Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары алуы мүмкін өнімді мемлекеттік тіркеу туралы берілген куәліктер туралы мәліметтердің құрамын және осындай мәліметтерді алу тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 2 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 80-бабының 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары сыртқы және ішкі сауданы реттеу кезінде ресімдейтін, соның ішінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау мақсатында кедендік операцияларды жүргізген кезде ұсынатын құжаттардың дерекқорын пайдалану" жалпы процесі шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асырған кезде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының аталған жалпы процесті қолданысқа енгізуді көздейтін өкімі күшіне енгеннен кейін өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (Кеден одағының техникалық регламенттерінің) талаптарына немесе Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімге (тауарларға) қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкестігін растайтын өнімді мемлекеттік тіркеу туралы берілген куәліктер туралы мәліметтерді алуы мүмкін екені белгіленсін.

      2. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары алуы мүмкін өнімді мемлекеттік тіркеу туралы берілген куәліктер туралы мәліметтердің құрамы және осындай мәліметтерді алу тәртібі бекітілсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 15 қаңтардағы
№ 2 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары алуы мүмкін өнімді мемлекеттік тіркеу туралы берілген куәліктер туралы мәліметтердің құрамы және осындай мәліметтерді алу тәртібі

I. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары алуы мүмкін мәліметтердің құрамы

      1. Өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (Кеден одағының техникалық регламенттерінің) талаптарына немесе Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімге (тауарларға) қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкестігін растайтын өнімді мемлекеттік тіркеу туралы берілген куәліктердің мәліметтері:

      а) куәліктің тіркеу нөмірі;

      б) куәліктің берілген күні немесе ресімделген күні;

      в) куәліктің статусы (қолданыста, қолданылуы тоқтатылды, жойылды (қайтарып алынды));

      г) куәлік статусының өзгертілген күні (куәлік тоқтатылған, тоқтатылғаннан кейін қайта қалпына келтірілген, қолданысын тоқтатқан немесе қайта ресімделген жағдайда);

      д) куәлік ресімделген бланкінің типографиялық нөмірі;

      е) өнімді дайындайтын заңды тұлға және оның филиалдары (өндірістері) үшін - дайындаушының атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және өнімді дайындау бойынша қызметті жүзеге асыратын орынның мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайларда айырмашылықтар болған жағдайда) немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін - тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жері және өнімді дайындау бойынша қызметті жүзеге асыратын орынның мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайларда айырмашылықтар болған жағдайда) –;

      ж) заңды тұлға үшін - өтініш берушінің немесе алушының атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжай) және қызметті жүзеге асыратын орынның мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайларда айырмашылықтар болған жағдайда) немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін - тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жері;

      з) мыналарды қамтитын өнім туралы мәліметтер:

      өнімнің атауы;

      өнімнің аталуы (бар болған жағдайда);

      сәйкестендіруді қамтамасыз ететін өнім туралы мәліметтер (мысалы, тип, марка, модель, артикул, шығарылған пішіні және т.б.) (бар болған жағдайда);

      и) куәлікке қосымшада қамтылған мәліметтер (бар болған жағдайда);

      к) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 80 шешімімен бекітілген нысан бойынша берілген және аталған Шешіммен бекітілген Тәртіпке сәйкес өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізіліміне енгізілген өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер үшін мынадай мәліметтер:

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке тұлғаны жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу кезінде берілетін өтініш иесінің немесе алушының тіркеу немесе есепке алу (жеке, сәйкестендіру) нөмірі;

      куәлікті берген мүше мемлекеттің уәкілетті органының атауы және оның орналасқан жерінің мекенжайы;

      оған сәйкес өнім дайындалған құжаттың (құжаттардың) атауы және белгісі;

      оның талаптарға сәйкестігіне куәлік берілген Одақтың құқығына жататын актінің атауы;

      Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (Кеден одағының техникалық регламенттерінің) талаптарына немесе Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімге (тауарларға) қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және кеден аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдердің (тауарлардың) бірыңғай тізбесінің ІІ бөліміне енгізілген өнімге (тауарларға) сәйкестігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер (нөмірін, күнін, мүше мемлекетті аккредиттеу жүйесінде аккредиттелген және Кеден органының сертификаттау жөніндегі органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген сынақ зертханасының (орталығының) атауын, аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірін көрсете отырып зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер хаттамалары, өнімнің көрсетілген талаптарға сәйкестігінің дәлелі ретінде өнімді дайындаушы немесе сатушы (импортер) болып табылатын мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде жеке тұлға ұсынған өзге де құжаттар).

II. Мәліметтерді алу тәртібі

      2. Мүше мемлекеттердің кеден органдарының осы құжаттың І бөлімінде көрсетілген мәліметтерді алуы "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары сыртқы және ішкі сауданы реттеу кезінде ресімдейтін, соның ішінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау мақсатында кедендік операцияларды жүргізген кезде ұсынатын құжаттардың дерекқорын пайдалану" жалпы процесін Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асыру шеңберінде сұрау салу бойынша жүзеге асырылады. Сұрау салу мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:

      а) сұратушы мүше мемлекеттің кеден органы туралы мәліметтер;

      б) әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес куәлік берілген мүше мемлекеттің коды мен қысқаша атауы;

      в) құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес мәліметтер сұратылатын құжат түрінің коды;

      г) куәліктің тіркеу нөмірі.

      3. Сұрау салуды жіберу және мәліметтерді алу кезінде Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпараты бірыңғай жүйесінің ресурстары құрамына енетін анықтамалықтар мен сыныптауыштар, сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңнамасымен көзделген анықтамалықтар мен сыныптауыштар қолданылады.

      4. Құжат туралы мәліметтер болмаған жағдайда, мүше мемлекеттің кеден органына тиісті мәліметтердің жоқ екені туралы ақпарат ұсынылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады