Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес кітаптарды электрондық форматта оқуға арналған портативтік құрылғыны сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 26 наурыздағы № 45 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Жад модулі, динамикасы, Wi-Fi модулі бар орталық процессордың пластикалық корпусында орналастырылған аккумуляторлық батареядан және көптеген жанасу функциясы бар электрондық сия (Е Ink) технологиясын пайдалана отырып жасалған, мәтіндік, графикалық және аудиофайлдардың әр түрлі типтерін ойнатуға және сақтауға арналған, "Интернет" сымсыз ақпараттық-телекоммуникациялық желісіне қосылу мүмкіндігі бар, жад картасына арналған слотпен, құлаққаптар мен USB-кәбілді қосуға арналған ажыратқыштармен жабдықталған сенсорлық дисплейден тұратын портативтік құрылғы Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8543 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады