Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестердің тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 202 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 9-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестер тізбесіндегі 63-позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"63. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуға, соның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаны (электрондық қолтаңба) өзара тану механизмдерінің көмегімен сатып алуға өзара қатысуын қамтамасыз ету үшін қажетті мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу саласында мәліметтер алмасуды қамтамасыз ету"

2019 жылғы
ІІІ тоқсан

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады