Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 23-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 17 сәуірдегі №58 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауар сыныптамасы туралы алдын ала шешімнің нысанын толтыру және осындай алдын ала шешімге өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 12-тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын;
б) 13-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Графада Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес тауардың 10 таңбалық коды көрсетіледі.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |