Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 12 мамырдағы № 53 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 17 шілдедегі № 115 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібінің 50-тармағының бірінші абзацын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 12 мамырдағы ""Кеден одағының "Темекі өніміне арналған техникалық регламент" (КО ТР 035/2014) техникалық регламентінің өтпелі ережелері туралы" № 53 шешімінің 1-тармағының "а" тармақшасының екінші абзацындағы және "б" тармақшасының үшінші абзацындағы "2018 жылғы 15 шілде" деген сөздер "2019 жылғы 15 қаңтар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Армения Республикасының Үкіметі осы Шешім күшіне енген күннен бастап Армения Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айналысқа шығарылған өнімге уәкілетті органдардың бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2018 жылғы 15 шілдеден бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады