Кәсіпорындардың ветеринариялық-санитариялық мәртебелерінің анықтамалығы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 155 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 58-бабына және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Кәсіпорындардың ветеринариялық-санитариялық мәртебелерінің анықтамалығы (бұдан әрі – анықтамалық) бекітілсін.

      2. Анықтамалық Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі ресурстарының құрамына енгізілсін.

      3. Мынадай:

      анықтамалық осы Шешім күшіне енген күннен бастап қолданылады;

      оператордың анықтамалыққа қатысты функцияларын Еуразиялық экономикалық комиссия орындайды;

      ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану аясында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру кезінде анықтамалықтың кодтық белгіленімдерін пайдалану міндетті болып табылады деп белгіленсін.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 155 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Кәсіпорындардың ветеринариялық-санитариялық мәртебелерінің АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

I. Анықтамалықтан алынған егжей-тегжейлі мәліметтер

Кәсіпорынның ветеринариялық-санитариялық мәртебесінің коды

Кәсіпорынның ветеринариялық-санитариялық мәртебесінің атауы

Кәсіпорынның ветеринариялық-санитариялық мәртебесінің ағылшын тіліндегі атауы

00

шектеусіз

without limitations

10

уақытша шектелген

temporarily restricted

20

күшейтілген зертханалық бақылау

enhanced laboratory control

30

ескерту

warning

40

арнайы талаптар

special requirements

II. Анықтамалықтың паспорты

р/с №

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Коды

027

2

Типі

1 – анықтамалық

3

Атауы

кәсіпорынның ветеринариялық-санитариялық мәртебесінің анықтамалығы

4

Аббревиатурасы

КВСМА

5

Белгіленімі

ЕО027-2019 (1-ред.)

6

Анықтамалықты (сыныптауышты) қабылдау (бекіту) туралы актінің деректемелері

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 155 шешімі

7

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданысқа енгізу (қолдануды бастау) күні

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 155 шешімі күшіне енген күннен бастап

8

Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданылуын тоқтату туралы актінің деректермелері

9

Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданылуы аяқталатын күн

10

Оператор (операторлар)

Еуразиялық экономикалық комиссия

11

Мақсаты

анықтамалық Еуразиялық экономикалық одақтың және ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларды өндіретін, қайта өңдейтін және (немесе) сақтайтын үшінші елдердің кәсіпорындарының ветеринариялық-санитариялық мәртебелері туралы мәліметтерді жүйелеуге және кодтауға арналған

12

Аннотация (қолданылу саласы)

мынадай жағдайда: ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларды өндіретін, шығаратын, қайта өңдейтін және (немесе) сақтайтын ұйымдардың және тұлғалардың тізілімдерін қалыптастыру, жүргізу пайдалану кезінде; Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде қолданылатын электрондық құжаттарды (мәліметтерді) қалыптастыру кезінде пайдаланылады

13

Кілт сөзі

кәсіпорынның ветеринариялық-санитариялық мәртебесі, Еуразиялық экономикалық одақ кәсіпорындарының тізілімі, үшінші елдер кәсіпорындарының тізілімі

14

Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттігі іске асырылатын сала

ветеринариялық-санитариялық шаралар

15

Халықаралық, (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптауыштарды пайдалану

2 – анықтамалықтың халықаралық, (мемлекетаралық, аймақтық) баламалары жоқ

16

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтары (сыныптауыштары) бар болуы

2 – анықтамалықтың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде баламалары жоқ

17

Жүйелендіру (сыныптау) әдісі

1 – жүйелендірудің реттік әдісі

18

Жүргізу әдістемесі

1 – анықтамалықты жүргізудің орталықтандырылған әдістемесі. Анықтамалықтың мәндерін қосуды, өзгертуді немесе алып тастауды Еуразиялық экономикалық комиссияның актісіне сәйкес оператор орындайды. Оператор өзекті мәліметтерді Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық бірыңғай нормативтік-анықтамалық жүйесі ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етеді. Мән алып тасталған жағдайда Еуразиялық экономикалық комиссияның анықтамалықтағы жазбаның қолданысы аяқталуын регламенттейтін актісі туралы мәліметтерді көрсете отырып, анықтамалықтың жазбасы алынып тасталған күннен бастап қолданылмайды деп белгіленеді. Анықтамалықтың кодтары бірегей болып табылады, анықтамалықтың кодтарын, оның ішінде қолданылмайтындарын қайталап пайдалануға жол берілмейді.

19

Құрылым

анықтамалықтың құрылымы туралы ақпарат (жолақтардың құрамы, олардың мәндерінің саласы және қалыптастыру ережесі) осы құжаттың III бөлімінде көрсетілген

20

Деректердің құпиялылық дәрежесі

анықтамалықтан алынған мәліметтер ашық қол жетімді ақпаратқа жатқызылады

21

Қайта қараудың белгіленген мерзімділігі

белгіленбеген

22

Өзгерістер

23

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) алынған егжей-тегжейлі мәліметтерге сілтеме

анықтамалықтан (сыныптауыштан) алынған егжей-тегжейлі мәліметтер осы құжаттың I бөлімінде келтірілген

24

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтерді беру тәсілі

Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталына жариялау

III. Анықтамалық құрылымының сипаттамасы

      1. Бұл бөлім анықтамалықтың құрылымын және деректемелер құрамын, оның ішінде деректемелер мәндерінің саласы мен оларды қалыптастыру ережесін айқындайды.

      2. Анықтамалықтың құрылымы және деректемелер құрамы кестеде келтірілген, онда мына жолақтар (бағандар) қалыптырылады:

      "деректеме мәнінің саласы" – элементтің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;

      "деректеменің мәнін қалыптастыру ережесі" – деректеменің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) ережесін айқындайтын мәтін немесе деректеменің ықтимал мәндерін сөзбен сипаттау;

      "көп." – деректеменің көптігі (деректеменің ықтимал қайталану міндеттілігі (опциялығы) және саны).

      3. Берілетін деректердің деректемелерінің көптігін көрсету үшін мынадай белгіленімдер пайдаланылады:

      1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;

      n – деректеме міндетті, n рет қайталануы тиіс (n >1);

      1..* – деректеме міндетті, шектеусіз қайталана алады;

      n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет қайталануы тиіс (n >1);

      n.m – деректеме міндетті, кемінде n рет және m реттен артық емес қайталануы тиіс (n >1, m >1);

      0..1 – деректеме опциялы, қайталауға жол берілмейді;

      0..* – деректеме опциялы, шектеусіз қайталана алады;

      0.. m – деректеме опциялы, m реттен артық емес қайталана алады (m >1).

      Кесте

Анықтамалықтың құрылымы және деректемелер құрамы

Деректеменің атауы

Деректеме мәнінің саласы

Деректеменің мәнін қалыптастыру ережесі

Көп.

1. Кәсіпорындардың ветеринариялық- санитариялық мәртебелері туралы деректер

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру ережелерімен айқындалады

1..*

1.1. Кәсіпорынның ветеринариялық- санитариялық мәртебесінің коды

Шаблонға сәйкес символдар жолы:
[0-9]{2}

кодтық белгілеу кодтаудың реттік әдісін пайдалана отырып қалыптастырылады

1

1.2. Кәсіпорынның ветеринариялық- санитариялық мәртебесінің атауы

символдар жолы
мин. ұзындығы: 1.
макс. ұзындығы: 1000

орыс тілінде сөз тіркесі түрінде қалыптастырылады

1

1.3. Кәсіпорынның ветеринариялық- санитариялық мәртебесінің ағылшын тіліндегі атауы

символдар жолы
мин. ұзындығы: 1.
макс. ұзындығы: 1000

ағылшын тілінде сөз тіркесі түрінде қалыптастырылады

0..1

1.4. Анықтамалық жазбасы туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру ережелерімен айқындалады

1

*.1. Қолданысы басталатын күн

YYYY-MM-DD форматымен
ИСО 8601–2001 мемлекеттік стандарттарына сәйкес күнді белгілеу

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданылысы басталатын күнге сәйкес келеді

1

*.2. Анықтамалықтағы жазбаның қолданысы басталуын регламенттейтін акт туралы мәлімет

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру ережелерімен айқындалады

0..1

*.2.1. Актінің түрі

нормаланған символдар жолы
Шаблон: \d{5}

актіні халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілер түрлерінің сыныптауышына сәйкес кодтық белгілеу

1

*.2.2. Актінің нөмірі

символдар жолы
мин. ұзындығы: 1.
макс. ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

*.2.3. Актінің күні

YYYY-MM-DD форматымен
ИСО 8601–2001мемлекеттік стандарттарына сәйкес күнді белгілеу

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісін қабылдау күніне сәйкес келеді

1

*.3. Қолданысы аяқталатын күн

YYYY-MM-DD форматымен
ИСО 8601–2001 мемлекеттік стандарттарына сәйкес күнді белгілеу

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданысы аяқталатын күнге сәйкес келеді

0..1

*.4. Анықтамалықтағы жазба қолданысының аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәлімет

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру ережелерімен айқындалады

0..1

*.4.1. Актінің түрі

нормаланған символдар жолы
Шаблон:: \d{5}

актіні халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілер түрлерінің сыныптауышына сәйкес кодтық белгілеу

1

*.4.2. Актінің нөмірі

символдар жолы
мин. ұзындығы: 1.
макс. ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

*.4.3. Актінің күні

YYYY-MM-DD форматымен
ИСО 8601–2001 мемлекеттік стандарттарына сәйкес күнді белгілеу

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісі қабылданған күнге сәйкес келеді

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады