";

      07013 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"07014

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдерін өзгерту үшін негіздемелер белгіленген құжаттар

07015

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдерін өзгерту үшін негіздемелердің болуын растайтын құжаттар

07016

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексін қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлемей, тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында немесе оның шегінен тысқары жерлерде болу және (немесе) пайдаланылу мүмкіндігі белгіленген құжаттар

07017

Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлемей, тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында немесе оның шегінен тысқары жерлерде болу және (немесе) пайдаланылу мүмкіндігін растайтын құжаттар";

      07021 коды бар позициядағы "Кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу" деген сөздер "Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      07031 коды бар позициядағы "кедендік төлемдерді төлеуді" деген сөздер "кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      07035 коды бар позициядағы "кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етудің енгізілгенін" деген сөздер "кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді орындаудың қамтамасыз етілгенін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-бөлімде:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тауарлардың мәлімделген кедендік рәсімдерге орналастырылуы шарттарын растайтын құжаттар";

      08011 және 08012 кодтары бар позициялар мынадай редакцияда жазылсын:

"08011

Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу шарттары туралы құжат

08012

Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде қайта өңдеу шарттары туралы құжат";

      08013 коды бар позиция "қайта өңдеу" деген сөздердің алдынан "тауарларды" деген сөзбен толықтырылсын;

      08034 коды бар позициядағы "(қатысушысы)" деген сөз "(қатысушысы, субъектісі)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      08035 коды бар позицияда:

      "келісім" деген сөзден кейін "(шарт") деген сөзбен толықтырылсын;

      "декларация) деген сөз "декларация, кәсіпкерлік бағдарлама)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      08036 коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"08036

Порттық еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймағының немесе логистикалық еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймағының резиденті болып табылмайтын тұлға мен порттық еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймағының немесе логистикалық еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймағының резиденті арасында жасалған тауарларды қоймаға жинау (сақтау), тауарларды тиеу (түсіру) және сақтаумен байланысты өзге де жүк операциялары бойынша, сондай-ақ тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету және партияны бөлшектеуді, жөнелтімдерді қалыптастыруды, сұрыптауды, қаптауды, қайта қаптауды, таңбалауды қоса алғанда, тауарларды тасуға (тасымалдауға) дайындау бойынша қызметтер көрсету туралы шарт";

      08999 коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"08999

Тауарларды мәлімделген кедендік рәсімдерге орналастыру шарттарын растайтын өзге де құжаттар";

      9-бөлімде:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Кедендік құжаттарда мәлімделетін (көрсетілетін) мәліметтерді растайтын қосымша құжаттар";

      09026 коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"09026

Тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылатын құжаттардың тіркелгенін растау";

      09033 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"09034

Тұлғаның кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілгенін немесе тұлғаның кеден өкілдерінің тізіліміндегі тіркеу нөмірін куәландыратын құжат

09035

09031 коды бар позицияда көрсетілген құжатты қоспағанда, тауарларға арналған декларация

09036

Көлік құралына арналған декларация

09037

Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш

09038

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органы авария немесе еңсерілмейтін күш әрекетінің салдарынан шетелдік тауарлардың жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісі не тасымалдаудың және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісінің мойындалғанын растайтын құжат

09039

Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы мемлекеттің меншігіне (кірісіне) тәркіленуін немесе айналысқа түсуін растайтын құжат

09040

Тауарлардың және оған арналған құжаттардың ұсталуы туралы хаттама";

      09999 коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

      "09999 Өзге де құжаттар";

      10-бөлімде:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Кедендік құжаттарда мәлімделетін (көрсетілетін) мәліметтер";

      10014 коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"10014

Кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастыру кезіндегі тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялардың құны";

      10020 – 10023 кодтары бар позициялар мынадай редакцияда жазылсын:

"10020

Тауарларды кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлемей уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болу және пайдаланылу мерзімінің соңғы күні

10021

Беларусь Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік құжаттарда мәлімделетін (көрсетілетін) өзге де мәліметтер

10022

Қазақстан Республикасының кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кедендік құжаттарда мәлімделетін (көрсетілетін) өзге де мәліметтер

10023

Ресей Федерациясының кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кедендік құжаттарда мәлімделетін (көрсетілетін) өзге де мәліметтер";

      10024 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"10025

Армения Республикасының кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кедендік құжаттарда мәлімделетін (көрсетілетін) өзге де мәліметтер

10026

Қырғыз Республикасының кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кедендік құжаттарда мәлімделетін (көрсетілетін) өзге де мәліметтер";

      10044 коды бар позициядағы "Кеден одағы Кеден кодексінің 193-бабына" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 114-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10044 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"10045

Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы мәліметтер

10046

"Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі ақпараттық ресурс";

      10052 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

      "10060 Алдын ала ақпарат";

      10999 коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

      "10999 Өзге де мәліметтер";

      11-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кедендік құжат беретін тұлғаның өкілеттіктерін растайтын құжаттар";

      "***" белгісі бар сілтеме алып тасталсын;

      з) алынуы кеден органдарына жүктелген салықтар, алымдар және өзге де төлемдер түрлерінің сыныптауышында (9-қосымша):

      1-бөлімде:

      2010 коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"Төлеу жөніндегі міндеттеме 2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған кедендік әкелу бажы (балама әсері бар өзге де баждар, салықтар және алымдар)

2010";

      2010 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"Төлеу жөніндегі міндеттеме 2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған кедендік әкелу бажын төлеуді кейінге қалдырғандық үшін пайыздар

2012

Төлеу жөніндегі міндеттеме 2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған кедендік әкелу бажының төлемін бөліп-бөліп төлеу үшін пайыздар

2013";

      2020 коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"Төлеу жөніндегі міндеттеме 2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған кедендік әкелу бажы

2020";

      2-бөлімде:

      2.2-кіші бөліміндегі 2030 коды бар позиция алып тасталсын;

      2.5-кіші бөлімінде:

      2.5.1-тармақта:

      2012 коды бар позиция алып тасталсын;

      2022 коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"Төлеу жөніндегі міндеттеме 2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған кедендік әкелу бажын төлеуді кейінге қалдырғандық үшін пайыздар

2022";

      2032 коды бар позиция алып тасталсын;

      2.5.2-тармақта:

      2013 коды бар позиция алып тасталсын;

      2023 коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"Төлеу жөніндегі міндеттеме 2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған кедендік әкелу бажының төлемін бөліп-бөліп төлеу үшін пайыздар

2023";

      3-бөлімде:

      3.5-кіші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.5. Пайыздар

Кедендік төлемді кейінге қалдырғандық үшін пайыздар (төлеу жөніндегі міндеттеме 2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған кедендік әкелу бажын қоспағанда)

ХХХ2****

Кедендік төлемді бөліп-бөліп төлеу үшін пайыздар (төлеу жөніндегі міндеттеме 2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған кедендік әкелу бажын қоспағанда)

ХХХ3****";

      3.6-кіші бөліміндегі 9200, 9910 және 98Х01 кодтары бар позициялар мынадай редакцияда жазылсын:

"Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету (кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерін орындауын қамтамасыз етуді қоспағанда)

9200

Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерін орындауын қамтамасыз ету

9910

Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етудің өзге де сомалары

98Х01";

      4-бөлімнің 4.41-кіші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.41. Пайыздар

Кедендік төлемді кейінге қалдырғандық үшін пайыздар (төлеу жөніндегі міндеттеме 2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған кедендік әкелу бажын қоспағанда)

ХХХ6****

Кедендік төлемді бөліп-бөліп төлеу үшін пайыздар (төлеу жөніндегі міндеттеме 2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған кедендік әкелу бажын қоспағанда)

ХХХ7****";

      6-бөлімнің 6.4-кіші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6.4. Пайыздар

Кедендік төлемді кейінге қалдырғандық үшін пайыздар (төлеу жөніндегі міндеттеме 2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған кедендік әкелу бажын қоспағанда)

ХХХ4****

Кедендік төлемді бөліп-бөліп төлеу үшін пайыздар (төлеу жөніндегі міндеттеме 2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған кедендік әкелу бажын қоспағанда)

ХХХ5****";

      и) алынуы кеден органдарына жүктелген кедендік және өзге де төлемдерді төлеу ерекшеліктерінің сыныптауышында (10-қосымша):

      ИУ және ВУ кодтары бар позициялар мынадай редакцияда жазылсын:

"Төлемді төлеу тауарлар шығарылғанға дейін, ал тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару жүргізілген тауарларға қатысты – Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 137-бабының 7, 10 және 11-тармақтарында, 198-бабының 11 және 12-тармақтарында көрсетілген мерзім өткенге дейін

ИУ

Тауарлар шығарылғаннан кейін төлем есептелген соманың толық мөлшерінде төленді (өндіріп алынды), ал ал тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару жүргізілген тауарларға қатысты – Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 137-бабының 7, 10 және 11-тармақтарында, 198-бабының 11 және 12-тармақтарында көрсетілген мерзім өткенге дейін

ВУ";

      мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінің есебінде көрсетілген мәліметтер негізге алына отырып төлеуге жатқызылар еді

ПУ";

      к) кеден органдары қабылдайтын шешімдердің сыныптауышында (14-қосымша):

      10 коды бар позиция "шығаруға" деген сөздің алдынан "Тауарларды" деген сөзбен толықтырылсын;

      11 коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"11

12 және 13 кодтары бар позицияларда аталған тауарларды шығаруды қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуының қамтамасыз етілуі шартымен тауарларды шығару";

      11 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"12

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 121-бабында көзделген ерекшеліктері бар тауарларды шығару

13

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 122-бабында көзделген ерекшеліктері бар тауарларды шығару

14

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 123-бабында көзделген ерекшеліктері бар тауарларды шығару";

      20 коды бар позиция "шартты" деген сөздің алдынан "Тауарларды" деген сөзбен толықтырылсын;

      20 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"40

Кедендік декларация тауарлар шығарылғанға дейін кері қайтарылған

50

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 113-бабының 4 – 6-тармақтарында немесе 116-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларда кедендік декларацияны кері қайтарып алу кезінде тауарлар шығарудың күші жойылған

51

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 116-бабының 10-тармағында көзделген жағдайда тауарлар шығарудың күші жойылған

52

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 118-бабы 4-тармағының екінші абзацына сәйкес айқындалған жағдайларда декларанттың уәжді өтініші бойынша тауарлар шығарудың күші жойылған

60

Тауарларды шығару мерзімі тоқтатыла тұрды

61

Тауарларды шығарудың мерзімін тоқтата тұру мерзімі ұзартылды

62

Тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұрудың күші жойылды

70

Тауарларды шығару мерзімі ұзартылды";

      81 коды бар позиция алып тасталсын;

      90 коды бар позиция "шығарудан" деген сөздің алдынан "Тауарларды" деген сөзбен толықтырылсын;

      91 коды бар позиция алып тасталсын;

      л) арнайы оңайлатулар түрлерінің сыныптауышы (16-қосымша) мынадай редакцияда жазылсын:

  "Кеден одағы Комиссиясының
2010 жылғы 20 қыркүйектегі
№378 шешіміне №16
ҚОСЫМША
(Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 16 қаңтардағы
№5 шешімінің редакциясында

Арнайы оңайлатулар түрлерінің
СЫНЫПТАУЫШЫ

Код

Арнайы оңайлатулар түрінің атауы

А

Уәкілетті экономикалық операторлар тауарларының уәкілетті экономикалық операторының құрылыстарында, үй-жайларында (үй-жайларының бөліктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) уақытша сақтау

В

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 120 және 441-баптарына сәйкес тауарларға арналған декларациялар берілгенге дейін тауарларды шығару

С

Уәкілетті экономикалық оператордың құрылыстарында, үй-жайларында (үй-жайларының бөліктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) кедендік бақылауды жүргізу

D

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 437-бабында көзделген және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссия айқындайтын өзге де арнайы оңайлатулар";

      м) кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілдерінің сыныптауышында (19-қосымша):

      атауындағы "төлеуді" деген сөз "төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10 коды бар позициядағы "төлеуді" деген сөз "төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ескертпедегі "төлеуді" деген сөз "төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      н) кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды өткізу түрлерінің сыныптауышында (20-қосымша):

      ТР және ИМ кодтары бар позициялардағы "шетелдік" деген сөз алып тасталсын;

      ЭК коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"ЭК

Тауарларды ішкі кеден органынан кету орнындағы кеден органына дейін тасымалдау";

      ВТ коды бар позициядағы "шетелдік" деген сөз алып тасталсын;

      ТС коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"ТС

Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) теңізбен кеден органдарының арасында тасымалдау";

      мынадай мазмұндағы №27 қосымшамен толықтырылсын:

  "Кеден одағы Комиссиясының
2010 жылғы 20 қыркүйектегі
№378 шешіміне
№27 ҚОСЫМША

Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығаруға мәлімделуі мүмкін тауарлар санаттарының
СЫНЫПТАУЫШЫ

Код

Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығаруға мәлімделуі мүмкін тауарлар санаттарының атауы


01

Декларанты уәкілетті экономикалық оператор болатын тауарлар

21

Дүлей зілзалалардың, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою үшін қажетті тауарлар

22

Бейбітшілікті қолдау акцияларын орындау үшін не оқу-жаттығулар жүргізу үшін қажетті әскери мақсаттағы өнім

23

Гуманитарлық және техникалық көмек

24

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің валютасы, шетелдік валюта, өзге де валюталық құндылықтар, қымбат бағалы металдар, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері және олардың филиалдары әкелетін алтын

30

Тез бүлінетін тауарлар

31

Жануарлар

32

Радиоактивтік материалдар

33

Жарылғыш заттар

34

Халықаралық пошта жөнелтімдері

35

Экспресс-жүктер

36

Халықаралық көрме іс-шараларында көрсетуге арналған тауарлар

37

Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған хабарлар мен материалдар

38

Халықаралық тасымал көлік құралдарын жөндеу және (немесе) қауіпсіз пайдалануда ұстау үшін қажетті қосалқы бөлшектер, қозғалтқыштар, шығыс материалдары, жабдық, құралдар

79

Кедендік операциялар оларға қатысты бірінші кезектегі тәртіппен жасалатын өзге де тауарлар

81

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалатын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде әкелінетін тауарлар


Ескертпе.

Егер әкелінетін тауарларды тауарлардың екі немесе одан да көп санаттарына жатқызу мүмкіндігі болған жағдайда, кодтардың өсуі тәртібімен бірінші тұрған сыныптауыштың позициясына артықшылық беріледі.".

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны түзету нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулықтың 10тармағы 9-тармақшасының жетінші абзацындағы (кестеден кейін) "декларацияларды" деген сөз "құжаттарды" деген сөзбен ауыстырылсын.

      4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 8 шілдедегі № 75 шешімімен бекітілген "Кедендік тасымалдаушылардың жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесіне қосылу тәртібінің 23-тармағының "в" тармақшасындағы және 23-тармағының "б" тармақшасындағы "декларацияларын" деген сөз "құжаттарын" деген сөзбен ауыстырылсын.

      5. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 126 шешімімен бекітілген "Уақытша сақтау қоймалары иелерінің жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесіне қосылу тәртібінің 23-тармағының "в" тармақшасындағы және 24-тармағының "б" тармақшасындағы "декларацияларды" деген сөз "құжаттарды" деген сөзбен ауыстырылсын.

      6. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 5 шешімімен бекітілген "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын сыныптауыштарды қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларының 1-тармағының үшінші абзацындағы "декларацияларды" деген сөз "құжаттарды" деген сөзбен ауыстырылсын.

      7. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 2 ақпандағы № 16 шешімімен бекітілген "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкелінетін және осы аумақтан уақытша әкетілетін халықаралық тасымал көлік құралдарын есепке алу және бақылау процесінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының арасында мәліметтермен алмасуды қамтамасыз ету" жалпы процесіне қосылу тәртібінің 22-тармағының "б" тармақшасындағы "декларацияларды" деген сөз "құжаттарды" деген сөзбен ауыстырылсын.

      8. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 2 маусымдағы № 55 шешімімен бекітілген "Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерге іс жүзінде әкетуді бақылау және растау процесінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары арасында мәліметтер алмасуды қамтамасыз ету" жалпы процесін сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларының 5 кестесіндегі P.CLS.014 коды бар позициядағы "кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын" деген сөздер алып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады