Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тірі сүт қышқылды бактериялар негізіндегі препаратты сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 56 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Құрамында лактоза, декстрин, картоп крахмалы, магний стеарат, Е171 титан диоксиді, желатин сияқты қосалқы заттар және т.б бар, адамның асқазан-ішек трактысының микрофлорасын сақтау және реттеу үшін пайдаланылатын тірі сүт қышқылды бактериялар негізіндегі препарат Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 3002 90 500 0 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады