Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің майлы дақылдар мен май-тоңмай өнімін өндіру саласындағы ынтымақтастығын дамыту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 18 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 95-бабының 2-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттер) май-тоңмай саласының жай-күйін талдау нәтижелерін назарға ала отырып,

      мүше мемлекеттерде май-тоңмай саласының тұрақты жұмыс істеуін, Одақта майлы дақылдар мен бәсекеге қабілетті май-тоңмай өнімі өндірісін дамытуды, мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің майлы дақылдарды өсіру кезінде өндіріс құралдарының импортына тәуелділігін азайтуды, Одақта өндірілген жоғары қосылған құны бар май-тоңмай өнімінің үшінші елдердің нарықтарына экспортын ынталандыруды, сондай-ақ мүше мемлекеттердің майлы дақылдар мен май-тоңмай өнімін өндіру саласындағы кооперациясын дамыту үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз ету мақсатында

      мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның үйлестіруімен қосымшаға сай тізбеге сәйкес майлы дақылдар мен май-тоңмай өнімін өндіру саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыруды ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 18 ұсынымына
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің майлы дақылдар мен май-тоңмай өнімін өндіру саласындағы ынтымақтастығын дамыту жөніндегі шаралардың ТІЗБЕСІ

І. Ресурстық қамтамасыз ету саласындағы шаралар

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) селекцияны және тұқым шаруашылығын дамыту, сондай-ақ майлы дақылдардың егіс материалының импортын алмастыру мақсатында:

      а) мүше мемлекеттерде шығарылған майлы дақылдар тұқымдарының сорттары мен будандарын енгізуге, соның ішінде еларалық ынтымақтастық пен мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді егін себуден егін жинауға дейін консультациялық сүйемелдеуді қамтитын тиімді маркетингтік саясат жүргізу есебінен енгізуге;

      б) селекциямен және тұқым шаруашылығымен айналысатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық-техникалық базасын, соның ішінде кредиттерді субсидиялауды пайдаланып жаңартуға;

      в) жоғары протеин көрсеткіші бар соя тұқымдарының селекциясын, соның ішінде оның тағамдық сорттарын дамытуға жәрдем көрсетуді ұсынады.

      2. Материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейін арттыру мақсатында мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің кооперациясын дамытуға жәрдемдесу ұсынылады.

ІІ. Ғылыми-зерттеу ынтымақтастығы саласындағы шаралар

      3. Май-тоңмай саласының алдында тұрған өзекті міндеттерді шешу, сондай-ақ оның инновациялық дамуы үшін перспективалық бағыттар қалыптастыру мақсатында:

      а) осы заманғы стандарттарға және мүше мемлекеттердің май өндіру және майды қайта өңдеу ұйымдарының (бұдан әрі – майды қайта өңдеу ұйымдары) қажеттіліктеріне жауап беретін майлы дақылдардың жаңа сорттары мен будандарын алу үшін молекулярлық биологияның және генетиканың жетістіктері саласында тәжірибе алмасуға;

      б) бірлескен салалық зерттеулер, соның ішінде алынған нәтижелерді кейіннен өндіріске енгізу үшін мүше мемлекеттердің қайта өңдеу ұйымдарын, сондай-ақ май-тоңмай өнімінің құрамындағы табиғи және өнеркәсіптік транс-изомерлерді және кондитер өнеркәсібінің өнімдеріндегі тоңмай қышқылдарының транс-изомерлерін айқындау жөніндегі әдістемелерді тарта отырып, пайдалы тағам саласындағы заманауи ұғымға жауап беретін май-тоңмай өнімінің инновациялық рецептураларын әзірлеу жөніндегі зерттеулерді жүргізуге жәрдем көрсету ұсынылады.

ІІІ. Өндіріс саласындағы шаралар

      4. Май-тоңмай саласын теңгерімді дамыту мақсатында:

      а) майлы дақылдарды (сояны, рапсты, күнбағысты) өсіріп-өндіру алаңдарын арттыруды, оларды өсірудің осы заманғы технологияларын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жерлерінің құнарлылығын сақтауды және арттыруды қамтамасыз ететін, мүше мемлекеттерде қолданылатын жер өңдеудің озық практикаларын енгізуді;

      б) мүше мемлекеттердің қайта өңдеу ұйымдары мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері арасындағы өндіріс құралдарын сатып алуға аванс беруге, майлы тұқымдарды тікелей сатып алуды жүзеге асыруға негізделген ұзақ мерзімді қатынастарды дамытуды;

      в) мүше мемлекеттердің аумақтарында, соның ішінде мүше мемлекеттердің қайта өңдеу ұйымдары мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне мемлекеттік қолдау шараларын көрсету есебінен майлы тұқымдарды қайта өңдеуді;

      г) берілген функционалдық қасиеттерімен жоғары қосылған құны бар инновациялық өнімдер (функционалдық тамақтану өнімдері, ферменттелген шрот және т.б.) жасау мақсатында майлы дақылдарды тереңдетіп қайта өңдеудің озық технологияларын енгізуді ынталандыру ұсынылады.

ІV. Экспорттық әлеует саласындағы шаралар

      5. Өзара сауданы дамыту, сондай-ақ мүше мемлекеттерде өндірілген жоғары қосылған құны бар май-тоңмай өнімінің үшінші елдердің нарықтарына экспортын арттыру мақсатында:

      а) көтерме бөлу орталықтарын ұйымдастыруды, мамандандырылған заманауи экспорттық терминалдар салуды қоса алғанда, мүше мемлекеттердің аумақтарында бірлескен инфрақұрылымдық және логистикалық жобаларды іске асыруға;

      б) сыртқы нарықтарға (Үндістан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және т.б.) шығудың маркетинг және баға стратегияларын әзірлеу және іске асыру бойынша тәжірибе алмасуға;

      в) бірлескен сауда миссияларын ұйымдастыруға және мүше мемлекеттердің өндірушілері мен үшінші елдердегі әріптестердің арасында тікелей байланыстарды жолға қоюға жәрдемдесу ұсынылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады