Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес жеміс-жидек толтырғыштарын сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 29 қаңтардағы № 17 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Жеміс және (немесе) жидек езбесінен дайындалған, өнім жемістің және (немесе) жидектің негізгі қасиеттерін сақтай отырып қант және (немесе) тәттілендіретін заттар, тағамдық қоспалар (дірілдететін заттар, органикалық қышқылдар, бояғыштар, консерванттар, хош иістендіргіштер) қосылған немесе қосылмаған, пастерлеуге ұшыраған және тамақ өнеркәсібінде қолданылатын жеміс-жидек толтырғыштар Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2008 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Жеміс және (немесе) жидек езбесінен және жеміс пен жидек шырындарынан дайындалған, қант және (немесе) тәттілендіретін заттар, тағамдық қоспалар (дірілдеткіш заттар, органикалық қышқылдар, бояғыштар, консерванттар, хош иістендіргіштер) қосылған, пастерлеуге ұшыраған және тамақ өнеркәсібінде қолданылатын жеміс-жидек толтырғыштар Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2106 тауар позициясында сыныпталады.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады