2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 28-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында, көрсетілген Шарттың 51-бабының 1-тармағына және 52-бабының 1-тармағына сәйкес:
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден электр байланысы құралдарын шығарушылардың электр байланысы құралдарының мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкесітігін растау кезінде өтініш берушілер ретінде болуы мүмкіндігін 2018 жылғы 1 қарашаға дейін қамтамасыз ету сұралсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтар, ақпарат, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі алқасының мүшесі (Министрі) К.А. Минасян осы өкімнің орындалуына мониторингті қамтамасыз етсін.
3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жаряланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Мамин Ж.Разаков А.Силуанов