Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 19-бабына сәйкес
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап:
Қосымшаға сәйкес өзгерістерді ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелерді (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 7 қарашадағы № 21 ұсынымына № 1 қосымша) қолдануды ұсынады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 30 қазандағы № 23 ұсынымына ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелерге енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. І томда:
1) ЕАЭО СЭҚ ТН 1211 тауар позициясына түсіндірмелердегі "Осы тауар позициясына сусындарды тікелей хош иістендіру үшін немесе сусындар шығаруға арналған экстрактыларды дайындау үшін пайдаланылатын мынадай өнімдер енгізілмейді:
(а) осы тауар позициясының әртүрлі өсімдіктерінен немесе өсімдіктердің бөліктерінен тұратын қоспалар (2106 тауар позициясы);
(б) осы тауар позициясының басқа топтарға (мысалы, 07, 09, 11 топтарына) енгізілген өсімдік өнімдері бар өсімдіктерінің немесе өсімдіктері бөліктерінің қоспалары (09 топ немесе 2106 тауар позициясы)." деген сөздер:
"Осы тауар позициясына мыналар да енгізілмейді:
(а) тұздықтарға арналған дәмдеуіштер ретінде пайдаланылатын осы тауар позициясының әртүрлі өсімдіктерінен немесе өсімдіктердің бөліктерінен тұратын қоспалар (2103 тауар позициясы);
(б) сусындарды тікелей хош иістендіру үшін немесе сусындар шығаруға арналған экстрактыларды дайындау үшін пайдаланылатын мынадай өнімдер:
(і) осы тауар позициясының әртүрлі өсімдіктерінен немесе өсімдіктердің бөліктерінен тұратын қоспалар (2106 тауар позициясы);
(іі) осы тауар позициясының басқа топтарға (мысалы, 07, 09, 11 топтарына) енгізілген өсімдік өнімдері бар өсімдіктерінің немесе өсімдіктері бөліктерінің қоспалары (09 топ немесе 2106 тауар позициясы)." деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2103 тауар позициясына түсіндірмелердің (А) бөлігінің бесінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Осы тауар позициясына тұздықтарға арналған дәмдеуіштер ретінде пайдаланылатын 1211 тауар позициясының өсімдіктер қоспалары немесе өсімдіктердің бөліктері де енгізілмейді.".
2. V томда:
1) ЕАЭО СЭҚ ТН 9030 тауар позициясына түсіндірмелерде:
ЕАЭО СЭҚ ТН 9030 тауар позициясының атауы мынадай мазмұндағы атаумен ауыстырылсын:
"9028 тауар позициясының өлшеу приборларынан басқа, спектрдің осциллоскоптары, талдағыштары, электр шамаларын өлшеуге немесе бақылауға арналған өзге де приборлар мен аппаратура; альфа-, бета-, гамма-, рентгендік, ғарыштық немесе өзге де иондаушы сәулеленуді анықтауға немесе өлшеуге арналған өзге де приборлар мен аппаратура (+):";
мынадай мазмұндағы ЕАЭО СЭҚ ТН 9030 82 қосалқы позициясына түсіндірмемен толықтырылсын:
"Қосалқы позицияға түсіндірме.
9030 82 қосалқы позиция
Осы қосалқы позицияға интегралдық схемаларды өлшеуге немесе тексеруге арналған приборлар мен аппаратура да енгізіледі.";
2) ЕАЭО СЭҚ ТН 9031 тауар позициясына түсіндірмелерде:
"Қосалқы позицияға түсіндірме." деген сөздер ""Қосалқы позицияға түсіндірмелер." деген сөздермен ауыстырылсын;
ЕАЭО СЭҚ ТН 9031 49 қосалқы позициясына түсіндірменің алдынан мынадай мазмұндағы қосалқы позицияға жаңа түсіндірме енгізілсін:
"9031 41 қосалқы позиция
Осы қосалқы позицияға интегралдық схемаларды тексеруге арналған оптикалық приборлар мен аппаратура да енгізіледі.".