Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 122 шешімінің 2-тармағына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 88 шешімі

      2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімнің 3-бабының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі "Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің паспорттары) және өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеу тәртібін бекіту туралы" № 122 шешімінің 2-тармағының "а" және "в" тармақшаларында "2018 жылғы 1 шілдеге дейін" деген сөздер "2019 жылғы 1 қарашаға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының 2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімді іске асыруға жауапты атқарушы билік органдары электрондық паспорттары жүйелерінің әкімшілерімен бірлесіп, осы Шешімнің 1-тармағында көзделген өзгерістерге сәйкес мерзімдерді ескере отырып, Келісімге қатысушы мемлекеттерде және Еуразиялық экономикалық одақта көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассиінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттарын енгізудің келісілген жоспарын 2018 жылғы 1 шілдеге дейін Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады