Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 12 мамырдағы № 53 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 18 желтоқсандағы № 209 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібінің 50-тармағының бірінші абзацын ескере отырып, сондай-ақ Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 16 өкімінің 4-тармағын орындау мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағының "Темекі өнімдеріне арналған техникалық регламент" (КО ТР 035/2014) техникалық регламентінің өтпелі ережелері туралы" 2015 жылғы 12 мамырдағы № 53 шешімінің 1-тармағының "а" тармақшасының екінші абзацында және "б" тармақшасының үшінші абзацында:

      тиісті септіктегі "техникалық регламент күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған" деген сөздер алып тасталсын;

      2. Армения Республикасының Үкіметі осы Шешім күшіне енген күннен бастап уәкілетті органдардың айналымға шығарылған өнімдерге Армения Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2019 жылғы 15 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады