Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 9 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 5 шешімі.


      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 92-бабының 6-тармағына сәйкес Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:

      Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 9 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының 5.2-тармағы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Комиссия мүше мемлекеттердің сезімтал тауарларға қатысты қабылдаған (әзірлеген) құқықтық актілерінің (актілер жобаларының) тізілімін Одақтың ресми сайтында жүргізуді және орналастыруды қамтамасыз етеді.

      Тізілім Сезімтал тауарларға қатысты консультациялар жүргізу тәртібінің 18-тармағына және (немесе) сезімтал тауарларға қатысты ұлттық өнеркәсіптік саясатты іске асырудың жоспарланған бағыттары туралы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерді өзара хабардар етуге (№ 3 қосымша) және Комиссия жүргізетін мүше мемлекеттердің сезімтал тауарларға қатысты құқықтық актілер әзірлеу және қабылдау мониторингі нәтижелеріне сәйкес мүше мемлекеттердің келісуі бойынша мүше мемлекеттер ұсынған ақпарат негізінде қалыптастырылады".


Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения
Республикасынан
 
 

Беларусь
Республикасынан
 
 

Қазақстан
Республикасынан
 
 

Қырғыз
Республикасынан
 
 

Ресей
Федерациясынан
 
 



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады