Екі қабатты теміржол жолаушылар вагондары компоненттерінің жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 59 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан кіші қосалқы позициялар алып тасталсын;

      б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына кіші қосалқы позициялар енгізілсін;

      в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін;

      г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 63С ескертпемен толықтырылсын:

      "63С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 59 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2020 жылғы 30 маусымға дейін қолданылады".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 24 сәуірдегі
№ 59 шешіміне
№ 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын
КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Қос.өлш.бірл.




8607 19 900 0

– – – арбалардың, жүретін теңгергіш арбалардың және соған ұқсас арбалардың бөлшектері

8607 21 100 0

– – – шойын құйма немесе болат құйма

8607 21 900 0

– – –  өзгелер

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 24 сәуірдегі
№ 59 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілетін
КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Қос.өлш.бірл.




8607 19 900

– – – арбалардың, жүретін теңгергіш арбалардың және соған ұқсас арбалардың бөлшектері:


8607 19 900 1

– – – – локомотивтік тартқышты екі қабатты жолаушылар вагондарының өндірісіне арналған орталық вертикальді гидравликалық амортизатор5)

8607 19 900 9

– – – – өзгелері

8607 21 100

– – – шойын құйма немесе болат құйма:


8607 21 100 1

– – – – локомотивтік тартқышты екі қабатты жолаушылар вагондарының өндірісіне арналған тежегіш құрылғылардың бөлшектері5)

8607 21 100 9

– – – – өзгелері

8607 21 900

– – –  өзгелері:


8607 21 900 1

– – – – локомотивтік тартқышты екі қабатты жолаушылар вагондарының өндірісіне арналған тежеу магистралін басқару панелі, қысқышты механизм, тежегіштік контроллер, тежегіш жабдығының контейнері, тежегіш жапсырмасы, тайғанауға қарсы құрылғы5)

8607 21 900 9

– – – – өзгелері

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 24 сәуірдегі
№ 59 шешіміне
№ 3 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының
СТАВКАЛАРЫ

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құннан пайызбен не евромен, не АҚШ долларымен)




8607 19 900 1

– – – – локомотивтік тартқышты екі қабатты жолаушылар вагондарының өндірісіне арналған орталық вертикальді гидравликалық амортизатор5)

563С)

8607 19 900 9

– – – – өзгелері

5

8607 21 100 1

– – – – локомотивтік тартқышты екі қабатты жолаушылар вагондарының өндірісіне арналған тежегіш құрылғылардың бөлшектері5)

563С)

8607 21 100 9

– – – – өзгелері

5

8607 21 900 1

– – – – локомотивтік тартқышты екі қабатты жолаушылар вагондарының өндірісіне арналған тежеу магистралін басқару панелі, қысқышты механизм, тежегіштік контроллер, тежегіш жабдығының контейнері, тежегіш жапсырмасы, тайғанауға қарсы құрылғы5)

563С)

8607 21 900 9

– – – – өзгелері

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады