Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Жақтас арқалықтардан тұратын металл конструкцияларды білдіретін, периметрі бойынша қиғаш тіректермен біріктірілген, осындай конструкцияларды өзара біріктіру үшін саңылаулары бар, оператордың көтерілуі үшін сатысы бар, мұнаралы крандардың биіктігін арттыруға (ұлғайтуға) арналған мұнаралы кранның секциясы сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8431 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
К. Минасян |