Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 105-бабының 6-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы "Көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды тауарларға арналған декларация ретінде пайдалану тәртібі туралы" № 263 шешімімен бекітілген Көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды тауарларға арналған декларация ретінде пайдалану тәрітібі туралы нұсқаулықтың 12-тармағы мынадай мазмұндағы 123-тармақшамен толықтырылсын:
"123) егер бұрын мұндай тауарлар арнайы кедендік рәсімге орналастыру кезінде тізбе ұсыныла отырып декларацияланған болса, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін (өткізілген) және арнайы кедендік рәсімге орналастырылатын, сондай-ақ арнайы кедендік рәсімнің қолданысын аяқтау мақсатында реэкспорт кедендік рәсіміне орналастырылатын WorldSkills ("Ворлдскиллс") кәсіби шеберлік бойынша ресми халықаралық жарыстар іс-шараларын, Жаңа кезеңнің Халықаралық Ганзей күндері шеңберінде ресми халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде ғана пайдалануға арналған шетелдік тауарлар;".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |