Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 148 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 20 қарашадағы № 188 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 111-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 10 қарашадағы "Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, қуаты 250 а.к. дейінгі бұрылмайтын және бұрылатын қайырмасы бар шынжыр табанды бульдозерлерге қатысты демпингке қарсы шара қолдану туралы" № 148 шешіміне қосымша Tianjin Liugong Machinery Co., Ltd. (No. 203, Jingsan Road, Tianjin Airport Economic Area, China) деген өндірушінің атауы бар абзацтың алдынан екінші және үшінші бағандарда мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:


"Caterpillar (Qingzhou) Ltd. (No. 12999 Nanhuan Road, Qingzhou City, Shandong Province, China, 262500)

18,50".

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары:

      Caterpillar (Qingzhou) Ltd. (No. 12999 Nanhuan Road, Qingzhou City, Shandong Province, China, 262500) шығарған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына 2017 жылғы 24 қарашадан бастап 2018 жылғы 20 қарашаға дейінгі кезең аралығындағы әкелінген, қуаты 250 а.к. дейінгі бұрылмайтын және бұрылатын қайырмасы бар шынжыр табанды бульдозерлерге қатысты демпингке қарсы баж төлеуді қамтамасыз ету сомасын кедендік құнның 18,50 пайызы мөлшерінде демпингке қарсы баж төлеудің есебіне жатқызуды және оны Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттамаға (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) қосымшада көзделген тәртіппен есепке алу мен бөлуді жүзеге асыруды;

      кедендік құнның 18,50 пайызы ставкасы бойынша есептелетін демпингке қарсы баж сомасынан асып кететін қамтамасыз ету сомасын Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде көзделген тәртіппен төлеушіге қайтаруды жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады