Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдерге (тауарларға) қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптардың (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарына сәйкес) II тарауының 1-бөлімінің бірыңғай санитариялық талаптары белгіленген тауарлар тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 132 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 57-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 20-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдерге (тауарларға) қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптардың (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарына сәйкес) II тарауының 1-бөлімінің бірыңғай санитариялық талаптары белгіленген тауарлар тізбесіне өзгерістер енгізілсін.

      2. Ресей Федерациясының Үкіметінен белгіленген тәртіппен "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне (КО ТР 021/2011) глицидолға және 3-монохлорпропандиолға қайта есептегенде май қышқылдарының глицидил эфирлері құрамының рұқсат етілген деңгейлерін белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізуді қамтамасыз ету сұралсын.

      3. Осы Шешім осы Шешімнің 2-тармағында көзделген өзгерістер күшіне енген күннен бастап, бірақ осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап 180 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 6 тамыздағы
№ 132 шешіміне
ҚОСЫМША

Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдерге (тауарларға) қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптардың ІІ тарауының 1-бөлімі бірыңғай санитариялық талаптар (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарына сәйкес) белгіленген тауарлар тізбесіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 7.1-тармағында: бірінші бағанда өнімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын: "7.1. Адамның тамаққа және азық-түлік (тағамдық) шикізаты ретінде тікелей пайдалануына арналған өсімдік майлары";

      мынадай позициямен толықтырылсын:

Көрсеткіштер

Рұқсат етілген деңгейлер мг/кг, аспайтын

Ескертулер

Глицидолға шаққанда май қышқылдарының глицидил эфирлері

1,0


      2. 9.1-тармақ мынадай позициямен толықтырылсын:

Көрсеткіштер

Рұқсат етілген деңгейлер мг/кг, аспайтын

Ескертулер

3-монохлорпропандиолдар

0,02

өсімдік ақуыздарының гидролизаттары, соя тұздығы үшін

      3. 12.1.1-тармақтың 2-тармақшасы "Микробиологиялық көрсеткіштер" көрсеткішінің алдында мынадай позициямен толықтырылсын:

Көрсеткіштер

Рұқсат етілген деңгейлер мг/кг, аспайтын

Ескертулер

Глицидолға қайта есептегенде май қышқылдарының глицидил эфирлері

0,05

құрамында сүтсіз майлары бар құрғақ өнімдерге арналған

0,006

құрамында сүтсіз майлары бар сұйық өнімдер үшін

      4. 12.1.2-тармақтың 2-тармақшасында уытты элементтерге, антибиотиктерге, микротоксиндерге, пестицидтерге, меламинге, диоксиндерге қатысты бірінші позицияның бағанында ", глицидил эфирлері, глицидолға қайта есептегенде" деген сөздермен толықтырылсын.

      5. 14.1 тармақтың 2 тармақшасы, 14.2 тармақтың 2 тармақшасы, 14.5 тармақтың 2 тармақшасы, 14.6 тармақтың 2 тармақшасы және 16 кіші бөлімнің 2 тармақшасы "Микробиологиялық көрсеткіштер" көрсеткішінің алдында мынадай позициямен толықтырылсын:

Көрсеткіштер

Рұқсат етілген деңгейлер мг/кг, аспайтын

Ескертулер

Глицидолға қайта есептегенде май қышқылдарының глицидил эфирлері

0,006

құрамында сүтсіз майлары бар өнімдер үшін

      6. 18.7-тармақ мынадай позициямен толықтырылсын:

Көрсеткіштер

Рұқсат етілген деңгейлер мг/кг, аспайтын

Ескертулер

Глицидолға қайта есептегенде май қышқылдарының глицидил эфирлері

0,005



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады