Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 7 және 44-тармақтарына және Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында келісілген саясатты жүргізу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 13 қосымша) 6-тармағының 3-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 25 мамырдағы № 59 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер тұтынушыларының құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік комитет туралы ережеге өзгерістер енгізілсін.
2 Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 17 шілдедегі № 114 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер тұтынушыларының құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік комитет туралы ережеге енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР
1. 1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Комитет Комиссияның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер, Одақ) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы келісілген саясатты іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар, ұсынымдар дайындауды және консультациялар өткізуді қамтамасыз ететін консультативтік органы болып табылады.".
2. 7-тармақтың "ж" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"ж) Комиссия Алқасының отырыстарында және мемлекеттік биліктің уәкілетті органдарымен және мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің ұйымдарымен өзара қарым-қатынаста Комитет атынан өкілдік етеді.".
3. 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Комитет отырыстарында қаралатын мәселелер құзыретіне жататын Комиссияның лауазымды адамдары мен қызметкерлері, тәуелсіз сарапшылар, сондай-ақ Одақ жанындағы бақылаушы мемлекеттердің уәкілетті органдарының лауазымды адамдары Комитет төрағасының шақыруы бойынша Комитет отырыстарына қатыса алады.
Одақ жанындағы бақылаушы мемлекеттердің уәкілетті органдарының лауазымды адамдары Комиеттің шешім қабылдауына қатысуға құқығы жоқ.
Одақ жанындағы бақылаушы мемлекеттердің уәкілетті органдарының шақырылған лауазымды адамдарына олардың өтініштері негізінде Комитет отырыстарында сөз сөйлеу құқығы берілуі мүмкін.
Одақ жанындағы бақылаушы мемлекеттердің уәкілетті органдарының лауазымды адамдарына олардың сұратуы бойынша, таратылуы шектеулі (құпия және қызмет бабында пайдалануға арналған) құжаттарды қоспағанда, Комитет қабылдаған актілердің көшірмелері берілуі мүмкін.".
4. 20-тармақтың екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Комитет мүшелері Комитет отырыстарына тікелей өздері қатысады.
Егер Комитет мүшесінің Комитет отырысына қатысуы мүмкін болмаған ерекше жағдайда, Комитет отырыс өткізілетін күннен 2 жұмыс күні бұрын Комитет төрағасына қаралатын мәселелер бойынша жазбаша нысанда өз ұстанымдарын ұсынуға және (немесе) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамын Комитет отырысына дауыс беру құқығынсыз қатысуға жіберуге құқылы.".