Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы хабардар ету жүйесін қалыптастыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезіндегі өзара іс-қимылының уақытша тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 12 қарашадағы № 182 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегіақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттықөзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 30-тармағына сәйкес, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 10 мамырдағы № 74 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы хабардар ету жүйесін қалыптастыру жөніндегі пилоттық жобаны 2018 – 2019 жылдары іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 1-тармағын орындау мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы хабардар ету жүйесін қалыптастыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезіндегі өзара іс-қимылының уақытша тәртібі бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 12 қарашадағы
№ 182 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы хабардар ету жүйесін қалыптастыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезіндегі өзара іс-қимылының УАҚЫТША ТӘРТІБІ

      1. Осы Уақытша тәртіп Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 10 мамырдағы № 74 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы хабардар ету жүйесін қалыптастыру жөніндегі пилоттық жобаны 2018 – 2019 жылдары іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 1-тармағын орындау мақсатында әзірленді және ол Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттер) бір-бірімен, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссиямен (бұдан әрі – Комиссия) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы хабардар ету жүйесін қалыптастыру жөніндегі пилоттық жобаны (бұдан әрі – пилоттық жоба) іске асыру шеңберіндегі өзара іс-қимылы қағидаларын айқындайды.

      2. Осы Уақытша тәртіп мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес таратылуы (қол жетімділігі) шектеулі мәліметтерге жатқызылған мәліметтерді қамтитын ақпаратпен алмасуға қолданылмайды.

      3. Осы Уақытша тәртіпте пайдаланылатын ұғымдар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта, Одақ органдарының Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – интеграцияланған жүйе) құру және дамыту мәселелері жөніндегі және техникалық реттеу мәселелері жөніндегі актілерінде айқындалған мәндерде қолданылады.

      4. Мыналар::

      а) Комиссия;

      б) Кеден одағының "Төменвольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 004/2011), "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 007/2011), "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 008/2011), "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 018/2011), "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 033/2013), "Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 034/2013) техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыруға уәкілетті мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары (бұдан әрі – техникалық регламенттер, уәкілетті органдар) пилоттық жобаны іске асыру шеңберіндегі өзара іс-қимылға қатысушылар болып табылады.

      5. Уәкілетті органдар туралы ақпарат Одақтың ресми сайтына орналастырылады.

      6. Мүше мемлекеттің аумағында техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнім анықталған жағдайда, уәкілетті органдар мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген шараларды қабылдайды және тиісті шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ол туралы басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарын және Комиссияны электрондық түрде хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді.

      7. Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің анықталғаны және шаралардың қабылданғаны туралы хабарламадағы мәліметтердің құрамы қосымшаға сәйкес айқындалады.

      Хабарламаға мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген құжаттардың электрондық көшірмелері (оның ішінде өнімді зерттеу (сынау) хаттамаларының көшірмелері), сондай-ақ техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімге қатысты шаралар қабылдау үшін негіздеме қызметін атқарған өзге де құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

      8. Аумағында техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнім анықталған уәкілетті орган өнімнің мөлшері, басқа мүше мемлекеттердің аумақтарында сату үшін осындай өнім жіберілген, дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар (бұдан әрі – дара кәсіпкерлер) туралы қосымша ақпарат алған жағдайда, хабарламаға тиісті өзгерістер енгізіледі.

      9. Комиссия пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде:

      а) техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау (қадағалау) нәтижелері туралы (оның ішінде техникалық регламенттер талаптарының бұзылуы және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімге қатысты қабылданған шаралар туралы) мәліметтерді қамтитын жалпы ақпараттық ресурсты (бұдан әрі – жалпы ақпараттық ресурс) қалыптастырып, жүргізуді;

      б) уәкілетті органдардан алынған мынадай мәліметтерді:

      техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді анықтаған уәкілетті орган (оның ішінде толық атауы) туралы мәліметтерді;

      техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің анықталған күнін;

      техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнім анықталған заңды тұлға немесе дара кәсіпкер (оның ішінде заңды тұлға үшін – толық атауы, орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және қызметін жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда) немесе дара кәсіпкер үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жері және қызметін жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда), сондай-ақ заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркелуі кезінде берілетін тіркеу немесе есепке қою (жеке, сәйкестендіру) нөмірі) туралы мәліметтерді;

      өнімді жеткізушілерді және сатып алушыларды айқындауға мүмкіндік беретін тауарға ілеспе құжаттар (жеткізу шарттары, тауардың жүкқұжаттары, шот-фактуралар және өнім туралы ақпаратты қамтитын өзге де құжаттар) туралы мәліметтерді;

      тауар туралы, оны сәйкестендіруді қамтамасыз ететін мәліметтерді (оның ішінде өнімнің атауы және белгіленімі, аты (бар болған жағдайда) және өнім туралы, оны сәйкестендіруді қамтамасыз ететін өзге де мәліметтер), сондай-ақ техникалық регламенттер талаптарының (техникалық регламент, бап, бөлік, тармақ, тармақша) анықталған бұзушылықтары туралы мәліметтерді;

      дайындаушы (дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, импорттаушы) туралы мәліметтерді, оның ішінде заңды тұлға үшін – өнімнің таңбалауында және өнімнің техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжаттарда көрсетілген толық атауы, орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және қызметін жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда) немесе дара кәсіпкер үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жері және қызметін жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда);

      өнімнің техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжаттың тіркеу нөмірін және қолданылу мерзімін;

      техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімге қатысты уәкілетті орган қабылдаған шараларды Одақтың ақпараттық порталында жариялауды;

      в) осы Уақытша тәртіптің 8 және 10-тармақтарына сәйкес жалпы ақпараттық ресурста қамтылған мәліметтерді жаңартуды;

      г) Одақтың ақпараттық порталында жарияланатын мәліметтерге қол жеткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады.

      10. Жалпы ақпараттық ресурстан мәліметтерді алып тастау қажет болған жағдайда, уәкілетті орган ол туралы Комиссияны электрондық түрде хабардар етеді.

      11. Одақтың ақпараттық порталында мынадай электрондық сервистерді іске асыру қамтамасыз етіледі:

      а) мынадай параметрлер бойынша мәліметтерді іздеу және ұсыну;

      аумағында техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнім анықталған мүше мемлекет;

      техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің атауы;

      өнім дайындалған мемлекет;

      өнім сатылатын мүше мемлекет;

      дайындаушының (дайындаушы уәкілетті берген тұлғаның, импорттаушының) атауы;

      сәйкестікті бағалау туралы құжаттың нөмірі және берілген күні;

      б) жалпы ақпараттық ресурста қамтылған мәліметтерді жаңартуға жазылым ресімдеу;

      в) белгілі бір кезең ішіндегі жалпы ақпараттық ресурстан алынған мәліметтердің мүше мемлекеттер бөлінісіндегі тізбесін ұсыну;

      г) мүдделі тұлғалардың ақпараттық жүйелерінің сұрау салуы бойынша автоматтандырылған өңдеу үшін жалпы ақпараттық ресурста қамтылған мәліметтерді ұсыну;

      д) жалпы ақпараттық ресурста қамтылған мәліметтерді белгілі бір форматта шығарып алуды қамтамасыз ету.

  Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттердің
уәкілетті органдары мен
Еуразиялық экономикалық
комиссияның Еуразиялық
экономикалық одақтың
техникалық регламенттерінің
талаптарына сәйкес келмейтін
өнім туралы хабардар ету
жүйесін қалыптастыру
жөніндегі пилоттық жобаны іске
асыру кезіндегі өзара
іс-қимылының уақытша
тәртібіне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің анықталғаны және шаралар қабылданғаны туралы хабарламада қамтылған мәліметтердің ҚҰРАМЫ

      1. Осы құжатта Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің анықталғаны және шаралар қабылданғаны туралы хабарламада қамтылған мәліметтердің құрамы айқындалады.

      2. Құрамы кестеде келтірілген мәліметтер Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы хабардар ету жүйесін қалыптастыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде беріледі.

      Берілетін мәліметтерді толтырудың көптігін, міндеттілігін және олардың ықтимал қайталаулар санын көрсету үшін кестенің "Көптігі" ("Көпт.") деген бағанында мынадай белгіленімдер пайдаланылады:

      1 – мәліметтер міндетті, қайталауға жол берілмейді;

      1..* – мәліметтер міндетті, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      0..1 – мәліметтер опционалды, қайталауға жол берілмейді;

      0..* – мәліметтер опционалды, шектеусіз қайталануы мүмкін.

      Кесте

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің анықталғаны және шаралар қабылданғаны туралы хабарламада қамтылған мәліметтердің құрамы

Атауы

Сипаттамасы

Ескертпе

Көп.

1. Хабарламаның нөмірі

хабарламаның мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тіркеу нөмірі

1

2. Байланысты хабарламаның нөмірі

хабарламаның басқа мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тіркеу нөмірі

хабарламаның алынуына байланысты орындалған тексерулердің нәтижесінде техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтін өнім анықталған жағдайда толтырылады

0..1

3. Мүше мемлекеттің уәкілетті органы

техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді анықтаған мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы туралы мәліметтер

мыналар: елдің коды (мүше мемлекеттің кодын көрсету үшін ISO 3166-1 халықаралық стандартына сәйкес елдің екі таңбалы әріптік коды пайдаланылады); мүше мемлекеттің уәкілетті органының сәйкестендіргіші; мүше мемлекеттің уәкілетті органының толық атауы көрсетіледі

1

4. Күні

техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің анықталған күні

бұл жерде және одан әрі күнді және уақытты белгілеу МЕМСТ ИСО 8601–2001 сәйкес жүргізіледі

1

5. Жеткізу тізбегіне қатысушы

техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтін өнім анықталған заңды тұлға немесе дара кәсіпкер туралы мәліметтер

мыналар: мемлекеттік тіркеу кезінде берілетін сәйкестендіргіш; заңды тұлғаның толық атауы немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда); заңды тұлғаның, орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және қызметін жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда) немесе дара кәсіпкердің тұрғылықты жері және қызметін жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда); жеткізу тізбегіне қатысушылар түрлерінің анықтамалығынан жеткізу тізбегіне қатысушылар түрінің кодтық белгіленімі көрсетіледі

1

6. Өнім

техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы ақпарат

мыналар: өнімнің белгіленімі және (немесе) дайындаушы берген өзге де шартты белгіленімі (бар болған жағдайда); өнімнің дайындаушы берген атауы; өнімнің аты (бар болған жағдайда); өнім туралы оның сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін қосымша мәліметтер (бар болған жағдайда); өнімнің мөлшерін және өлшем бірлігін (бар болған жағдайда) көрсетумен өнімнің бірлігі немесе өнімнің бірдей бірліктер тобы туралы ақпарат; таңбалауда көрсетілген өнімді дайындаушы (дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, импорттаушы) туралы мәліметтер (сипаттамасы осы кестенің 5-тармағында келтірілген), Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес тауардың кодтық белгіленімі көрсетіледі. Өнімнің бейнесі (фотосуреті) қоса беріледі (бар болған жағдайда)

1

7. Тауарға ілеспе құжат

тауарға ілеспе құжат (жеткізу шарты, тауардың жүкқұжаты, шот-фактура және өнім туралы ақпаратты қамтитын өзге де құжаттар) туралы мәліметтер

мыналар: тауарға ілеспе құжаттың атауы; тауарға ілеспе құжаттың берілген күні және нөмірі;
тауарға ілеспе құжатта қамтылған өнім туралы ақпарат (сипаттамасы осы кестенің 6-тармағында келтірілген);
тауарға ілеспе құжатта ол туралы мәліметтер бар заңды тұлға немесе дара кәсіпкер туралы ақпарат (сипаттамасы осы кестенің 5-тармағында келтірілген) көрсетіледі

1..*

8. Техникалық регламенттің бұзылуы туралы ақпарат

техникалық регламенттің талаптарын анықталған бұзушылықтар туралы ақпарат

1..*

8.1 Техникалық регламенттің құрылымдық элементі

техникалық регламенттің құрылымдық элементі туралы ақпарат

мыналар: Еуразиялық экономикалық одақтың (Кеден одағының) техникалық регламентінің нөмірі; техникалық регламенттің құрылымдық элементінің белгіленімі немесе атауы (бар болған жағдайда) көрсетіледі

1..*

8.2. Бұзушылық түрі

техникалық регламентті анықталған бұзу түрі

техникалық регламенттің анықталған бұзушылықтар түрлерінің анықтамалығынан кодтық белгіленімі көрсетіледі

0..1

8.3. Сипаттамасы

техникалық регламентті анықталған бұзушылықтың сипаттамасы

0..1

8.4. Құжаттамалық растау

мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шаралар шеңберінде дайындалған техникалық регламенттің талаптарының бұзылуы фактісін растайтын материалдар

мыналар: құжаттың түрі; құжаттың атауы; құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні; құжаттың қолданылу мерзімі және қолданылу мерзімінің аяқталу күні (бар болған жағдайда); құжатты берген уәкілетті органның сәйкестендіргіші және атауы; құжаттың сипаттамасы (бар болған жағдайда) көрсетіледі. Құжат бинарлық форматта (бар болған жағдайда) қоса беріледі

0..*

9. Сәйкестікті бағалау туралы құжат

өнімнің техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжат туралы мәліметтер

мыналар: Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 108 шешімімен бекітілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттар түрлерінің сыныптауышына сәйкес құжат түрінің кодтық белгіленімі;
құжатты берген (тіркеген) ұйым туралы ақпарат; құжаттың нөмірі, қолданылу мерзімі; өнімнің техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжатта көрсетілген өнімді дайындаушы (дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, импорттаушы) туралы мәліметтер көрсетіледі (сипаттамасы осы кестенің 5-тармағында келтірілген)

0..1

10. Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтін өнімге қатысты шара

бұзушылық фактілерінің анықталуына байланысты мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы өнімге қатысты қабылдаған шара туралы ақпарат

мыналар: өнімге қатысты қабылданатын шараның кодтық белгіленімі; өнімге қатысты қабылданатын шараның сипаттамасы (бар болған жағдайда); өнімге қатысты шара қабылдау үшін негіздеме қызметін атқарған құжат туралы мәліметтер көрсетіледі (сипаттамасы осы кестенің 8.4-тармағында келтірілген)

1..*

11. Ескертпе

қосымша ақпарат

0..1

12. Жалпы ресурс жазбасының технологиялық сипаттамалары

жалпы ресурстың жазбасы туралы технологиялық мәліметтердің жиынтығы

жазбаның қолданылу мерзімінің басталған және аяқталған күні көрсетіледі

0..1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады