Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес мамандандырылған тамақ өнімдерін сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 21 тамыздағы № 137 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Ұнтақ түріндегі немесе амин қышқылдарынан немесе құрамында көмекші заттар бар витаминдер, микро- және (немесе) макроэлементтер қосылған өсімдік сығындыларынан тұратын, адам тағамына теңгерімдеп қосуға арналған, пайдалану алдында қосымша әзірлеу (сумен араластыру) талап етілетін мамандандырылған тамақ өнімі сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2106 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Сұйық түріндегі, құрамында көмекші заттар бар витаминдер, микро- және (немесе) макроэлементтер қосылған белоктардың, өсімдік майларының, көмірсулардың қоспасынан тұратын, адам тағамына теңгерімдеп қосуға арналған, ішімдік ретінде тікелей пайдаланылатын мамандандырылған тамақ өнімі сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2202 тауар позициясында сыныпталады.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады