1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде электр қозғалтқыштары бар доңғалақты көлік құралдарын жасауды және пайдалануды ынталандыруды қамтамасыз ету жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Армения Республикасының Үкіметімен, Беларусь Республикасының Үкіметімен, Қазақстан Республикасының Үкіметімен, Қырғыз Республикасының Үкіметімен және Ресей Федерациясының Үкіметімен бірлесіп, осы Өкіммен бекітілген жоспарда көзделген іс-шараларды пысықтасын және мүмкіншілігне қарай іске асыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2018 жылғы 27 қарашадағы №23 өкімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде электр қозғалтқыштары бар доңғалақты көлік құралдарын жасауды және пайдалануды ынталандыруды қамтамасыз ету жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар
ЖОСПАРЫ
Іс-шараның атауы | Іске асыру нысаны | Орындау мерзімі | Орындаушы |
I. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде электр қозғалтқыштары арқылы ғана қозғалысқа келтірілетін доңғалақты көлік құралдарын (бұдан әрі - электр қозғалтқыштары бар доңғалақты көлік құралдары), олардың жинақтауыштарын, сондай-ақ зарядтау және сервистік инфрақұрылым объектілерін жасауды ынталандыруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар | |||
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) электр қозғалтқыштары бар доңғалақты көлік құралдарын, олардың жинақтауыштарын, сондай-ақ зарядтау және сервистік инфрақұрылым объектілерін жасауды қолдау шаралары жүйесін жетілдіру және іске асыру, соның ішінде көзделетіндер: | |||
салықтық жеңілдіктер ұсынуды, электр қозғалтқыштары бар доңғалақты көлік құралдарын, олардың жинақтауыштарын, оларды жасауға арналған жабдықтарды, зарядтау және сервистік инфрақұрылым объектілерін қоса алғандағы іріктеу мен субсидиялау, сондай-ақ тиісті ҒЗТКЖ қаржыландыру |
мүше мемлекеттердің актілері |
2018-2020 жылдар |
мүше мемлекеттердің үкіметтері (қаржыландыру көздері бар болған кезде) |
2. Мүше мемлекеттерде жасалмайтын, электр қозғалтқыштары бар доңғалақты көлік құралдарын жасау үшін арналып қойылған жинақтауыштардың жекелеген түрлеріне, зарядтау және сервистік инфрақұрылым объектілеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауы үшін дайындау және ұсыну | мүше мемлекеттердің ұсыныстары | 2019 – 2020 жылдар | мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары |
3. Электр қозғалтқыштары бар доңғалақты көлік құралдарын және олардың жинақтауыштарын жасаушы - кәсіпорындардың кооперациялық тізбегінің, сондай-ақ олар өндіретін өнімнің тізбесін қалыптастыру |
мүше мемлекеттердің ақпараты |
2019 – 2020 жылдар |
мүше мемлекеттердің үкіметтері, |
II. Мүше мемлекеттерде электр қозғалтқыштары бар доңғалақты көлік құралдарын пайдалануды ынталандыруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар | |||
5. Мүше мемлекеттерде электр қозғалтқыштары бар доңғалақты көлік құралдарын пайдалануды ынталандыру жөніндегі шаралар жүйесін жетілдіру және іске асыру, соның ішінде көзделетіндер: | мүше мемлекеттердің актілері | 2018 – 2020 жылдар | мүше мемлекеттердің үкіметтері |
электр қозғалтқыштары бар доңғалақты көлік құралдары үшін ақылы автомобиль жолдары бойынша тегін жүру құқығын беру | |||
электр қозғалтқыштары бар доңғалақты көлік құралдарына қоғамдық көлікке арналған жолақ арқылы жүріп өту құқығын беру | |||
пайдаланылған тартқышты батареяларды жинау, сақтау және кәдеге жарату жөніндегі инфрақұрылымды дамыту | |||
6. Өз аумағында электр қозғалтқыштары бар доңғалақты көлік құралдарына арналған зарядтау және сервистік инфрақұрылым объектілерін орналастыратын ұйымдар үшін жеңілдіктер жүйесін жетілдіру және іске асыру | мүше мемлекеттердің актілері | 2018 – 2020 жылдар | мүше мемлекеттердің үкіметтері |
7. Электр қозғалтқыштары бар доңғалақты көлік құралдарына арналған зарядтау және сервистік инфрақұрылым объектілерін салу, сондай-ақ оларды электр желілеріне қосу кезінде рұқсат беру құжаттамасын ресімдеудің оңайлатылған тәртібі жөніндегі шараларды іске асыру | мүше мемлекеттердің актілері | 2018 – 2019 жылдар | мүше мемлекеттердің үкіметтері |
8. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында электр қозғалтқыштары бар доңғалақты көлік құралдарын, олардың жинақтауыштарын, сондай-ақ зарядтау және сервистік инфрақұрылым объектілерін жасау туралы ақпарат алмасу |
|
|
|