Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес гидравликалық майды сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 12 наурыздағы № 28 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Құрамында негізгі компоненттері ретінде 70 % май немесе битуминозды жыныстардан алынған одан да көп мұнай немесе мұнай өнімдері бар, мынадай физикалық-химиялық сипаттамаларға ие:

      65 айн.%-дан аз 250 °С температурада айдалатын (ASTM D 86 эквивалентті әдісіне баламалы ISO 3405 әдісі бойынша);

      85 айн.%-дан аз 350 С температурада айдалатын (ASTM D 86 әдісіне баламалы ISO 3405 әдісі бойынша);

      қайнаудың бастапқы температурасы 345С -тен жоғары;

      хош иісті емес құрамдас бөліктердің массасы хош иісті бөліктердің массасынан асып түсетін;

      сульфатты күлдің құрамы (ISO 3987 әдісі бойынша) 1 мас.%-дан аз;

      сабындану индексі (ISO 6293 әдісі бойынша) 4-тен аз;

      колориметриялық сипаттамасы (ASTM D 1500 әдісі бойынша) 1,0-ден аз;

      ағу температурасы (ISO 3016 әдісі бойынша) 10 °С-тан аз;

      50 0С температурадағы кинематикалық тұтқырлығы (EN ISO 3104 әдісі бойынша) 20 мм2/с-ден артық;

      Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес функционалдық қасиеттерін жақсартатын қоспаларды пайдалана отырып, минералды майлар негізінде дайындалатын станок, престеу және өзге де жабдықтардың гидрожүйелерінде жұмыс сұйықтығы ретінде қолданылатын гидравликалық май Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2710 19 840 0 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады