Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес квадрокоптерлерді сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 30 қазандағы № 172 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Төрт винтті ұшу аппаратын білдіретін, фото- және бейне жабдықпен немесе навигациялық жүйелердің (GPS, ГЛОНАСС және басқалар) кіріктірілген қабылдағыштары бар өзге де жабдықпен жарақтандырылған не жарақтандырылмаған, оператор қашықтықтан жерде тұрып немесе басқа ұшу аппаратынан басқаратын, сондай-ақ әртүрлі мақсаттар үшін пайдаланылатын автоматты түрде ұшуға (автоматты ұшып шығу мен қону, ұшуды басқаруға араласусыз алдын ала бағдармаланған маршрут бойынша өту) қабілетті квадрокоптер сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8802 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Төрт винтті ұшу аппаратын білдіретін, фото- және бейне жабдықпен немесе өзге де жабдықпен жарақтандырылмаған, оператор қашықтықтан басқаратын және көзбен шолып байқау арқылы бақыланатын, автоматты түрде ұшуға қабілетсіз, ойын-сауық үшін пайдаланылатын квадрокоптер сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 9503 00 тауар позициясында сыныпталады.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады