Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес құрамында магний бар препаратты сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 14 қазандағы № 180 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Құрамында белсенді әсер етуші зат ретінде магний тұзы бар, организмдегі магний тапшылығын және онымен байланысты клиникалық симптомдарды толтыру үшін қолданылатын қосымша заттар қосылған препарат сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2106 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады