Тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде қосымша есепке жазуды есептеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 83 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 38-бабының 17-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде:

      егер Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 40-бабы 1-тармағының 13, 6 және 7-тармақшаларында көрсетілген қосымша есепке жазу Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың барлық немесе бірнеше атауына жатқан жағдайда, тауардың әрбір атауы үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға қосуға жататын қосымша есепке жазудың шамасын айқындау тауардың әрбір атауы құнының осындай есепке жазу жататын тауарлардың жалпы құнына қатынасымен айқындалатын шамаға пропорционалды түрде жүзеге асырылады;

      егер Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 40-бабы 1-тармағының 4 және 5-тармақшаларында көрсетілген қосымша есепке жазу Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың барлық немесе бірнеше атауына жатқан жағдайда, тауардың әрбір атауы үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға қосуға жататын қосымша есепке жазудың шамасын айқындау тауардың әрбір атауының брутто салмағының осындай есепке жазу жататын тауарлардың жалпы брутто салмағына қатынасымен айқындалатын шамаға пропорционалды түрде жүзеге асырылады;

      егер тауарларды тасу (тасымалдау) өтеусіз немесе тауарларды сатып алушының (алушының) меншікті көлік құралдарының көмегімен жүзеге асырылған жағдайда, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 40-бабы 1-тармағының 4-тармақшасында көрсетілген тауарларды тасуға (тасымалдауға) шығыстардың шамасы тауарларды көліктің тиісті түрімен тасуға (тасымалдауға) тауарларды тасу (тасымалдау) кезеңінде немесе уақыттың тиісті кезеңінде (тасымалдау маусымдылығы) қолданыста болатын тарифтер негізінде есептеледі. Тауарларды көліктің осы түрімен тасуға (тасымалдауға) тарифтер туралы мәліметтер болмаған кезде тауарларды тасуға (тасымалдауға) шығыстарды есептеу үшін шығындардың барлық қажетті баптары немесе элементтері енгізіліп, тауарларды тасуға (тасымалдауға) шығыстарды калькуляциялау жөніндегі бухгалтерлік есепке алу деректері қолданылады.

      Осы тармақтың екінші абзацының ережелеріне қарай Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 40-бабы 1-тармағының 7-тармақшасында көзделген қосымша есепке жазудың шамасы декларанттың қалауы бойынша осындай қосымша есепке жазу жататын тауарлардың арасынан кедендік әкелу бажының ең жоғары адвалорлық ставкасы қолданылатын, әкелінген тауар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға қосылуы мүмкін. Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 40-бабы 1-тармағының 7-тармақшасында көзделген қосымша есепке жазу жататын тауарлардың бірнеше партиясын кедендік декларациялау кезінде осы ережелер қолданылған жағдайда, осындай есепке жазудың жиынтық шамасы осындай қосымша есепке жазу жататын, алғашқы партияда әкелінген тауарлар арасынан кедендік әкелу бажының ең жоғары адвалорлық ставкасы қолданылатын, алғашқы партияда әкелінген тауар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға қосылуы мүмкін. Егер кейіннен (екінші және (немесе) кейінгі партияларда осындай қосымша жазу жататын және кедендік әкелу бажының ең жоғары адвалорлық ставкасы қолданылатын тауар декларацияланса, қосымша есепке жазудың осындай жиынтық шамасы осы тауар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға қосылуға тиіс. Көрсетілген тауарлар шығарылғаннан кейін қосымша есепке жазудың жиынтық шамасын бұрын әкелінген тауарлардың кедендік құнынан алып тастау тауарларға арналған декларацияда мәлімделген осындай тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерге өзгерістер енгізу арқылы жүргізіледі. Егер Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 40-бабы 1-тармағының 7-тармақшасында көзделген қосымша есепке жазу жататын барлық тауарға қатысты кедендік әкелу бажының өзіндік ерекшелігі бар ставкалар қолданылған жағдайда, мұндай есепке жазудың жиынтық шамасы декларанттың қалауы бойынша осындай қосымша жазу жататын тауарлар арасынан салық салудың ең жоғары деңгейі қолданылатын, әкелінетін тауар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға қосылуы мүмкін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады