Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 143 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 6-тармағына және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 14-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім 2019 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 28 тамыздағы
№ 143 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Кеден одағы Комиссиясының "Көліктік (тасымалдаушы), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды тауарларға арналған декларация ретінде пайдалану тәртібі туралы" 2010 жылғы 20 мамырдағы № 263 шешіміне:

      а) кіріспесіндегі "Кеден одағының Кеден кодексінің 180-бабына" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) аталған Шешіммен бекітілген Көліктік (тасымалдаушы), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды тауарларға арналған декларация ретінде пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықта:

      1-тармақтағы "Кеден одағының Кеден кодексінің 180-бабына" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтың 2-тармақшасының күші жойылды деп танылсын;

      12-тармақтың 12 1 тармақшасында:

      екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "егер осындай басалқы бөлшектер мен жабдықтардың Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында болуына және пайдаланылуына арналған кедендік әкелу баждары, салықтар төленбестен рұқсат етілетін болса және тарифтік емес реттеу шаралары мен техникалық реттеу шараларының сақталуын растау талап етілмейтін болса, уақытша әкелудің (рұқсат етудің) кедендік рәсіміне орналастырылатын және халықаралық тасымалдаудың көліктік құралы ретінде әкелінген әуе кемелерін, су кемелерін, темір жол көліктік құралдарын (темір жол жылжымалы құрамдары, темір жол жылжымалы құрамының бірліктері) жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге немесе пайдалануға арналған;

      егер осындай басалқы бөлшектер мен жабдықтардың Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында болуына және пайдаланылуына арналған кедендік әкелу баждары, салықтар төленбестен рұқсат етілетін болса және тарифтік емес реттеу шаралары мен техникалық реттеу шараларының сақталуын растау талап етілмейтін болса, уақытша әкелудің (рұқсат етудің) кедендік рәсімімен орналастырылған және халықаралық тасымалдаудың көліктік құралы ретінде әкелінген әуе кемелерін, су кемелерін, темір жол көліктік құралдарын (темір жол жылжымалы құрамдары, темір жол жылжымалы құрамының бірліктері) жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге немесе пайдалануға арналған және уақытша әкелудің (рұқсат етудің) кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау мақсатында кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын;

      төртінші және бесінші абзацтардағы "48-тарауында" деген сөздер "38-тарауында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      № 1 және 2-қосымшалар алып тасталсын.

      2. Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешіміне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағының "в" және "г" тармақшалары (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 38 шешіміне қосымша) алып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады