Әйелдердің бір рет пайдаланылатын гигиеналық төсемдерін, бюстгальтерге арналған бір рет пайдаланылатын гигиеналық астарларды және ересектерге арналған бір рет пайдаланылатын жаялықшаларды Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 19 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабының 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Бұйымға негізгі қасиетті беретін – сұйықтықты жинау және ұстап тұратын сіңіргіш қабаты химиялық талшықтарды қосумен немесе оларсыз тарқатылған целлюлозадан және химиялық ылғал сіңіргіш материалдан (супер сіңіргіштен) тұратын әртүрлі материалдардан әзірленген бірнеше қабаттан тұратын әйелдердің бір рет пайдаланылатын гигиеналық төсемдері сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1, 3 (в) және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 9619 00 710 9 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Бюстгалтерьге арналған төсемдер ретінде пайдаланылатын, бұйымға негізгі қасиетті беретін – сұйықтықты жинау және ұстап тұратын сіңіргіш қабаты химиялық талшықтарды қосумен немесе оларсыз тарқатылған целлюлозадан және химиялық ылғал сіңіргіш материалдан (супер сіңіргіштен) тұратын әртүрлі материалдардан әзірленген бірнеше қабаттан тұратын бюстгальтерге арналған бір рет пайдаланылатын гигиеналық астарлар сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1, 3 (в) және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 9619 00 790 9 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.

      3. Бұйымға негізгі қасиетті беретін – сұйықтықты жинау және ұстап тұратын сіңіргіш қабаты химиялық талшықтарды қосумен немесе оларсыз тарқатылған целлюлозадан және химиялық ылғал сіңіргіш материалдан (супер сіңіргіштен) тұратын әртүрлі материалдардан әзірленген бірнеше қабаттан тұратын ересектерге арналған бір рет пайдаланылатын жаялықшалар сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1, 3 (в) және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 9619 00 890 9 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады