Еуразиялық экономикалық одақтың "Минералдық тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы" (ЕАЭО ТР 039/2016) техникалық регламентін қолдану және оның талаптарын орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді таңдап алу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 21 тамыздағы № 132 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабының 11 және 12-тармақтарында көзделген қағидаттарды іске асыру мақсатында және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың "Минералдық тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы" (ЕАЭО ТР 039/2016) техникалық регламентін қолдану және оның талаптарын орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді таңдап алу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 21 тамыздағы
№132 шешімімен
  БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың "Минералдық тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы" (ЕАЭО ТР 039/2016) техникалық регламентін қолдану және оның талаптарын орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалары мен әдістерін, соның ішінде таңдап алу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама

N
р/с

МСМ коды

Мемлекетаралық стандарттар жобасының атауы

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің элементтері

Әзірлеу мерзімі

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше
мемлекет – жауапты әзірлеуші
 

басталуы

аяқталуы

1

2

3

4

5

6

7

1

65.080

Минералдық тыңайтқыш. Минералдық тыңайтқыштардағы табиғи радионуклеиндердің үлестік белсенділігін анықтау әдісі. МЕМСТ әзірлемесі

№ 2 қосымша

2018 жыл

2019 жыл

Қазақстан Республикасы

2

65.080

Аммиакты селитра және оның негізіндегі тыңайтқыш. Хлоридтердің жаппай үлесін анықтау әдісі. МЕМСТ 33831-2016 қайта қарау

№ 2 қосымша

2018 жыл

2019 жыл

Ресей Федерациясы

3

65.080

Минералдық тыңайтқыш Жалпы талаптар. Үлгіні алу. МЕМСТ 30182-94 қайта қарау

№ 2 қосымша

2018 жыл

2019 жыл

Ресей Федерациясы

4

65.080

Карбамид. Техикалық жағадйлар. МЕМСТ 2081-2010 қайта қарау

№ 2қосымша

2018 жыл

2019 жыл

Ресейя Федерациясы

5

65.080

Минералдық тыңайтқыш. Үлгілерді таңдап алу және дайындау әдістері. МЕМСТ 21560.0-82 қайта қарау

№ 2 қосымша

2018 жыл

2019 жыл

Ресей Федерациясы

6

65.080

Минералдық тыңайтқыш. Гранулометриялық құрамды анықтау әдісі. МЕМСТ 21560.1-82 қайта қарау

№ 2 қосымша

2018 жыл

2019 жыл

Ресей Федерациясы

7

65.080

Карбамид (несепнәр). Биуреттің құрамын фотометриялық анықтау әдісі. МЕМСТ 32555-2013 қайта қарау

№ 2 қосымша

2018 жыл

2019 жыл

Ресей Федерациясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады