Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа № 4 қосымшаға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 157 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа № 4 қосымшаға өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 157 шешіміне
ҚОСЫМША

Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа № 4 қосымшаға енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Бірінші графадағы "(4403 41 000 0, 41 000 0, 4403 49, 4403 95 000 2, 4403 96 000 1 басқа)" деген сөздер "(4403 41 000 0, 4403 49, 4403 95 000 1, 4403 95 000 2, 4403 95 000 9, 4403 96 000 1, 4403 96 000 9 басқа)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "(4403 41 000 0, 41 000 0, 4403 49, 4403 95 000 2, 4403 96 000 1 басқа)" коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"4403 95 000 1

қайыңнан жасалған өңделмеген ағаш материалдары

арналуы (дөңгелек түрінде пайдалану, сондай-ақ немесе темір жолдар немесе трамвай жолдары үшін ағаш материалдарды ұзына бойына өңдеу немесе жону немесе жаңқалау арқылы қаптауға арналған жаппа беттер үшін ағаш материалдарды өңдеу үшін арамен кесуге (жаруға) арналған ағаш материалдарының атауы (мысалы, араланатын қайыңнан жасалған арамен кесуге болатын диаметрі 15 см дөңгелек) өңдеудің болуы (мысалы, өңделмеген қабықты немесе қабықсыз) консервантпен өңделуінің болуы (мысалы, бояумен, оюмен, креозатпен немесе өзге де заттармен) ағаш материалдарының сорты (мысалы, 1-сорт, 2-сорт) ағаш материалдарының мөлшері (қабықсыз жоғарғы кесігінің және төменгі кесігінің диаметрі (қалыңдығы) диапазоны (см) ағаш материалының нақты ұзындығы мен қабығын ескере отырып оның көлемі (м3)".

      3. Бірінші графадағы "4403 95 000 2, 4403 96 000 1" ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары "4403 95 000 2, 4403 95 000 9, 4403 96 000 1, 4403 96 000 9" ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарымен ауыстырылсын.

      4. Мәтін бойынша 1-ескертуде:

      а) "сыныптамалық" деген сөз алып тасталсын;

      б) "Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша" деген сөздер "Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады