Тауарларға декларация толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 16 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға декларация толтыру тәрітібі туралы нұсқаулыққа мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 15-тармақтың 29-тармақшасындағы "Беларусь Республикасында 7-ші нөмірдегі мәліметтер ТД-да белгілі бір уақыт кезеңінде тауарлардың тұрақты орын ауыстыруы кезінде болжамды мәліметтерді беру кезінде толтырылады." деген сөздер алып тасталсын;

      б) 18-тармақтың 11-тармақшасында:

      он үшінші абзацтағы (кестеден кейін) "пайдаланылды" деген сөз "пайдаланылады" деген сөзбен ауыстырылсын, "келтірілген" деген сөз "келтіріледі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      он бесінші абзацтағы (кестеден кейін) "тасымалданған" деген сөз "тасымалданады" деген сөзбен ауыстырылсын;

      в) Х1 бөлімнің атауындағы және 411-тармақтағы "Қазақстан Республикасы аумағында және Ресей Федерациясы аумағында" деген сөздер "кедендік аумақта" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады